6. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу. Сапасын бақылау. Сақтау.Құрал-жабдықтар



бет7/7
Дата16.12.2023
өлшемі25,91 Kb.
#140233
1   2   3   4   5   6   7
Технология ерекшелігі: Тамшылардың аз көлемде босатылуы олардың технологиясына, негізінде нағыз ерітінділердің сүзу сатысына кейбір ерекшіліктер енгізеді. Дәрілік заттың қажетті концентрациясын және көлемін сақтау үшін, дәрілік затты еріткіштің жарты мөлшерінде ерітіп, оны алдын-ала еріткішпен жуылған фильтр арқылы сүзеді, сол фильтр арқылы еріткіштің қалған мөлшерін өткізеді. Тамшылар технологиясында, оның көлеміне байланысты, «қос цилиндрлік» әдіс қолданылады. Бұл тәсіл ерітіндінің көлемін де, концентрациясын да талапқа сай болуын қамтамасыз етеді.
Ішуге арналған тамшылар технологиясының ерекшелігі. Ішкі қолдануға арналған тамшылар көбінесе екі немесе одан да көп фазалардан тұратын біріктірілген дисперсті жүйелер болып табылады. Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік заттардың судағы, тұндырмадағы, сұйық экстрактыдағы және басқа сұйықтықтардағы ерітінділері болып келеді. Тамшыларды дайындау әдісі белгіленген ингредиенттердің физика-химиялық қасиеттеріне, олардың мөлшеріне, А және В тізбелеріндегі заттардың дозаларына, сондай-ақ рецептке енгізілген сұйықтықтардың құрамына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет