3. Төмендегі атауларға жан-жақтылы түсінік беріңіз Стилистика ғылымының пайда болуы мен дамуы



бет2/7
Дата26.12.2023
өлшемі209,46 Kb.
#144461
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Логикалық қателіктер
Логикалық қателер — ойлану барысында ойдың бұрыс жолмен кетуінен туындайды. Негізінен ой қорытындысында, пікірде, ұғымдарға анықтама беруде, дәлелдеу мен теріске шығаруда, жалпы ойлау кезінде ойдың логикалық жүйесінің, логикалық заңдардың бұзылуын білдіреді.
Дәстүрлі логикада ежелден Логикалық қателердің мынадай үш түрі анықталды:
Дәлелдеу негізіндегі қателер
Тезиске қатысты қателер
Аргумент келтірудегі қателер, яғни ой қорыту мен пікір формаларынан кететін қателер.
Логикалық қателер :
белгілі бір пікірлерді айту үшін ойлаудың алғышарттарын бұрыс талқылаудан немесе пайдаланудан (мысалы, белгілі бір шарттарда ақиқат болатын кейбір пікір ешбір шарт қоймай-ақ ақиқат деп алынады);
ойлау барысында логика заңдарының бұзылуынан (мысалы, силлогизмде белгілі “терминдерді төрт еселеу”: жалпы терминдердің бар екендігі көрінген сияқты болғандықтан алғышарттар топталады, ал шынында мұндай терминдердің ар жағында түрлі ұғымдар тұрады);
пікірдің қорытындысын бұрыс тал-қылаудан; мұндай пікір осы талдаудың түйіні бола алмайды (мысалы, дәлелдеуде — тезистерді алмастыру), т.б. келіп шығады.
 
Әдебиет тіл және суреттеу
Әдеби тіл — жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші — халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар — бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетикалексика, сөзжасам, грамматикаморфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі — адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл — Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады.[1] Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісініңтатар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.
3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.[2]
 
Суреттеу — әдебиетте әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл[1].
Жазушы кейде шығарма оқиғасын баяндау барысында оқиғаның болған жерімен, оқиғаға қатысушы кейіпкерлермен, олардың жеке басына тән өзгешеліктерімен, оларды қоршаған ортамен таныстырып өтеді. Бұл көбіне суреттеу(сипаттау) жолымен жүзеге асады.
Мысалы, "Бандыны қуған Хамит" әңгімесінде жазушы оқиғаның болған мезгілімен байланыстыра, күзгі табиғаттың әсем суретін береді.




Күн шайдай ашық, жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Жел де жоқ. Хамит жалғыз, бір ескілеу жолмен келеді. Айнала қалың иірім-иірім орман. Бойлап, таласа, жарыса шыққан қайың мен қарағай. Және әредік қалың, қарағаймен жарыса шыққан теректер де көрінеді. Қайың мен терек ағаштардың жапырақтары шалғырт тартып, сарғая бастаған...




деп келіп, жазушы орман арасының далаңқай жерлерінің шабылған шөбін, ойысып қоңырқай, жайма-шуақ биязы күзгі күннің тыныштық қалпын көктемгі табиғат салтанатымен салыстырады. Бірін жан қоздырған шабытты ән, көп кернейдің көркем күйі тәрізді десе, екіншісін алыстан созылған сарынға, нәзік қылды скрипка мен қобыздың сарынына балайды. Сөйтіп, осы арқылы күзгі күннің табиғи суретін жанды түрде көзге елестетеді. Бұл сияқты табиғат көркін суреттеуді пейзаж дейді.
Жазушы бұларға қоса әңгіме кейіпкерлерінің кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киген киім-кешегін де сөз етеді. Бұлайша, шығарма кейіпкерлерінің түр-тұлғасын суреттеу портрет деп аталады. Мысалы, әңгіменің негізгі кейіпкерлерінің портретін жазушы былай суреттейді:




Хамит-ұзынша бойлы, жауырынды, тіп-тік, сұр жігіт. Қыр мұрынды, шүңіріктеу қара кер тобылғы көзді, қырқып жүретін сақалы, мұрты бар. Жасы 25-26 жас шамасында. Сом сұлу денесі ылғи сіңірімен шиырылған күшті көк ет еді. Бар денесі серіппелі көк темірден құйып жасағандай. Түйіліп жазылған қиғаштау қасы мен шұңғылдау көзі Хамитте зор қайрат, үлкен қайсарлық бар екенін көрсетеді. Бет-аузы бүркіттің бетіндей. Қыран бүркіттің түрпілі саусақтарындай күшті, темірдей жұдырықтарын түйіп, кәрін тігіп, кіжініп:
А-а!.. Қандай қылайын! - деп төніп келсе, жөпшеңді кісінің аруағы ұшып кететіндей азамат. Хамит салт атты. Үстінде мұздай қазақша киім. Басында қоңыр тымақ...




Автор Хамиттің батыр тұлғалы портретін толықтыра түсу үшін астындағы сәйгүлік Құбақан атты да қысқаша суреттеп өтеді. Әңгімеде жазушы Хамиттің осы түр-сипатын суреттеумен шектелмейді. Оның қайда істейтіндігіне, айналаға көзқарасына, нені машық ететіндігіне, ерлігіне, ақылдылығына, бір сөзбен айтқанда, мінез-құлқын да әңгімелеп кетеді. Осы сияқты, шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын суреттеу мінездеме деп аталады.
Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады[2].
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет