№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014



Pdf көрінісі
бет19/19
Дата02.01.2017
өлшемі4,99 Mb.
#977
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

 
Литература 
1 Шейман Л.Н., Соронкулов Г.У. Кыргызы, казахи и другие народы Востока в 
мире Пушкина. – Бишкек, 1997. – С. 58-97. 
2 Щербанова Н. Уральская осень Пушкина // Литературная газета. 
3 Джуанышбеков Н. Свет Пушкина в Казахстане. – Алматы, 2006. 
4 Журнал «Русский язык в казахской школе . – Алматы, 2000. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
161 
МҦХАМЕТҒАЛИ Ақан Серікҧлы, 
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысыҚазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ШИНТАЕВА Оразкҥл Кушекбаевна, 
дарынды балаларға арналған ҥш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының бастауыш сынып мҧғалімі, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
БЕЙБІТШІЛІК ҦЯЛАҒАН БӘЙТЕРЕК 
 
Астана – әйбат қала, 
Келесің әйбаттана! 
Еліме тірек болып, 
Тұр соғып жүрек болып! 
Мақсатым:  Бәйтеректің  шығу  тарихы  мен  мағынасын  жете  түсіну.  Алып 
монументтің  техникалық  сипатымен  және  оған  үлес  қосқан  құрылысшылармен 
танысу. 
Міндетім:  «Астана-Бәйтерек»  монументін  кӛруді  аңсап  жүрген  балалар  мен 
мектеп оқушыларына оның қыр-сырын таныстыру. 
Тәжірибелік мәні: сыныптан тыс іс-шараларында кеңінен қолдануға болады. 
Жҧмыс  барысы:  Астанаға  арнайы  қыдырып  барып,  Бәйтерекпен  таныстым. 
Сол жердегі қызметкерлермен әңгімелесіп, кӛп мағлұмат жинадым. Бәйтерек туралы 
шығармалар оқыдым. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
162 
Әр елдің ӛз болашағын айқындайтын тарихы болады. Сондай кезеңдердің бірі 
– Астана қаласының Сарыарқа тӛріне қоныстануы. 
Тәуелсіздік  туы  кӛгімізде  желбіреген  күннен  бастап,  еліміз  үшін  жаңа  күн 
туды. Ӛзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз және тӛл теңгеміз дүниеге келді. 
Халқымыздың жүзінде қуаныш ұялап, барлық ісіміз ӛрге домалады. Кӛптеген жаңа 
бастамалар орын алды. 
Тіпті  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  еш  жүрексінбестен  еліміздің 
астанасын  Алматыдан  Ақмолаға  ауыстырып,  оны  ӛзі  «Астана»  деп  атады.  Бұған 
кейбір адамдар теріс пікір білдірді. Астананың дәл осылай жайқалып, қала болуына 
күмәнмен қарады. 
Бірақ,  ондай  адамдардың  күмәні  мен  пікірлері  жеңіліс  тапты.  Сӛйтіп  1998 
жылғы  10  маусымда  ресми  түрде  елордамыз  Астана  болып,  Алматыдан  Ақмолаға 
ауысты. 
Астана ӛте серпінді дамуда. Бастапқыда ондағы халықтың саны небәрі 225 мың 
адам  болса,  қазіргі  таңда  жарты  миллионнан  асып  кетті.  Есілдің  жағасында, 
Сарыарқаның  тӛрінде,  інжу  маржандай  Ақорда  мен  Бәйтеректі  ұлықтаған  Астана 
«Әлем қаласы» атанып, кӛркімен де, кӛлемімен де тӛрткүл дүниені мойындатты. 
2002  жылғы  30  тамызда  Еуразияның  кіндігі  Астананың  тӛрінде  Елбасымыз 
Н.Ә.  Назарбаевтың  идеясымен  елорданың  символына  айналған  «Астана-Бәйтерек» 
монументі  салынды. Оның биіктігі  97 метр. 97 саны кездейсоқ емес, ол елорданың 
Алматыдан  Астанаға  ауысқан  мезгілін  білдіреді.  Бұл  монумент  қазақ  елі  тамырын, 
жеті  қабат  жер  астына  жіберген  мәуелі  бәйтеректей  тереңге  жіберген  ел  екенінің 
дәлелі іспеттес. 
«Тамырым менің тереңде, 
Жапырағым  биікте»,  -  деп  ақын  жырлағандай,  әлі  де  тамыр  жаямыз,  ӛсеміз, 
ӛркендейміз деген мағынаны білдіреді. 
«Астана-Бәйтерек»  монументі  елордамыз  Астана  қаласының  негізгі  нышаны, 
оның басқаларға мақтана кӛрсететін белгісі болады. 
Монумент  ұзын  темірлі  құрылымнан,  шыныдан,  металдан,  бетоннан 
тұрғызылған.  Бәйтеректің  ортасында  ӛмір  мен  үміт  беретін  алтын  жұмыртқа  күнге 
қол  созып  тұрғандай  әсер  береді.  Алып  шардың  түсі  хамелеон  шынылармен 
кӛмкерілген. Күннің сәулесіне шағылысып, әртүрлі түс беріп тұрады. 
Құрылым  биіктігі  –  105  метр,  ал  салмағы  –  1000  тоннадан  асады.  97  метрден 
тұратын  монумент  қаланың  кӛркіне  ерекше  сән  береді.  Монумент  негізгі  үш 
бӛліктен  тұрады.  Олар  тӛменгі  (жер  асты),  ортаңғы  (жердегі)  және  үстіңгі 
(аспандағы). 
Тӛменгі  қабаты  немесе  ӛмір  ағашының  нәр  алатын  жер  асты  бӛлігі  4,5  метр 
тереңдікте  орналасқан.  Осы  арада  дәмхана,  аквариум  және  суретші  Ерболат 
Тӛлепбайдың  «Бәйтерек»  шағын  галлереясы  бар.  Келушілер  әйнек  лифтімен  алып 
шарда  орналасқан  кең  шарға  кӛтеріліп,  биіктен  Астанада  болып  жаткан  барлық 
жайттардың куәсі болады. 
Бәйтеректе қонақ болғандар үшін жаңа қаланың макеті бар. Онда Астанада бой 
кӛтерген  ғимараттардың  айқын  бейнесі  суреттелген.  Панораммалық  зал  ортасында 
17 жапырақтан тұратын 17 түрлі  әлем діндерінің  уәкілдері  қол қойған ағаш глобус 
орналасқан. Ал қасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
алақанының  ізі  бар.  Егер  алақанға  қол  қойсаң,  еліміздің  Әнұраны  орындалады.  Ол 
«Аялы алақан композициясы» деп аталады. Сонымен қатар ондағы арнайы дүкеннен 
сан түрлі қазақ бұйымдарын таба аласыз. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
163 
Ғимарат қызметкерлері шетелден және ел ішінен келген қонақтарға қазақ, орыс 
және  ағылшын  тілдерінде  таныстыру  жұмыстарын  жүргізеді.  Олардың  барлық 
қызықтырған сұрақтарына жауап береді. 
Бәйтерек  кешенін  салуға  үлес  қосқан  сәулетшілер  тобын  басқарған  А. 
Рүстембеков,  С.  Базарбаев,  Ж.  Айтбалаев,  инженер-конструкторы  М.  Вахштейн, 
интерьер  дизайншы  А.  Оспанов  секілді  мамандардың  еңбегін  ерекше  атап  ӛтуге 
болады. Сондай-ақ «Архфонд» ЖАК, «Аэропорт» ААҚ, «ЭМК» ЖШС және «Алуа» 
ЖШС  жетекші  фирма  мамандары  үлес  қосты.  Оның  негізгі  идеясының  авторы  – 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев.  Мемлекет  басшысы  осы  Бәйтерек  арқылы  қазақ 
даласының бейбіт ӛмірін ұғындырғандай. 
Ежелгі  ұғым  бойынша  Бәйтерек  –  қасиетке  ие  ағаш.  Жердің  дәл  кіндігінде 
ӛсетін,  тамырын  тереңге  жаятын  алып  ағаш.  Бәйтерек  түрік  сӛзінен  аударғанда 
«Бәй»  –  үлкен,  алғашқы,  ал  «терек»  (парсы  тілінде  –  дарақ)  ағаш  деген  ұғымды 
білдіреді. 
Жалпы  Бәйтерек  туралы  аңыздар  ӛте  кӛп.  Ежелгі  ертегіде  кездесетін  қасиетті 
«Самұрық» айқара жазған кең қанатымен айналасын тұтас жауып ұшып  келеді. Ол 
ӛмірді  ӛркендетіп,  үмітті  ұшқындататын  алтын  алып  жұмыртқа  –  күнді  салу  үшін 
ӛмір ағашы Бәйтерекке ұмтылуда. 
Бәйтерек  үш  әлемді  байланыстырушы  дәнекер  ретінде  де  есептеледі.  Орта 
дүниені  –  адам,  жоғарғы  дүниені  –  қарақұс,  тӛменгі  дүниені  –  жылан,  айдаһар 
мекендеген. 
«Ертӛстік»  ертегісінде  кейіпкер  кенеттен  жер  астына  тап  болады.  Ұзақ 
созылған  сапар  кезінде  үлкен  ағашқа  кезігеді.  Ол  жерде  балапанын  жемек  болып, 
ағашқа  ӛрмелеп  бара  жаткан  жыланды  қылышымен  шауып  ӛлтіреді  де, 
балапандарды азат етеді. Осы ерлігі үшін алып Қарақұс Ертӛстікті жер бетіне алып 
шығады. 
Осы  алып  ағаш  туралы  тағы  бір  аңыз  ӛлім  мен  ӛмірді  байланыстырады  деп 
ұққан. Ел арасында адамдардың жаны киелі теректе сақталады деп санаған. Аңызға 
сенсек,  басы  аспанмен,  түп  тамыры  жер  астымен  жалғасқан  киелі  теректің  әрбір 
жапырағы жер бетінде жасаған адамдардың ӛмірімен теңестірген. Жер бетінде әрбір 
адам Бәйтеректің жапырағы жарылғанда дүниеге келді, ал, жайқалып ӛскенде есейіп 
ӛсті,  жапырағы  сарғайса,  қайғы-қасіретке  ұшырады,  жапырақ  үзіліп,  жерге  түссе, 
қазаға  ұшырады  деп  түсінген.  Осылай  киелі  ағаштың  жапырағымен  ӛмірді 
үйлестірген. 
Бәйтеректің  негізгі  идеясын  ойлап  тапқан  кісі  –  Елбасымыз.  Бұл  идеяны  бір 
түнде  ойлап  тапқан.  Ол  бейбіт  ӛмірмен  келісімге,  жарқын  болашаққа  ұмтылған 
барлық  қазақ  халқының  айқын  мақсатын  түсіндірді.  Астананың  рәміздік  белгісіне 
айналған  Бәйтерек  түрлі  іс-шаралардың,  шығарылып  жатқан кітаптардың  таңбалық 
белгісіне  айналып  отыр.  Астанаға  жолы  түскен  қонақтардың  міндетті  түрде 
Бәйтерекке бас сұқпауы мүмкін емес. 
Әрқашан  Бәйтеректей  еңсеміз  биік,  жапырағымыз  жайқалып,  ӛсіп-ӛнейік. 
Бүгінгі ұрпақ – біздер ертеңгі кемеңгер ұлы тұлға болып, тәуелсіздіктің таңын бірге 
қарсы  алайық.  Бейбітшілігіміз,  ынтымағымыз  мәңгі  және  тәуелсіздігіміз  баянды 
болсын, Қазақстаным! 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
164 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ҤЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» АТТЫ ШЫҒАРМАЛАР 
КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
ЕРКІНОВА Іңкәр Ардаққызы, 
«Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжі» мекемесі 
«Оптика және электрондық жабдықтар» мамандығының 
1 курс студенті, Балықшы елді мекені, Атырау қаласы, 
Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КУМАРОВА Гаухар Еркінқызы, 
«Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжі» мекемесі 
«Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің оқытушысы, Балықшы елді мекені, 
Атырау қаласы, Атырау облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
БӚГДЕ ҒАЛАМШАРДАҒЫ ТІРШІЛІК 
 
Әдеттегідей, күндегіше таңғы сағат жетіде тұрып, беті-қолымды жуып, тез-тез 
киініп,  апыл-ғұпыл  шайымды  ішіп,  үйден  шығып  кеттім.  Аялдамаға  қарай  жүріп 
келемін.  Кӛшеде  адам  кӛп,  ӛмір  үшін  талас,  бәрі  жұмысына,  яки  сабағына  асығып 
барады. 
Сол  бір  баяғы  30  «А»  қоғамдық  автобусына  итерісіп,  қыстырылысып  мініп, 
әйтеуір  соңында  «Мектеп»  аялдамасынан  түстім.  Кӛпірдің  астынан,  содан  соң 
саябаққа,  жан-жағыма,  талдарға  қарап  ойланып,  таңғы  салқын  ауаны  тереңнен 
жұтып қоятыным да бар. 
Тақамен  тық-тық  етіп,  колледжге  келе  жатырмын.  Колледжге  жеттім,  аяқ 
киімімді  ауыстырып,  шешіну  орнына  сыртқы  киімімді  тапсырдым.  Аудиторяға 
келсем,  тым-тырыс,  қап-қараңғы,  отырғыштар  кӛтеріліп  тұр.  Сүйтсем,  ең  бірінші 
мен келіппін, алдыңғы партаға отырып алдым. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
165 
Бүгін  бейсенбі.  Бірінші  болатын  Иманғалиева  Сымбат  Жайжанқызының 
сабағы, яғни физика пәні. Енді-енді жайғаса бергенім сол еді, мұғалім келіп қалды. 
Менен  кейін  тамшылып-тамшылап  басқа  да  студенттер  жинала  бастады.  Бәрі  бір-
бірімен  амандасып,  жайғасып,  ӛздерінің  әңгімесін  айтуда.  Қоңырау  соқылды, 
мұғалім бірден лекциясын бастап кетті. 
Мен  «Атырау  инженерлік-гуманитарлық  институты  колледжі»  мекемесінің  1 
курс  студентімін.  Мамандығым  «Оптика  және  электрондық  құрал-жабдықтар», 
оқуымды бітірген соң «Байланыс технигі» болып шығамын. 
Сымбат  Жайжанқызы  лекция  жаздыртып,  әрі  сабақ  түсіндіруде.  Бүгінгі 
тақырып  ӛте  қызықты  –  «Радиобайланыс».  Бүгін  физикадан  А.С.  Поповтың  1895 
жылғы  7  мамырда  радионы  қарапайым  денелерден,  яғни  сым,  оралған  дене, 
ажыратып қосқыш, тоқ кӛзі, магнит және сымдардан жасақтағаны туралы түсіндірді. 
Мұғалім  кӛп  нәрсе  айтты,  ӛте  қызықты  болды.  Дүниенің  о  шеті  мен  бұ  шетін 
жалғаған радиотолқын, басқа да толқындар жайында айтты. 
Солай-солай  үш  пар  да  бітті.  Күндегідей  12  қоғамдық  автобусына  мінбей, 
қайтадан  саябақта  жүріп  келемін.  Кӛпірдің  үстімен  тіке  «Жұмыскердегі» 
нағашымның  үйіне  жол  тарттым.  Жолда  бүгінгі  ӛткен  тақырыпты,  ӛзімнің 
мамандығымның  қаншалықты  қиын,  әрі  қызықты  екенін,  сонымен  бірге:  «Қалай 
оқуымды  аяқтаймын,  қалай  жұмысқа  тұрам,  қалай  үлкен-үлкен  белестерден  ӛтем, 
қалай  депутат  болам?»  деп  үлкен  ойға  шомып,  болашаққа  кӛз  жүгіртіп,  тәтті 
арманның жетегінде келемін. 
Кенет  кӛлеңкем  жоқ  болып  кетті.  Сол  заматта  ауа-райы  бұзылып,  жел 
ойнақтап,  күн  қара  бұлттанды.  Бірақ  мен  оған  аса  мән  бере  қойған  жоқпын. 
Даладағы шаң ӛзінен-ӛзі жоғарыға кӛтерілді, міне, бұл менің назарымды аудармасқа 
қоймады. 
Басымды  жоғары  кӛтерсем,  қақ  тӛбемде  үлкен  қап-қара  болып  дәл  мен 
кинолардан  кӛргендей  ғарыштық  кеме.  Аң-таңмың,  жүрегім  аузыма  тығылды,  не 
күлерімді, не жыларымды білмеймін, белгісіз бір күш мені сол бір ғарыштық кемеге 
тартты. Қорыққанымнан кӛзімді тарс жұмып алдым, ӛзімді бір қоян жүрек дерсің. 
Кӛзімді ашсам, ғарыш кемесіндемін. Жан-жағыма таңырқай қараймын. Бұрын-
соңды  кӛрмеген  адамдар.  Түр-әлпеттері  мүлдем  басқа.  Әлі  де  толқу  мен  қорқу 
үстіндемін. Менінше, бӛгде планеталықтар. Ӛздеріне қарасам, түр-әлпеттері мүлдем 
басқа болғанымен, корей ұлдары мен қыздарына қатты ұқсайды. Тым сабырлы. 
Мен 
үнімді 
шығармай 
ойланып 
отырмын. 
Әдетте, 
мен 
бӛгде 
ғаламшарлықтарға,  мүмкін  емес  заттарға  сенетінмін. Мүмкін  бүгінгі  сабақ  па,  әлде 
менің  кӛп  ойланғаным  ба,  бәлкім  мен  ерекше  қыз  шығармын,  кинолар  бойынша 
бӛгде ғаламшарлықтар бойында ерекше бір қасиеті бар адамды алып кетуші еді ғой. 
Сонда мен де ерекшемін бе?! Әй, қойшы, басымды қатырып қайтемін. Одан да осы 
бӛгде планеталықтармен танысып кӛрейін. 
Менің  кӛзім  бір  жігітке  түсті.  Ол  кӛптеген  техниканың  қасында  тұрды.  Бұл 
ғарыштық кемені басқарып отырған сол-ау деймін. Ӛзіне қарасам, ашушаң, бірақ ӛзі 
әп-әсем,  ақкӛңіл  сияқты.  Маған  ол  бірден  ұнады.  Қасына  жақындап  бардым.  Ӛзі 
біздің тілді жақсы меңгерген. Оның есімі – Ли33. Міне, қызық, мұндай есімді алғаш 
естуім. Біздің Жер планетамызда мұндай есім мүлдем жоқ шығар, естігендер тіптен 
күлкісі  келер.  Ӛзі  маған  сондай  әдемі  ғашықтық  кӛзімен  қайта-қайта  қарай  береді. 
Үнсіз бір-бірімізге қарағанымыз болмаса, жарытып әңгіме де айтпадық. 
Тым жақсы келе жатыр едік, компьютер істен шығып, техниканың бірінен ақау 
болып, ӛрт шықты. Мен не істерімді білмедім, қатты шошындым. Ли33-тің етегінен 
ұстап, соған ғана сендім. Мұндай апаттық жағдайда қонуға мәжбүр болдық. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
166 
Біз  бӛгде  планетадамыз.  Айналам  мүлдем  ӛзгеше.  Сипаттап  ӛтсем,  бізге 
мүлдем  ұқсамайды.  Уақыттары  292  сағат  бойы  күндіз,  түн  не  бары  8  сағатқа 
созылады.  Бір  ерекшелігі,  ұйықтамай  жүре  бересің.  Аспандағы  жұлдыздар  ӛте 
жақын орналасқан, түстері әп-әсем қызыл, сары, кӛк. Бізде Жердің серігі «Ай» болса, 
мында  «Ио»  деп  аталады.  Фигурасы  үш  бұрышты,  аппақ.  Ӛте  әдәмі,  тіптен  айтып 
жеткізе алмайсың. 
Бұл  жақта  таулар  да  бар.  Олар  ӛте  аласа  келеді.  Қиналмай  мінсе  болады.  Бұл 
планетаның  аты  –  Тримегазейм.  Бұл  жақта  қызық  кӛп.  Бір  қызығы  бӛгде 
планеталықтар  ұйымшыл,  олардың  президенті,  яки  басшылары  жоқ.  Ешкімге 
бағынбайды,  тәуелсіз.  Әрі  олардың  әрқайсысының  таңғажайып  күші  бар.  Олар  бір 
жерден  екінші  жерге  лезде  бара  алады  және  уақыт  тоқтатып,  ӛзінен  үлкен 
нәселермен қалағанын істи алады. 
Мен  бұлардың  барлығын  кӛрдім.  Бұл  ешқандай  да  құпия  емес.  Егер  жер 
планетасында  бұны  кӛретін  болса,  бірден  репортерлар  мен  тілшілер  ӛздерінің 
фотоаппарттары,  камера,  микрофондарымен  жетіп  келіп,  суретке  түсіріп,  сұрақ 
жаудырушы  еді.  Бӛгде  планеталықтар  бұның  барлыған  ӛздері  қаласа  ойы  арқылы 
істейді.  Әрі  олардың  кӛліктері  басқаша.  Біздің  планетамыздағыдай  бензинді 
құртпайсың,  кӛлікті  кӛлік  айдаушының  кӛңіл-күйі  арқылы  ӛзі  қалаған 
жылдамдықпен  жүреді.  Міне,  керемет!  Мұндайды  бұрын-соңды  кӛрмеппін.  Ауа-
райында бұзбайды. Тримегазеймнің техникасы аса дамыған. 
Осы планатаны аралатқан Ли33 болатын. Екеуміз қол ұстасып келеміз. Жолда 
келе  жатып  бұрышта  жылап  отырған  кішкентай  бӛгде  планеталықты  кӛрдім.  Ол 
маған аш кӛрінді. Түр-әлпеті сұп-сұр, кӛңіл-күйі жоқ. Мән-жайды анықтамақ болып, 
қасына асықпай жақындадым. Танысып, ол жайлы бәрін біліп алдым. Ал оның есімі 
– Джо887. Ӛзі жетім екен. Ӛзін асырап отырған бір әйел бар екен. Яғни, оның ӛгей 
шешесі  ашушаң,  керенау,  жалқау,  бірақ  қулығана  құрық  болмайтын  әйел  екен. 
Байғұс  Джо887-ні  ауыр  жұмыспен  титықтатып,  үй  ішін  жинатқызып,  зыр  жүгіртіп, 
ұрып-соғып,  бір  тойғызбай  аш  құрсақ  ұстайды  екен.  Осының  бәрін  айтқанда  оның 
кӛзінен  еріксіз  жас  кетті.  Мен  оған  кӛмектесуге  белімді  бекем  будым.  Оған  жаңа 
отбасы тауып беруге мақсат қойдым. Бетінен сүйіп, жасын сүртіп, тұрғызып алдым. 
Ол енді менімен бірге. 
Біз  қазір  үшеуміз.  Ли33  пен  Джо887  менің  жүрегімнен  ерекше  орын  алды. 
Бірде  Ли33  мені  тауға  шығуға  шақырды.  Жүрегім  лүп-лүп  етіп  келістім.  Қасыма 
Джо887-ді алып шықтым. Ол қазір бұрыңғыдай емес. Джо887 таза, кӛңілді бала. 
Үшеуміз  серуендеп  жүрміз.  Тауға  да  шықтық.  Тауда  талдар  ӛте  кӛп.  Жеміс-
жидектер  ӛсіп  тұр.  Бұл  жемістерді  мен  мүлдем  білмейді  екем.  Дәмін  татып,  тӛбем 
кӛкке  жеткендей  ерекше  күйге  ендім,  себебі  дәмі  тәп-тәтті,  тамаша.  Маған  қатты 
ұнады. Бірнешеуін алып алдым. Үшеуміз талға сүйеніп отырмыз. Ауасын айтсаңшы, 
сондай таза. Ауа райы не салқын, не ыстық емес. Ӛте қолайлы. Ли33 ӛзінің басынан 
кешкендерін айтып қояды. Керек болса, қалжыңбас та бола алады екен ғой. Қайдан 
екенін  ӛзімде  түсінбей  қалдым,  сол  заматта  ол  маған  бір  құшақ  гүл  сыйлады.  Иісі 
тамаша.  Орнынан  тұрып,  ӛлең  оқып,  ән  де  шырқады.  Дауысы  құлаққа  майдай 
жағады. Ӛзінше сезімін білдіруде. Билеп те берді. Міне, романтика! 
Қасымдағы  Джо887  шиқ-шиқ  күле  берді.  Оның  күлгеніне  мен  қатты 
қуаныштымын.  Ли33  менің  жүрегімді  жаулап  алды.  Содан  соң  асықпай  Ли33-тің 
үйіне  қарай  жүрдік.  Джо887  Л33-тің  арқасында  тәтті  ұйқыға  кетті.  Сүйтіп  үйге 
оралдық. 
Келесі  күні  таң  атысымен,  Ли33-пен  ақылдасып,  Джо887-ге  отбасы  іздеуге 
кірістік.  Содан  Джо887  маған  былай  деп:  «Ӛзін  Ли33-тің  асырап  алғанын 
қалайтынын»  айтты.  Мен  бұны  асықпай  Ли33-ке  түсіндірдім.  Ли33  бірден  келісті. 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
167 
Джо887-нің  қуанышында  шек  жоқ.  Осылай  ӛзімнің  бір  міндетімнен  құтылғандай 
болдым. 
Міне,  осылай  менің  бӛгде  ғаламшардағы  тіршілігім  күнде  ойын-күлкі,  жаңа 
достар,  қызықты  сапарлармен  жалғаса  берді.  Тек  ӛзімнің  Жер  планетамды, 
Қазақстанымды, Атырауымды шексіз сағындым. 
Бірде Тримегазеймдегіге үлкен ғарыштық кеме қонды. Ли33, Джо887 үшеуміз 
сол  жаққа  бардық.  Сол  бір  ғарыштық  кемеден  түскен  ӛзім  белетін  бойы  ұзын,  ірі 
денелі, салмақты, Қазақстан ғарышкері Тоқтар Әубәкіров екен. Кәдімгі кітаптар мен 
теледидардан  кӛріп  жүрген  Тоқтар  Әубәкіров.  Жер  Планетасында  кездеспеген 
Ғарышкермен ӛзге ғаламшарда кездескенім бір ерекше оқиға болды. Міне, ғажап! 
Тоқтар  Әубәкіров  жӛнінде  білетінім,  ол  1946  жылы  27  шілдеде  Қарағанды 
облысы,  Қарқаралы  ауданы,  1-ші  Май  ауылында  дүниеге  келген.  1991  жылы  2-ші 
сәуірде  Кеңес  Одағының  ғарышкерлер  дайындау  орталығында  ғарышқа  ұшу 
дайындығына кірісіп, сол жылы 2-ші қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен 
ғарышқа  ұшты.  1991  жылдың  10  қазанында  жерге  оралғанын  білемін.  Ол  – 
Қазақстанның атын жер-жаһанға жарғызған, мақтан тұтар азаматы. 
Мен  Тоқтар  атама  басымнан  ӛткен  оқиғаны  бастан-аяқ  айтып  бердім.  Ӛзі 
жайлы  естеліктерді  ӛз  аузынан  есіткім  келіп  еді.  Оны  құп  кӛрмегендей  сыңай 
танытты.  Уақыты  да  жоқ  болатын.  Тек  ӛзінің  бірнеше  күннен  кейін  аздаған 
зерттеулер  біткеннен  соң  Жерге  ұшатынын  айтты.  Мен  Тоқтар  Әубәкіровпен  бірге 
жерге  оралуға  шештім.  Бұны  Ли33  пен  Джо887-ге  айттым.  Олар  қатты  қамығып, 
мені жібергісі келмеді. Әттең, ӛзіммен бірге ештеңе алып кетуге болмайды. Бірақ та 
ойымда біршама қызықты естеліктер бар ғой. Сол естеліктерім жаныма медеу болар. 
Уақыт зырлап ӛте шықты, жерге ұшатын күнімізге жеттік. Джо887-нің жүзінен 
қазір  күлкі  кетпейді.  Мен  ойын  алаңына  барып,  Джо887-ге  ұзақ  қарап  тұрдым  да, 
оған жақындап, бетінен сүйіп, қоштастым. Жылы сӛздерімді  айтып, тағы да келуге 
уәде  бердім.  Джо887  мені  қатты-қатты  құшақтап,  жылап,  әзер  жіберді.  Сонан  соң 
Ли33-пен үнсіз бір-бірімізге қарап тұрдық, аздан соң менің де, оның да кӛздерімізден 
жас тамшылай бастады. Ол маған: «Сенсіз ӛмір сүре алмаймын. Сен менің ӛмірімнің 
мәнісің», - деді. Оны да қатты құшақтап, сағынатынымды айттым. Джо887-ге қамқор 
болуын  ӛтіндім.  Оны  жетімсіретпей  жақсы  кӛр  дедім.  Әрі  оған  бақыт  тіледім. 
Джо887-мен  бақытты  болуын  тіледім.  Сүйтіп  жыламсырып,  әзер-әзер  қоштастым, 
сонаң соң Джо887 мен Ли33 мені шығарып салуға келді. 
Тоқтар  Әубәкіров  ұшуға  дайын  тұр  екен.  Мен  Ли33  және  Джо887-ге  тағы  да 
келуге уәде бердім. Ли33 ақырында маған ақ жол тілеп, қимай-қимай қоштасты. 
Тоқтар  Әубәкіровтың  қасына  жайғастым.  Жерге  қайта  оралатын  болдық. 
Тоқтар  Әубәкіров  маған  жуан,  қатқыл  үнмен:  «Ұшуға  дайынсың  ба?»  -  деді.  Мен: 
«Иә»,  -  деп  қысқа  қайырдым.  Сӛйтіп,    жоғарыға  кӛтеріліп,  жәймен ұшып  барамыз. 
Мені  шығарып  салуға  Ли33  пен  Джо887  ғана  емес,  бӛгде  ғаламшарлықтардың 
барлығы келді. Ғарыш кемесінің кішкентай ғана терезесінен планетаның барлығы да 
түгелдей  дерлік  маған  қол  бұлғағаны  анық  кӛрініп  тұр,  ӛздерінше  шығарып 
салғандары болатын. Бӛгде планетадағы тіршілік деп осыны айт! Тамаша! 
Алда  –  зор  үлкен  жол.  Біз  Тоқтар  Әубәкіровпен  жерге,  Қазақстанға  жол 
тарттық. Сол жолда мен маужырап, ұйықтап кетіппін. 
Кӛзімді ашсам, ӛзімнің үйімдемін. Сағат тілі жетіге жетіп, оятқыш шырылдап 
жатыр. Сабаққа бару қажет. Сӛйтсем, міне, ғажайып, бұл – менің түсім екен! 
Ұйқымнан оянғым-ақ келмеді, жалғасын кӛре бергім келді. Бірақ, амал нешік, 
асқақ армандарыма жету үшін ұйқыны азайтуым керек. 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
168 
СЫДЫҚ Нҧрбибі Әбдірахманқызы, 
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» ММ 
6 «А» сынып оқушысы, Қызыл әскер елді мекені, Ақтӛбе ауыл әкімшілігі, 
Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: МАМБЕТОВА Бибігҥл Бурихановна, 
«Қаныш Сәтбаев атындағы №92 жалпы орта мектебі» ММ 
«Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің мҧғалімі, Қызыл әскер елді мекені
Ақтӛбе ауыл әкімшілігі, Сарыағаш ауданы, Оңтҥстік Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
БЕСІК ЖЫРЫ – ҦЛТЫМЫЗДЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Жылда  Елбасымыз  халыққа  жолдауларын  жолдайды.  Онда  халықтың 
тұрмысын жақсарту туралы айтылады. Президентіміз жастарды білім алуға, оларды 
жұмыспен қамтамасыз етуге шақырады. Табиғатты қорғап, оны аялауға, кейінгі жас 
ұрпаққа мұра етіп қалдыруға, айналамызды жасыл желекке айналдыруға үндейді. 
Елбасымыздың халыққа жолдауында айтылғандай, бәсекеге қабілетті дамыған 
елдердің  қатарына  қосылуымыз  үшін  біз  кӛп  еңбек  етуіміз  керек.  Дамыған 
мемлекеттер барлық жағынан алдыңғы қатарда. 
Осы  тақырып  бойынша  мектепте  кӛптеген  іс-шаралар  болды.  Сынып 
жетекшілеріміз  ашық  сабақтар  ӛтті.  Ал  мен  ӛз  елімді,  туған  ауылымды  жанымдай 
жақсы  кӛремін.  Ӛзімізге  тән  ұлттық  құндылықтарымыздың  бәрін  білемін  және 
оларды мақтан етемін. 
Барлық  салт-дәстүрлерімізді  ӛте  жақсы  білеміз.  Біз  оларды  ӛз  орнында 
қолданып  жүрміз.  Оларды  қадірлеймін.  Себебі  отбасымызда  ата-анам  ылғи 
дәстүрлерді ұмытпуды, ӛз орнында қолдануды айтып отырады. 
Мен осы тақырып бойынша зерттеулер жүргізіп кӛрдім. Себебі қанша дамыған 
мемлекет  болсақ  та,  салт-дәстүрлеріміз  біздің  асыл  мұрамыз  болып  қалады.  Салт-
дәстүрлеріміз тарихымызбен терең байланыста болып келеді. Салт-дәстүрлеріміздің 
ішінде мені қызықтырғаны – «Бесік жыры». 
Бесік жырын бәріміз жатқа білеміз, әрине. Себебі кӛп балалы отбасында ӛткен 
соң  жастайымыздан  естіп  ӛстік.  Анамыз  іні-қарындастарымызға  күн  сайын  айтқан 
соң оны жақсы білеміз. Барлығымызды анамыз әлдилеп, ақ бесікке бӛлеп, әлдилеп, 
бесік жырын айтқан. Бұл шындықты барлығымыз мойындаймыз. 
Сол  бесік  жырын  айтқанда  аналарымыз  арман,  тілектерін  де  әнге  қосқан. 
Бесіктегі  бӛбегі  келешекте  жақсы  адам  болуын  Құдайдан  тілеген.  Мұны  бесік 
жырынан да білуге болады. Бесіктегі бӛбегін ең жақсы нәрселерге теңеген. 
Бесік  жыры  арқылы  тәуелсіздікті  де  аңсағанын  білеміз.  Соғысқа  кеткен 
жолдасын, оның аман-есен оралуын да тілегенін бесік жыры арқылы айтып отырған. 
Бесіктегі  баласынан  кӛп  үміт  күтетіндігін,  оның  батыр,  ақын,  би,  жақсы  адам 
боларын әуенмен жеткізе білген. 
Сосын  бесік  жырының  әуені  де  ӛте  құлаққа  жағымды  болған.  Естіген  кезде 
шынымен  де  ұйқың  келеді.  Сӛздері  мағыналы,  бар  махаббатпен  айтылғандығы 
білінеді. Әжелеріміз бен аналарымыз қандай дана, парасатты болған десеңші! 
Ал бүгінгі күнге келсек... Теледидарды қоссаң, қорқынышты фильмдер қаптап 
кеткен.  Ұлттық  дәстүрді  дәріптейтін  ештеңе  жоқ.  Шет  елдердің  мағынасыз 
сериалдары  бізге  не  береді?  Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз  тек  қана  кітапта  қалып  қоя 
ма  екен  деп  қорқамын.  Қазақтың  батыр  ұлы  Бауыржан  Момышұлы:  «Мен  бесік 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
169 
жырын айтпайтын әжелерден қорқамын»,  - деген екен. Ал біз бесік жырын бәріміз 
тыңдап ӛстік. Аналарымыз әлі күнге дейін бесік жырын айтады. 
Бесікке бӛленіп ӛскен баланың бір ерекшелігі – бесігін аңсап тұратындығында. 
Ондай  бала  ӛзінің  бесігіне  жатпаса,  мазасызданып,  ұйықтамай  қояды.  Бала  әбден 
тойған  сәтте  анасы  бесікті  жайлап  тербете  отырып,  бесік  жырын  айтатын  болған. 
«Қазақтың 3-4 жасар баласының тілі жатық, ал 5-6 жастағы балалар шешен әрі тауып 
сӛйлейді, ойын ұтымды жеткізе біледі»,  – деп таңдана жазған екен жер аударылып 
келген поляк революционері А. Янушкевич ӛз естеліктерінде. Әйгілі А. Затаевичтің: 
«Бүкіл  қазақ  даласы  ән  салып  тұрғандай…»,  -  деуінің  астарында  кӛп  сыр  бар.  Ал 
мұның  басты  себебі  баланың  бесік  жырын  тыңдап  ӛскендігінде  жатыр.  Сондықтан 
жақсылар мен жайсаңдардың барлығы ӛмірге ерте келіп кеткен бе сонда? 
Елбасымыз: «Ел болашағы – жастардың қолында», - дейді. Жастарға білім алу, 
кәсіп үйрену үшін барлық  жағдай жасалған.  Содықтан біз білім алғанда оқып қана 
қоймай, оқығанды ӛмірде қодана білуіміз керек. 
Мен радиодан естідім: қазіргі жастар ӛте дарынды, білімді болып келеді дейді. 
Ия,  дәл  солай  болсын.  Ӛзіміздің  салт-дәстүрлерімізді  ұмытпай,  оны  ұрпақтан-
ұрпаққа  жалғастыра  берейік.  Меніңше,  ауылды  кӛркейтіп,  бар  жағдайларын  жасау 
керек. Себебі бесік жырын ауылда ғана айтатын сияқты. 
Олай деп айтуыма себеп – Астанаға тұрмысқа шыққан әпкеміз бӛпелі болғанда: 
«Бесік  керегі  жоқ»,  -  депті  ондағылар.  Естігенде  жағасын  ұстады  үлкендер.  Бірақ 
бесікті алып барды ата-анасы. Кейінірек естідік, бесік әкелгендеріне алғыс айтыпты. 
Енді бесік болмаса баласы ұйықтай алмайды екен. Енді мұны естіген соң қазақтың 
салт-дәстүрлеріне тағы да таң қалып, қызығасың. 
Мұны  айтқан себебім – қаншалықты дамыған, алдыңғы қатарлы ел болсақ та 
салт-дәстүрлерімізді  ұмытпауымыз  керек.  Бесік  жыры  біздің  салт-дәстүрлеріміздің 
ішіндегі  ең  маңыздысы  болып  қалады  мен  үшін.  Себебі  бесік  жыры  айтылса, 
қазағымыздың  саны  кӛбейіп,  бала  ата-анасының  махаббатына  бӛленгені  емес  пе? 
Бесік жыры айтылса, еліміздің тыныштығы мен отбасының амандығы емес пе? 
Бесік жыры ешқашан ӛзінің мән-мағынасын жоғалтпасын деп тілек білдіремін. 
Қазақтың  бесік  жырының  қадыр-қасиеті  арта  берсін!  Әр  отбасында  бесік  жыры 
шырқалсын!  Ӛсіп  келе  жатқан  жас  ұрпақ  салт-дәстүрді  жанына  серік  қылып  ӛссін. 
Сонда ғана біз әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосыламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
170 
МАЗМҦНЫ / СОДЕРЖАНИЕ 
 
1.  «Елорда  ғылыми  хабаршысы  –  Научный  вестник  столицы  –  Scientific 
messenger  of  the  capital»  ғылыми  журналының  «Білім»,  «Журналистика», 
«Қоғамдық  байланыс»  және  «Саясаттану»  сериялары  бойынша 
редакциялық алқасы............................................................................................4 
2. Редакционная коллегия научного журнала «Елорда ғылыми хабаршысы – 
Научный  вестник  столицы  –  Scientific  messenger  of  the  capital»  по  сериям 
«Образование»,  «Журналистика»,  «Связь  с  общественностью»  и 
«Политология».....................................................................................................5 
3.  The  editorial  board  of  the  scientific  journal  «Elorda  ġylymi  habaršysy  – 
Naučnyj  vestnik  stolicy  –  Scientific  messenger  of  the  capital»  on  the  series 
«Education», «Journalism», «Public Relations» and «Political Science».............6 
Білім және жаратылыстану ғылымдары – 
Образование и естественные науки 
4. Yespagambetov Y., Yang H. Impact of oil pollution on soil biological activity 
and bioremediation approaches of oil-polluted soil...............................................7 
Әлеуметтік ғылымдар – Социальные науки 
5.  Жақып  М.Қ.  Қазақстандағы  үкіметтік  емес  ұйымдардың  қалыптасу 
ерекшеліктерін «Қоғамдық байланыс» саласы тұрғысынан талдау.............16 
Гуманитарлық білім – Гуманитарное образование 
6.  Сабитов  Ж.М.  К  вопросу  о  времени  возникновения  Казахского 
ханства.................................................................................................................26 
7.  Сабитов  Ж.М.  К  вопросу  о  времени  появления  кимаков  на  территории 
Казахстана...........................................................................................................30 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми, ғылыми-
әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар 
8.  Абдурахманова  А.Ж.  Развитие  критического  мышления  через  чтение  и 
письмо в начальной школе................................................................................34 
9.  Абдурахманова  М.Ж.  Современные  педагогические  технологии  в 
обучении английскому языку...........................................................................43 
10. Әбішева З.Ә. Электролиттік диссоциациялану теориясы тұрғысынан тұз 
ерітінділерінің химиялық қасиеттері...............................................................49 
11.  Қыдырмолдина  А.Б.  «Физика»  пәнін  оқытуда  экологиялық  білім  беру 
мәселелері...........................................................................................................54 
12. Отанов С.Б. Мектеп оқушыларын асық ойыны арқылы отансүйгіштікке 
тәрбиелеу............................................................................................................57 
13. Султашева З.Ш. Тесті пайдаланудың тиімділігі.......................................63 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік 
жұмысы» атты ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік 
жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
171 
14. Джанизакова  Т.Т. Балабақша жағдайында ұлттық  педагогика  негізінде 
ұрпақ тәрбиелеу..................................................................................................73 
15.  Игилманова  С.Е.  Родители  –  первые  воспитатели  и  учителя 
ребенка................................................................................................................80 
16. Қуанышқалиева А.К. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты 
дамуында трансформер ойыншығының маңызы............................................89 
17.  Оснач  М.В.,  Есембекова  Б.А.  Развитие  эстетического  восприятия  у 
детей  предшкольного  возраста  путем  использования  нетрадиционных 
технологий по изодеятельности.......................................................................98 
18.  Сағындықова  Т.О.  Бейнелеу  ӛнерінің  жүрек  пернесін  қозғалтар 
құдіреті..............................................................................................................103 
19.  Тажибаева  М.  Балабақшада  халықтық  педагогика  түрлерін  қолдана 
отырып, бала бойында танымдық қабілеттері мен қызығушылық сезімдерін 
қалыптастыру...................................................................................................110 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар 
конкурсына түскен жұмыстар 
Жаратылыстану ғылымдары 
20. 
Жақсылық 
А.Б., 
Аппазова 
Л. 
Арифметика. 
Математика. 
Геометрия..........................................................................................................118 
21.  Канатова  Д.Ж.,  Нуртанова  Ж.Ж.  Біз  дұрыс  тамақтанып  жүрміз 
бе?......................................................................................................................124 
22.  Мақсат  Г.Е.,  Байдильданова  Б.Ж.  Ғажайып  алдамшы  кӛріністер  және 
олардың күнделікті ӛмірде қолданылуы........................................................126 
23. 
Мейрамбек  А.Б.,  Кожахметова  Ж.С.  Қазақ  жерін  улаған 
гептил................................................................................................................131 
24. Нармахан М.С. Араб еліндегі математика және араб сандары.............133 
25.  Рахметалиева  А.Б.,  Татибекова  Г.Қ.  Қазақстандағы  дәрілік 
ӛсімдіктердің  сан  алуандылығы  және  адам  ағзасына  келтіретін 
пайдасы.............................................................................................................137 
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар 
26. Амангелді А.Қ., Байырова Ж.Р. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы қос 
сӛздердің мағыналық ерекшеліктері..............................................................143 
27. Кәкім Б., Токушева Ж.Қ. Махамбет Ӛтемісұлы жас ұрпаққа рух беретін 
ұлы қолбасшы және батыр..............................................................................150 
28.  Молдажанова  С.,  Нурекеева  К.А.  Казахстан  и  русский  поэт  А.С. 
Пушкин.............................................................................................................154 
29. Мұхаметғали А.С., Шинтаева О.К. Бейбітшілік ұялаған Бәйтерек......161 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік жас қаламгер» атты шығармалар конкурсына 
түскен жұмыстар 
30. Еркінова І.А., Кумарова Г.Е. Бӛгде ғаламшардағы тіршілік.................164 
31.  Сыдық  Н.Ә.,  Мамбетова  Б.Б.  Бесік  жыры  –  ұлтымыздың  асыл 
қазынасы...........................................................................................................168 

№№4-9(49-54), сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September, 2014         ISSN 2307-020X 
Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital 
______________________________________________________________
 
 
 
 
172 
Елорда ғылыми хабаршысы • ғылыми журнал
 
Научный вестник столицы • научный журнал  
 
Scientific messenger of 
the capital • scientific journal
 
 
 
Жазылу индексі: 74643 
 
Қолжазбалар әдеби ӛңделеді және қайтарылмайды. 
Авторлардың кӛзқарасы, ұстанымы сақталады. 
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты. 
Олардың байлам-тұжырымдары редакция кӛзқарасымен 
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар 
кӛшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда 
«Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы 
– Scientific messenger of the capital» 
ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс. 
 
 
Біздің банктегі есепшоттарымыз: 
 
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, 
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ47 9261 5011 5395 6000, 
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ, 
«Журналда ғылыми мақала жариялау». 
 
 
Наши банковские реквизиты: 
 
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші», 
БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000, 
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк», 
«Опубликование в научном журнале статьи». 
 
 
Директор Жақып М.Қ. 
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты 
баспа орталығында беттеліп, басылды. 
Басуға 27.09.2014ж. қол қойылды. 
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman. 
Ризографиялық басылыс. Кӛлемі 10,75 шартты баспа табақ. 
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №2709. 
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич кӛшесі, №4 үй, №213 бӛлме.
 

Document Outline

  • z79
  • z80
  • z87
  • z88
  • z90
  • z91
  • z113
  • z114


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет