33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар


Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары



Pdf көрінісі
бет32/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55
Байланысты:
33. Сүйек қосылыстарының-emirsaba.org (1)

61.Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. 
Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұл
шықеттері. (уник-87,40) 
Мойын аумағындағы бұлшықеттерді мойын бұлшықеттері - musculus colli деп атайды. Бұл
бұлшықеттердің күрделі болып келуі эмбрионалдық дамуымен, топографиялық орналасу
ымен, қан тамырлар мен нервтер және фасциялық қабықшаның күрделі болып орналасуын
а тікелей байланысты.
Мойын бұлшықеттері эмбрионалдық дамуына байланысты бірнеше топтарға ажыратылад
ы:
1.
Бірінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: жақ-
тіласты бұлшықеті мен артқы қарынша жатады.
2.
Екінші висцералдық доғадан дамыған бұлшықеттерге: біз-
тіласты бұлшықеті мен теріасты бұлшықеті кіреді.
3.
Желбезек доғадан дамыған бұлшықеттерді төс-бұғана - емізік бұлшықеті құрайды.
4.
Мойынның вентралды бөлігінен дамыған бұлшықеттерге: төс-
тіласты бұлшықеті, төс- қалқанша бұлшықеті, қалқанша тіласты, жауырын — тілас
ты бұлшықеті; иек-


тіласты бұлшықеті, сатылы бұлшықеттер және мойын омыртқалардың алдында орн
аласқан бұлшықеттер жатады.
Ал, топографиялық орналасуына қатысты - беткей және терең орналасқан бұлшықеттерге 
бөлінеді.
1.
Беткей бұлшықеттеріне келетін болсам. Олардың өзі үш топқа ажыратылады:

Мойын тері асты бұлшықеті - musculus platysma өте нәзік , жалпақ. Ол musculus pec
toralis major et musculus deltoideus-
ті жабатын шандырдан басталып , бұлшықеттің артқы будаларымен бастың беткей 
шандырына , ал алдыңғы будаларымен ауыз бұрышына бекіп
, кейбір ымдау бұлшықеттеріне яғни musculus depressor labii inferioris , musculus risorius-
қа жалғасады. Функциясы: мойын терісін төменге тарту , ауыз бұрышын түсіру.

Төс - бұғана - емізік бұлшықеті - musculus sternocleidomastoideus, оның екі басы аж
ыратылады. Оның медиалды басы - manubrium sterni алдыңғы бетінен, ал латералд
ы басы - еxtrеmitas sternalis claviculae басталып, шүйде сүйектің жоғарғы желкелік с
ызықшасының бүйір бөлігіне бекінеді.Функциясы: бұлшықет бір жақты жиырылға
нда басты өз жағына бұрады және екі жакты жиырылғанда басты шалқайтады.

Тіласты сүйегіне бекитін жоғарғы бұлшықеттерге келетін болсам:
Олардың бірі төменгі жақ-
тіласты бұлшықеті - m.mylohyoideus, тіласты сүйегінің бағытын жоғары-
төмен тарту функциясын атқарады. Ал, m.digastricus - төменгі жақ сүйегін төменгі бағытқа
тартады. Ал, m.styiohyoideus - жиырылу кезінде тіласты сүйегін жоғарыға тарту
функциясын жасайды. Иек-тіластылық бұлшықет-
m.geniohyoideus, төменгі жақсүйегін төменге қарай қозғалтады.

Тіласты сүйегіне бекитін төмен бұлшықеттеріне тоқталып өтетін болсам...Олардың
бірі - m.sternohyoideus. Функциясы: жиырылу сәтінде тіласты сүйегін төменге тарт
у. Ал, төс- қалқанша бұлшықетінің - m.sternothyroideus функциясы – көмейдің бағы
тын төменге тарту. Келесі қалқанша-
тіласты бұлшықеті - m.thyrohyoideus, көмейдің бағытын тіласты сүйегіне тартуды қ
амтамасыз етеді. Ал, жауырын-
тіласты бұлшықеті - m.omohyoideus жалпақ екі қарыншадан тұратын бұлшықет бол


ып табылады.Функциясы –
тіласты сүйегінің бағытын төменге, артқы бағытқа тартуды қамтамасыз етеді.
2.
Мойынның терең орналасқан бұлшықеттері - медиалды және латералды топтарға б
өлінеді.

Латералды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.
1.
Алдыңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus anterior, 1-
ші қабырға құрылмының жоғарғы бетінде сатылы бұлшықеттің төмпесіне бекиді. 
Функциясы: терең тыныс алуға қатысу және мойын омыртқаларын жиырылу бағыт
ына қарай бұру болып саналады.
2.
Ортаңғы сатылы бұлшықет - musculus scalenus medius, бесінші-
алтынша мойын омыртқалардың қабырғалық өсіндісінің төмпешігінен басталады ж
әне терең тыныс алуға қатыасады,мойын омыртқасын алға қарай бүгеді.
3.
Артқы сатылы бұлшықет - musculus scalenus posterior болса, 2-
ші қабырғаның сыртқы бетіне бекиді. Функциясы : I және II қабырғаларды көтереді
, омыртка бағанының мойын бөлімін бүгеді.
4.
Ең ұсақ сатылы бұлшықет - musculus scalenus minimus, 1-
ші қабырғаны және плевра қапшығындағы күмбезді көтеру функциясын атқарады.

Медиалды топ бұлшықеттері 4 топқа бөлінеді.
1. Мойынның ұзын бұлшыкеті - musculus longus colli мойынның барлық бөлігін сонымен қ
атар жұтқыншақтың және өнештің артында орналасқан. Функциясы: екіжақты жиырылған
да мойынды алдыңғы бағдарға бұрады, бір жақты жиырылғанда өзі жағына бұрады. 2.Баст
ың ұзын бұлшықеті - musculus longus capitis III - VI мойын омыртқалардың көлденең өсінд
ілеріндегі алдыңғы төмпешіктерінен басталып, шүйде сүйектің төменгі бетіне дейін жалға
сады. Функциясы: екі жақты жиырылғанда басты алға бұрады, бір жақты жиырылғанда өз 
жағына бұрады .
3.
Бастың алдыңғы тік бұлшыкеті - musculus rectus capitis anterior, қысқалау бұлшықет
болып саналады , ауыз омыртқа құрылымының алдыңғы доғасы бөлімінен басталы
п, шүйде сүйектің төменгі бетіне бекінеді. Функциясы: басты алға иеді.
4.
Бастың латералды тік бұлшықеті - musculus rectus lateralіs ол ауыз омыртқасының к


өлденең өсіндісінен басталып шүйде сүйектің латералдық бөлігіне бекінеді. Функц
иясы: басты бүйір қапталына қарай ию.
Мойын бұлшықеттерінің шандырлық қабықтары – fascia cervicalis, В.Н Шевкуненко бойы
нша 5 табақшаға бөлінеді.
-
Мойын бұлшықеттерінің беткейлік фасция табақшасы - fascia colli superfiсialis, ол кеудені
ң беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады.
-
Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы - lamina superfiсialis fas
ciae colli ргоргіае. Бұл табақша, мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқ
ан бұлшықеттер мен, қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды.
-
Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы - lamina profunda fasciae
colli propriae, немесе жауырын-
бұғаналық, fascia omoclavicularis деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-
бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция тәрізденіп орналасқан.
-
Мойынның ішкі фасциялық табақшасы - fascia endocervicalis, төртінші табақшаны құрайд
ы.
-
Алдыңғы омыртқалық фасция - fascia prevertebralis ол мойынның тереңде орналасқан бұл
шықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет