Әлихан Бөкейхан атындағы лицей-мектебі
БЕКІТЕМІН
Әлиха Бөкейхан атындағы
Лицей-мектебі
8 «Д» сынып жетекшісі
Магжанова А.О_______________
Қолы: ____________
СЫНЫП САҒАТЫ
(Отбасы құндылықтары)
Орындаған:Талгатқызы Айсауле
Тексерген:Магжанова А.О
Тақырыбы:Отбасы құндылықтары
Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру. Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видео – ролик
Қолданылған құралдар:интерактивті тақта
Күтілетін нәтиже: Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білу керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білу: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек
Әдістері:видеокөрсетілім,топпен жұмыс,пікірталас
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық: Сәлеметсіздер ме оқушылар ! Сынып сағатын бастамай тұрып «Еркелету» жылулық шеңберін құрайық!
(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.
Мұғалім: Қазір мен сендерге сұрақтар қоямын,сендердің міндеттерің сол сұрақтарға жауап беру:ре
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?
Мұғалім: Сұрақтарға жауап беріп болсақ, қысқаша видеоролик қарап өз пікірлерімізді айтамыз
https://youtu.be/HhJyCVwWcY8?si=-Py361DbI8SJx4if
Кері байланыс үшін тақтаға жүректі ілеміз,оқушылар отбасы сөзіне байланысты стикерге ассоциация жазып жабыстырады
Мақалдың «Жалғасын тап...»
1. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
2. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
3. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)
Қорытынды: - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.