5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет153/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История


XVI-
XVIII ғғ. алғашқы үштігіндегі дәстүрлі қазақ қоғамы 
 
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы.   
 
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық 
қатынастар. 
 
Қоғамның саяси құрылымы. 
 
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Қазақтардың заттай мәдениеті. 
 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Курстың  негізгі  міндеттері  және  мәселелері.  Кейінгі  орта  ғасырлар 
кезеңіндегі  Қазақстан  тарихының  әдебиеттері  мен  деректері,  XVIII  ғ.  орыс 
зерттеушілерінің  Қазақстандағы  зерттеулері.  XVIII  ғасырдың  екінші 
жартысындағы – XIX ғғ. Ресей шығыстануында кейінгі ортағасырлық Қазақстан 
кезеңі  бойынша  еңбектер.  Ресей  шығыстанушыларының  (В.  В.  Вельяминов-
Зернов,  В.  Тизенгаузен,  Н.  Веселовский  және  т.  б.)  XV-XVI  ғғ.  Қазақстан 
тарихын  зерттеуге  қосқан  үлестері.  Ш.  Уәлихановтың  еңбектеріндегі 
қазақтардың  этногенезі,  жүздердің  құрылуы,  рулық  құрылым,  қазақтардың 
орналасуы  мәселелері.  XIII-XIV  ғғ.  Қазақстан  тарихын  моңғол  ұлыстарының 
және  мемлекеттерінің  бір  бөлігі  ретінде  XIX  ғ.  зерттеу.  Н.  А.  Аристов 
еңбектерінде  қазақтардың  этникалық  тарихының  зерттелуі.  В.  В.  Бартольдтың 
Жетісу  тарихын,  кейінгі  ортағасырлық  Түркістан  тарихын  зерттеуге,  тарихи 
деректерді  зерттеуге  және  ғылыми  айналымға  қосқан  үлесі.  XX  ғ.  40-50  жж. 
зерттеулердегіҚазақ  тарихының  этникалық  мәселелері,  кейінгі  орта  ғасырлар 
тарихы мәселелері бойынша зерттеулер деңгейлерінің өсуі. XV-XVIII ғғ. Қазақ 
қоғамының  формациялық  деңгейі  туралы  таластардың  қазақ  тарихын  онан  әрі 
зерттеуге  ықпалы.  С.  К.  Ибрагимовтың,  А.  А.  Семеновтың  кейінгі  орта 
ғасырлардағы қазақтардың саяси тарихы мәселелерін зерттеуге үлесі. XX ғ. 60 ж. 
Қазақстан  медиевестикасындағы  деректік  негіздің  кеңеюі.  XX  ғ.  60-90  жж. 
жұмыстарда  Қазақ  хандығы  тарихы,  қазақ  мемлекеттігі  мәселелерінің 
дамытылуы. К. А. Пищулинаның, Т. И. Сұлтановтың, М. Х. Әбусейітованың, О. 
Ф.  Акимушкиннің,  В.  Я.  Басиннің  қосқан  үлесі.  Бұл  кезеңнің  тарихын 
зерттеудегі  тартысты  мәселелер.  Соңғы  онжылдықтардағы  Қазақстан 
аумағындағы мемлекеттіліктің дамуын зерттеу. Қазіргі тарих ғылымында кейінгі 
орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеу міндеттері.  
Бұл  кезең  бойынша  негізгі  жазба  деректер.  Оларды  жіктеу,  сұрыптау. 
Тарихи  қозғалысты  кезеңдеу  принциптері,  зерттеудің  жаңа  көзқарастарын 
іздестіру мәселелері. 


 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет