33. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі. Үздіксіз сүйек қосылыстары. Үздіксіз байланыстар



Pdf көрінісі
бет35/55
Дата30.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#111925
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
33. Сүйек қосылыстарының-emirsaba.org (1)

2. Мойынның меншікті шандыры
, f.cervicalis propria, екі бөліктен тұрады: тіластыастыл
ық және тіластыүстілік. Тіластыастылық бөлігі 3 табақшадан тұрады:


1.
Мойынның меншікті шандырының беткей табақшасы, lamina superficialis f.cervicali
s propria, бұғаналардың алдыңғы беттері мен төс тұтқасынан басталып тіласты сүйе
гіне дейін барады, төс-бұғана-емізік бұлшық етін қаптап жатады;
2.
Мойынның меншікті шандырының кеңірдекалды табақшасы, lamina pretrachealis f.с
ervicalis propria; жауырын-
бұғана апоневрозы, aponeurosis omoclavicularis; бұғаналар мен төс тұтқасының артқ
ы беттерінен басталып, тіласты сүйегіне дейін барады, тіласты сүйегінен төмен орн
аласқан бұлшықеттерді жауып жатады.
3.
Мойынның меншікті шандырының омыртқаалды табақшасы, lamina prevertebralis f.
cervicalis propria, бассүйек негізінен басталып, ІІІ кеуде омыртқасының денесіне де
йін барады; латералді жағында ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділеріне б
екитін де, мойынның терең бұлшықеттеріне сүйекті-талшықты құндақ түзеді.
Тіласты үсті бөлігінің 2 табақшасы бар: 
1.
Беткей табақшасы беткей шандырдың астында орналасады; бас аймағында ол f.paro
tidae et masseterica-ға ауысады;
2.
Терең табақшасы жақ-
тіласты бұлшықеттерінің төменгі бетін жабады; бас аймағында ол f.buccopharyngea
-
ға ауысады; бұл табақшалардың арасында қос қарыншалы бұлшықет, жақасты сіле
кей безі орналасады.
3.
Мойынішілік шандыр, f.endocervicalis: париеталді табақшасы, lamina parietalis f.end
ocervicalis, мойын қуысын ішкі жағынан астарлайды да, мойынның тамыр-
нервтік шоғырына талшықты құндақ түзеді; висцералді табақшасы, lamina visceralis
f.endocervicalis, - мойын ағзаларының әрқайсысын (жұтқынщақ, өңеш, көмей, кеңір
дек, қалқанша безі) бөлек қаптайды.
Мойын бұлшықеттерінің шандырлық қабықтары – fascia cervicalis, В.Н Шевкуненко бойы
нша 5 табақшаға бөлінеді.
-
Мойын бұлшықеттерінің беткейлік фасция табақшасы - fascia colli superfiсialis, ол кеудені
ң беткей орналасқан фасциялық қабықшасының тікелей жалғасы болып саналады.
-
Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының беткей табақшасы - lamina superfiсialis fas
ciae colli ргоргіае. Бұл табақша, мойынның тіласты сүйегінен жоғары және төмен орналасқ
ан бұлшықеттер мен, қан тамырлардың және нервтердің фасциялық қабықшасын құрайды.
-
Мойынның меншікті фасциялық қабықшасының терең табақшасы - lamina profunda fasciae


 colli propriae, немесе жауырын-
бұғаналық, fascia omoclavicularis деп аталады. Ол мойынның алдыңғы бөлігінде, төс-
бұғана-емізік бұлшықеттің артында трапеция тәрізденіп орналасқан.
-
Мойынның ішкі фасциялық табақшасы - fascia endocervicalis, төртінші табақшаны құрайд
ы. -
Алдыңғы омыртқалық фасция - fascia prevertebralis ол мойынның тереңде орналасқан бұл
шықеттердің фасциялық қабықшасын құрайды.
Одан бөлек, Париждік атаулар тізіміне байланысты шандыр қабықтары 3 топқа ажыратыл
ады:

Мойын бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасы - lamina superfiсialis. Ол В.Н
.Шевкуненко бұлшықеттерінің беткей фасциялық қабықшасына- lamina superfieialis
colli сәйкес келеді.
-
Алдыңғы кеңірдектік фасциялық қабықша, lamina pretrachealis, ол кеңірдектің алдыңғы қа
пталында орналасқан мүшелердің қынабын қүрайтындықтан, алдыңғы кеңірдектік фасция
лық табақша - lamina pretrachealis деп аталады.
-
Алдыңғы омыртқалық фасциялық табақша, үшінші шандырлық табақша болып табылады.
Қорыта келе, мойын бұлшықеттерінің шандырлық қабықтарын В.Н Шевкуненко атап өтке
н классификациясын қолданады. Себебі, ол хирургиялық тұрғыдан қарағанда өте қолайлы 
және тиімді болып табылады деп ойлаймын!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет