6. Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы. Жіктелуі. Сипаттамасы. Тазартылған су. Талаптар. Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу. Сапасын бақылау. Сақтау.Құрал-жабдықтар
6.Сұйық дәрілік қалыптар. Анықтамасы.Жіктелуі. Сипаттамасы.Тазартылған су. Талаптар.Суды дайындау. Дәріхана жағдайында тазартылған суды алу.Сапасын бақылау.Сақтау.Құрал-жабдықтар. Сұйық дәрілік түрлер– суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр.
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік жүйеге жатады. Бұл түрде дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ тәрізді күйде бола алады. Сұйық дәрілік түрлер дәріхананың жалпы экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі:
- қолданутәсілібойынша;
- дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
байланысы бойынша;
- еріткіштіңқұрамыментабиғатыбойынша.
Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі 1. Ішуге қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл микстуралар (Mіxturae) және тамшылар (Guttae).
2. Сыртқақолданылатындәрілер–Medіcamentumadusumexternum.
3. Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus.
Тазартылған суға қатаң талаптар қойылады: - ол мөлдір, түссіз сұйықтық;
- суда көмір ангидриді, нитраттар, нитриттер, хлоридтер, сульфаттар және ауыр металдар болмауы керек;
- құрғақ қалдығы 0,001%-дан аспауы керек;
- аммиак қоспасы болуы мүмкін, оның мөлшері 0,0002%-дан аспауы керек
Сұйық дәрілік түрлерді дайындаған кезде еріткіш ретінде табиғаты әртүрлі заттар қолданылуы мүмкін: а) полярлы: су, спирт; б) полярсыз: көмірсутектер.
Сұйық дәрілік түрлерді дайындауға қолданылатын еріткіштер белгілі бір талаптарға сай болуы керек:
- еріткіштердің еріткіштік қасиетінің жоғары болуы ;
- еріткіштер химиялық және фармакологиялық индифферентті болуы. Химиялық индифференттілік - бұл еріткіш пен дәрілік зат арасында химиялық әрекеттесудің болмауы.
Фармакологиялық индифференттік - еріткіштің ағзаға жағымсыз әсерінің болмауы;
- еріткіштер микроорганизмдердің өсуіне тұрақты болуы;
- жағымсыз иісі мен дәмінің болмауы;
- еріткіштер арзан және қол жетерлік болуы тиіс.