Пәнді оқыту міндеттері және оның мамандар дайындаудағы рөлі:
Пәнді оқыту міндеттері жоғары кәсіби дайындық деңгейі бар, тек фактілік
тарихты ғана біліп қоймай, сонымен бірге өткеннің құбылыстарын түсінуде
ғылыми әдіс-тәсілдерді игерген маманға қойылатын талаптармен анықталады.
Пәннің оқу нысаны Ежелгі Шығыс тарихы, Ежелгі Грекия тарихы және
Ежелгі Рим тарихы болып табылады.
Пәнді оқыту әдіс-тәсілдері: дәрістер, семинар сабақтары, деректерді оқу
мен түсіндіру, баяндамалар.
Аталмыш пәннің басқа ғылымдар арасындағы орны мен рөлі. Басқа
тарихи пәндерден ерекше, «Ежелгі дүние тарихы» алғашқы өркениеттердің б.з.д.
IV мыңж. аяғында қалыптасу себептерін, олардың даму ерекшеліктерін,
экономикалық қатынастарын, әлеуметтік және сословиелік құрылымдардың,
мемлекеттік ұйымның, идеологиялық және діни өмірдің жаңа формаларын 476
жылы Батыс Рим империясының құлауына дейінгі кезеңге дейін қарастырумен
бірге, қоғамның даму үдерісін жалпы алып та қарастырады, қоғамдық өмір
құбылыстарының бүкіл жиынтығын, оның барлық салаларын (экономика, саясат,
мәдениет, тұрмыс және т.б.) және олардың өзара байланыстары мен өзара
шарттылығын талдайды.