««5 әдістен» «50 әдіске»!!!


Жұппен оқып, жұппен мазмұндау



бет17/17
Дата22.11.2022
өлшемі171,5 Kb.
#51863
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Жұппен оқып, жұппен мазмұндау
Сынып оқушылары жұппен (А, Б оқушы) отырады. Берілетін мәтін 2-ге бөлінген. 1-ші бөлімін А, 2-ші бөлімін Б оқушы оқиды. Сосын бір-біріне оқығандарын айтады. Екеуі бірігіп мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Сынып болып сол сұрақтарға жауап береді.
Топпен де орындауға болады. Топта 4 оқушы болса, екеуден бірігіп мәтіннің 1 бөлігін оқиды. Қалған екеуі мәтіннің келесі бөлігін оқып, бір-біріне баяндайды.
Жұмыс столы
Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ өтілген тақырып бойынша сұрақтар құрастырып, басқа топтардың жұмыс столына жапсырады. Топ мүшелері қойылған сұрақтардың жауабын бірлесе іздеп табады. Барлық топ қойылған сұрақтарға жауаптарын түсіндіреді. Егер тақырыптан қалып қойған маңызды жерлері болса, мұғалім өзі сұрақ дайындауына болады.
Бумеранг
Әр топ мүшелері тақырып бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қалған бөлімдері болса, мұғалім өзі сұрақ қоюына болады, әр топқа.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет