4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


мемлекеттік байқау желілерінің мына түрлері анықталады



бет48/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58
Байланысты:
4-Б лім. Д рісті ЫС аша мазм ны 1-та ырып. Экологиялы ыты

мемлекеттік байқау желілерінің мына түрлері анықталады:

  • жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, техногендік өзгерістерді бағалау кезінде үлгілік өлшеуіш ретінде жер қойнауының табиғи жай-күйін зерттеуге арналған ортаның желісі;

  • жер қойнауының өңірлік ерекшеліктерін, оның ішінде жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді, олардың техногендік ықпалымен табиғи ауытқулары мен келеңсіз көріністерін зерттеуге арналған өңірлік желі;

  • аса күрделі гадрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және тау-кен жағдайлары бар учаскелерде оларға техногендік факторлардың жиынтық ықпалы кезінде маңызды және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жер қойнауы жай-күйінің техногендік өзгерістерін егжей-тегжейлі зерттеуге арналған жергілікті желі.

Ведомстволық байқау желісіне, жер асты сулары мен қауіпті геологиялық процестерді қоса алғанда, осы ведомствоның міндеттерін шешу кезінде жер қойнауы жай-күйін зерттеуге арналған байқау пункттері жатады. Жеке байқау желісі жер қойнауын пайдаланушыға (табиғат
пайдаланушыға) жер, геологиялық және тау-кен жерлерін бөлу шегінде жер қойнауын пайдаланушыға (табиғат пайдаланушыға) лицензиялық келісім шарттар талаптарына сәйкес құрылады және жер қойнауы жай-күйінің, оның ішінде жер асты суларының жай-күйінің техногендік өзгерістерін, және қауіпті геологиялық процестердің дамуын жедел анықтау мен зерттеуге арналған. Жергілікті атқарушы органдардың байқау желісі құрылыстардың жер асты коммуникацияларының және басқа да инженерлік құрылыстардың ықпалымен жер қойнауы өзгерістерін анықтау мен зерттеу үшін қалалардың және басқа да аумақтардың шектерінде
құрылады.

Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүргізу үшін байқаулардың қашықтық аэроғарыштық (аэрогеологиялық және басқа да), жер үсті тұрақты және жылжымалы құралдары мен әдістері, суретке түсіру (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және басқа да), радиогидролиталық-химиялық, арнайы гамма-спектрометриялық және басқа да геоэкологиялық зерттеулер, барлау жұмыстары, сондай-ақ ортаның геологиялық материалдары, байқаулардың ведомстволық, жеке және өзге де желілердегі байқаулар нәтижелері пайдаланылады. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингінің картографиялық базасы топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоэкологиялық және өзге арнаулы карталар болып табылады.

Жер қойнауы кадастрын жүргізуді ұйымдастырудың бірнеше түрі бар. Бұл кеніштердің кадастры, зиянды қалдықтар көмбесінің кадастры, техногендік минералдық түзілістердің кадастры. Кадастрлардың осы түрлерінің сипаттамасы Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығының 59, 60, 61-баптарында берілген. Осы баптарға сәйкес кеніштер мен пайдалы қазындылардың пайда болуының кадастрына негізгі және сонымен бірге жатқан пайдалы қазындылардың, оның құрамындағы компоненттердің саны мен сапасын сипаттайтын әрбір кеніш бойынша мәліметтер кеніштерді игерудің кен-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да шарттары мен оның геологиялық-экономикалық бағалануы, сондай-ақ пайдалы қазындылардың пайда болуының анықталуы бойынша мәліметтер жатады. Зиянды заттар көмбелерінің, радиоактивті қалдықтар мен жер қойнауына сарқынды су тастандыларының мемлекеттік кадастры құрамында көмілген заттардың және сарқынды суларының тастандыларының сандық және сапалық көрсеткіштерін, көмбелер мен қашыртқы сулардың кен-техникалық, арнайы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайларын көрсете отырып, олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Техногендік минералдық түзілістердің мемлекеттік кадастрының құрамында сақтаудың сандық және сапалық көрсеткіштерін, кен-техникалық, экологиялық шарттарын көрсете отырып, техногендік минералдық түзілістердің үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтер болады. Мемлекеттік кадастрдың бұл түрлерін Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті жүргізеді.



ҚР Салық кодексінің 10-бөлімі — "Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу", өндірумен байланысты емес мұнай операциялары мен жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу жөніндегі салық қызметінің ерекшеліктерін реттейді және үстеме пайда салығын; жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерін:
бонустарды: (қол қойылатынын, коммерциялық табуды); роялтиді; өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеу мен төлеу тәртібін белгілейді. Жер қойнауын пайдаланушылар екі үлгіге бөлінеді: — бірінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, кодексте белгіленген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші үлгі — жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ақ осы кодексте көзделген салық пен басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға: экспортқа өткізілетін шикі мұнай, газ конденсатына ренталық салық; роялти; шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын акциз; үстеме пайдаға салынатын салық; жер салығы; мүлік салығы қосылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет