5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы



бет1/14
Дата06.01.2022
өлшемі293 Kb.
#16046
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
5-6 сынып о ушыларына математика п нінен сыныптан тыс саба тар а


Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебі




5-6 сынып оқушыларына математика пәнінен сыныптан тыс сабақтарға арналған есептер жинағы

(оқу-әдістемелік құрал)




Құрастырған: Оқытушы Д. Т. Шахаева

Павлодар қаласы




Алғы сөз
Қазіргі күні балалардың көңілін аулайтын компьютер, ойын-сауық залдарының көбеюіне байланысты оқушыларды мектеп қабырғасында ұстап, олардың білімге деген көз-қарасын арттыру ұстаздардың біраз еңбектенуін талап етеді. Жалпы математика пәнін барлық оқушы тез қабылдап, терең алып кете бермейді. Сол себепті логикалық есептерінің өмірмен байланыстылығы оқушылардың қызығушылығын оятады.

Бұл оқу-әдістемелік құралдың мақсаты – ұстаздарға осында көрсетілген тапсырмаларды математикалық факультативтерде, үйірмелерде пайдаланып, оқушыларға математиканың өмірмен байланысын ашып көрсету; оқушылардың дәстүрлі емес есептерді жүйелеп шығара білуін қамтамасыз ету; логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру және есеп шығаруда кесте құрып, оны пайдалана білуін дамыту.

Қойылған мақсаттар келесі тақырыптарға “Соңынан шығарылатын есептер”, “Логикалық есептер”, “Дирихле принципі”,“Ауыстырып құю есептері” тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асырылады.

Мұнда 5-6 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қолайлы ұластыруға негізделген есептер қарастырылған. Бұл есептер: “Тор қағазда қию есептері”, “Ауыстырып құю есептері” тақырыптарында. Сонымен қатар, бұл тапсырмалар олардың психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін қалыптастырып, мектеп бағдарламасында алған білімдерін толықтырады.

“Арифметикалық есептер”, “Геометриялық есептер”, “Математикалық ребустар” тақырыптарындағы берілген тапсырмаларды 5-6 сынып оқушыларына мектепішілік, қалалық олимпиадаға дайындалуға ұсынуға болады. Кейбір есептерді мектепішілік олимпиада тапсырмалары ретінде де пайдалануға болады.

Барлық есептердің жауаптары құралдың соңында жазылған, кейбір есептердің толық шешуі бар.

Есептер әртүрлі жинақтардан алынып құрастырылған (олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет