4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Жер қойнауының ұғымы және жалпы сипаттамасы



бет45/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

1. Жер қойнауының ұғымы және жалпы сипаттамасы.

2. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері.

3. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм шарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін экологиялық негiздеме болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiк экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға беру кiрген және "Қоршаған ортаны қорғау" бөлiмi бар барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын ұсынуға міндетті. Жер қойнауын пайдалану кезiндегi жалпы экологиялық талаптар: жер қойнауын Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалану; кен орнын игерудiң арнаулы әдiстерiн қолдану есебiнен жердің үстіңгі қабатын сақтау; жердің техногендiк шөлейттенуiн болғызбау; барлау, өндiру кезiнде, сондай-ақ барлаумен және өндiрумен байланысты емес жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануға беру кезiнде қауiптi техногендiк процестердiң пайда болуынан сақтандыру шараларын қолдану; жер қойнауын су басудан, өрттен және кен орындарын пайдалану мен қазуды қиындататын басқа да дүлей факторлардан қорғау; жер қойнауының, әсіресе мұнайды, газды немесе өзге де заттар мен материалдарды жер астында сақтау, зиянды заттар мен қалдықтарды көму кезiнде ластануын болғызбау; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, тоқтату, тоқтатып қою, кен орнын игеру объектiлерiн консервациялау мен жою жөніндегі белгiленген тәртiптi сақтау; қалдықтарды жинап қою мен орналастыру кезiнде экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарын салу жұмыстары басталмас бұрын ұтымды схема бойынша, сондай-ақ ұңғымаларды бұрғылауда тармақты тәсiлдi қоса алғанда басқа да әдiстердi пайдалану, iшкi үйiндiлер жасау технологиясын қолдану, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеудiң қалдықтарын пайдалану арқылы бұзылатын және бүлiнетiн жердің аумағын азайту; топырақтың жел эрозиясына ұшырауын, аршу жыныстары және өндiрiс қалдықтарының құлауын, олардың тотықтануы мен өздiгiнен жануын болғызбау; сiңiрме және тұщы су қабаттарының ластануын болғызбау үшін оларды оқшаулау; жер асты суларының сарқылуын және ластануын болғызбау, оның iшiнде жуғыш сұйықтарды дайындағанда уытсыз реагенттердi қолдану; бұрғылау ерiтiндiлерiн тазалау және қайталап пайдалану; бұрғылау және жанар-жағармай материалдарының қалдықтарын экологиялық қауiпсiз тәсiлмен жою; мұнай кен орындарында қабатаралық қысымды сақтау жүйесiнде мұнай кәсiпшiлiгi сарқынды суларын тазалау және қайтадан пайдалану негiзгi экологиялық талаптар болып табылады. Нормативтiк көрсеткiшке дейiн тазартылмаған сарқынды суды жер қойнауына ағызуға тыйым салынады, бұл ретте пайдалы қазбалармен бiрге шыққан суды қайтадан айдау, сондай-ақ мемлекеттiк экологиялық сараптаманың және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да сараптамалардың оң қорытындысын алған жобалар мен технологиялық регламенттерде көзделген пайдалы қазбаларды өндiруге арналған технологиялық ерiтiндiлердi жер қойнауына айдау сарқынды суды ағызу болып табылмайды. Жер қойнауын пайдаланушы: жұмыстарды жүргізудiң халықаралық практикада қабылданған стандарттарға негiзделген неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдауға; жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердiң, халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға мiндеттi. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметiнiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерi болып табылады және мынадай талаптар сақталған кезде орындалуға тиiс: ұңғымалар мен тау-кен өндiру конструкциялары берiктiгi, технологиялылығы және экологиялық қауiпсiздiгi жағынан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау шарттарын қамтамасыз етуге тиiс; дизельдi-генератор және дизельдi жетегi бар қондырғыларды қолдана отырып, бұрғылау және жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да операциялар кезiнде атмосфераға осындай қондырғылардан тазартылмаған газдардың шығарылуы олардың техникалық сипаттамасына және экологиялық талаптарға сәйкес келуге тиiс; құнарлы жерде және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде жер қойнауын пайдалану жөніндегі құрылыстарды салу кезiнде жабдықтарды монтаждауға дайындық жұмыстарын жүргізу процесiнде аумақтың құнарлылығын кейiннен қалпына келтiру үшін құнарлы қабат алынады және жеке сақталады; уытты заттардың табиғи объектiлерге көшуiн болғызбау үшін технологиялық алаңдарды гидрологиялық оқшаулай отырып, жер қойнауын пайдаланудың қалдықтарын ұйымдасқан түрде жинау мен сақтаудың инженерлiк жүйесi көзделуге тиiс; пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымаларға айдау жүргiзiлетiн ауданда жақын жердегi ұңғымалардағы, бұлақтардағы, құдықтардағы судың сапасына қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiлген жоспар бойынша су пайдаланушылардың күшiмен жүйелi зертханалық байқаулар ұйымдастырылуға тиiс. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезiнде: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану, өнеркәсiп қауiпсiздiгi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген жерасты су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсерлердiң нормативтерiн сақтауға; 2) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен аккредиттелген өзiнiң немесе өзге де лабораторияларға ағызылатын сулардың химиялық құрамын анықтауды қамтамасыз етуге; 3) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарына ластаушы заттардың авариялық ағызылғаны туралы, сондай-ақ жерасты суларын алудың белгiленген режимiнiң бұзылуы және оларға суларды ағызу (айдау) объектiсi туралы шұғыл ақпаратты беруге мiндеттi. Мыналарға: 1) құрылыс салуға бүлiнген учаскенiң шегiнен тыс жерлерде өсiмдiктердi және топырақ жабынын зақымдауға; 2) жер қойнауын пайдалану қалдықтарын жерүстi су объектiлерiне және жер қойнауына төгуге; 3) егер жерасты сулары объектiлерiнiң жай-күйiне әсер етсе немесе әсер ететiн болса, жердi сарқынды сумен суландыруға; 4) шаруашылық-ауыз суларын қамтитын қабаттарға ерiтiндiлер мен материалдарды жiберуге; 5) өнеркәсiптiк, емдiк минералдық және жылу-энергетикалық сарқынды суларды ағызуға арналған сiңiрме ұңғымалар шаруашылық ауыз суымен жабдықтау немесе емдiк мақсаттарға жарамды немесе сол үшін пайдаланылатын су тұтқыш жиектердi ластайтын көздер болуы мүмкiн жағдайларда оларды бұрғылауға; 6) сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарында сiңiрме ұңғымалар мен құдықтар орнатуға; 7) құрамында радиоактивтi заттары бар, пайдаланудан шығарылған суды сiңiрме ұңғымалар мен құдықтарға ағызуға тыйым салынады. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын, сондай-ақ ресурстарының табиғи емдiк қасиеттерi бар жерасты су объектiлерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес санитарлық қорғау аймақтары белгiленедi.

Жер қойнауының мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығымен және 1997 жылға 27 қаңтардағы N 106 Қазақстан Республикасының жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы Ережемен реттеледі. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі — жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды және олардың өзгерулерін анықтау, келеңсіз процестердің салдарларын бағалауды, алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету үшін жер қойнауы жай-күйін байқау жүйесі. Жер қойнауы мониторингінің объектісін, оның субъектілерін, жер қойнауы мониторингінің мақсаттары мен міндеттерін, түрлерін, мазмұнын, жүйесі мен әдістерін ашатын ережелерін басшылыққа ала отырып, жер қойнауы мониторингінің не екенін қарастырайық. Жер қойнауы мониторингінің объектісі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және онда болып жатқан процестер болып табылады. Егер мониторинг объектісінің анықтамасына неғұрлым егжей-тегжейлі келетін болсақ, онда оларға таулы аудандарын, мұнайлы-газды провинцияларды, жер асты суларының бассейіндерін, пайдалы казындылар кеніштерін, оның ішінде жер асты суларын, сулы кешендер мен горизонттарды, су өтпейтін қалың қабаттарды, өздерінде геологиялық процестер жүріп жататын геологиялық денелерді (карст, суффозия, эрозия және т.б.) геофизикалық, сейсмикалық гравитациялық және басқа аландарды, жер қойнауын пайдалану учаскелерін және жер қойнауының ластануын, тау-кені шығарылып жатқан жерді және судың бас сағасын және басқаларын қоса алғаңда, табиғи және табиғи-техногендік жүйелер жатады. Мемлекеттік мониторингті Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық шикізат министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады. Жер қойнауының жай-күйі мен жер қойнауын пайдалану туралы материалдарға ие болатын өзге де министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен орталық атқарушы органдар заңды және жеке тұлғалар оларды Геология және жер қойнауын қорғау комитетіне беруге міндетті болады. Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүйесінде жер қойнауының мемлекеттік мониторинг қызметі ұйымдастырылады. Оған байқаулар қызметі мен республикалық, аумақтық деңгейлердегі ақпараттық-талдау орталықтары жатады. Жер қойнауының мемлекеттік мониторинг қызметіне белгілі бір құқықтар мен міндеттер берілген, олар Қазақстан Республикасының жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы Ереженің 4-бөлімінде сипатталған. Атап айтқаңда, жер қойнауы мемлекеттік мониторингі қызметін басқарудың мемлекеттік органдарынан, қызметтері жер қойнауын пайдаланумен немесе жер қойнауына өзге де ықпалмен байланысты заңды және жеке тұлғалардан жер қойнауы мен жер койнауын пайдаланудың жай-күйі туралы ақпаратты талап етуге; жер қойнауын пайдаланушылардың мониторинггі жүргізуіне әдістемелік басшылық пен бақылауды және өзге де құқықтарды, сондай-ақ жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін ұдайы байқауларын жургізу сияқты міндеттерін, өзгерістерді жинақтауды, оларға талдау жасау мен болжауды жүзеге асыруға құқығы бар. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің мақсаты жер асты суларын, сондай-ақ жер қойнауын басқаруды және жер қойнауын қорғауды қоса алғанда, жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауы мемлекеттік мониторингінің негізгі міндетгері: жер қойнауының жай-күйін байқау; жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйін бағалау; жер қойнауы жай-күйінің өзгеруі болжауларын жасау; жер қойнауы жай-күйі өзгеруінің келеңсіз салдарларын болдырмау, бәсеңдету немесе жою жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; жер қойнауының және жер қойнауын пайдаланудың жай-күйі, оларға келеңсіз ықпал ететін факторлар, сондай-ақ жер қойнауы жай-күйінің өзгеруімен байланысты ықтимал төтенше жағдайлар туралы ақпарат беру; жер қойнауына зиянды ықпал етуді болдырмау, сондай-ақ жер қойнауын экологиялық сауықтыру және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі шаралардың тиімділігін бақылау мен бағалау. Аумақтық басқару саласына, зерделеу қызметіне қарай жер қойнауының мемлекеттік мониторингі мынадай түрлерге бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет