Курстың мақсаты ғылыми негізде қазақ халқының шығу тегі мәселесін
ашу, қазақ мемлекеттігінің шығуының және оның дамуының, этникалық
территориясының қалыптасуының және ұлттық мәдениетінің қайталанбас
ерекшеліктерін ашып көрсету.
Осыған байланысты мынадай міндеттер қойылады:
-
студенттерді ауқымды фактологиялық материалдармен қазіргі
Қазақстан медиевистикасында қабылданған хронологиялық тиянақтылық,
кезеңдеу негіздерінде таныстыру;
-
кейін орта ғасырлар кезеңіндегі (XIII ғ. басы – XVIII ғ. алғашқы
ширегі) Қазақстандағы этносаяси дамудың бұрынғы түркілік кезеңмен (VI-XII
ғғ.) бөлінбес байланыстылығын көрсету;
-
қазақ халқының қалыптасуының жалпы заңдылықтарын және өзіндік
ерекшеліктерін ашу;
-
Қазақстан медиавистикасындағы моңғол басқыншылығының
салдарлары мәселесі бойынша, Ақ Орда және Көк Орда туралы тарихи
концепциялар, қазақ халқының этногенез мәселесі бойынша, көшпелі халықтар
мемлекеттігінің сипаты туралы және т.б. жөніндегі негізгі айтыстардан хабардар
ету;
-
Қазақтардың ұлттық мәдениетінің қалыптасуының өзіндік
ерекшеліктерін көрсету және студенттерді қазақтардың бай материалдық, рухани
мәдениетімен, сондай-ақ ауыз әдебиетімен таныстыру.