6-тапсырма. Еркін түсу


-тапсырма. Тұрақты магниттер



бет3/10
Дата15.11.2022
өлшемі3,48 Mb.
#50242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8-тапсырма. Тұрақты магниттер


Магнит тарихы екі жарым мың жылдан бері жалғасуда. Көне қытай ғалымдары б.дәуірімізге дейінгі VІ ғ. өзіне темір заттарды тартатын минералды тапқан. Қытайда оны “чу-ши” демек, “сүйгіш тас” деп атаған. “Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д. дейінгі V ғ.) тауып, өзінің бір шығармасында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит — «Магнессия тасы» дегенді білдіреді. Ерте заманда магнит қасиеттерін оның “тірі жаны” бар деп түсінді. Ерте заман адамдары ит етке қалай ұмтылса магнит те темірге солай “ұмтылады” деп ойлайды. Қазір біз мәселе магнит тудыратын ерекше өрісте екенін білеміз. Кез-келген магниттің айналасында магнит өрісі болады. Осы өрісте темірді магнитке тартады. Қазіргі кезде табиғи магнит FeO (31%) және Fe2O3(61%) тұратын магниттік темір кесектері екендігі белгілі морт қара минерал.
Сұрақ 1:
Бұл қара минералдың тығыздығы неге тең?
А. 2000 кг/м3.
В. 5000 кг/м3.
С. 1000 кг/м3.
Д. 3000 кг/м3.
Сұрақ 2:
Магнит өрісі — материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік қасиеттері аса күшті емес, қазіргі кезде магнит өрісі өте күшті жасанды магниттер алынды. Оларды сыртқы магнит өрісінде магниттеп, жеке тұрақты магниттер ретінде қолдануға болады. Жасанды магниттер әр түрлі формада жасалды.



Жасанды магниттер жасау үшін құрамында қандай металдары бар құйма қолданылады?

Иә немесе жоқ

Темір

Иә/ Жоқ

Никель

Иә/ Жоқ

Кобальт

Иә/ Жоқ



Сұрақ 3:
Бағдаршы түрінде жасалған магнит компаста қолданылады. Бұл керемет құрал шамамен екі мың жыл бұрын ойлап табылған. Алғашқы (ерте қытай) компас1-суретте көрсетілген. Ол оңтүстікті көрсеткіш деп аталған. Қазіргі заманғы (қарапайым) компас 2-суретте көрсетілген. 1-сурет пен 2-суреттердіңмагниттік бағдаршаның (компас бағдаршысы) басқа да магниттер сияқты екі полюсі бар. Олардың бірі географиялық солтүстікті көрсетеді, ол солтүстік полюсі (N), екінші ұшы — оңтүстік полюс (S) деп аталады. Осы символдар (атауларымен бірге) кез-келген магниттердің полюстерін белгілеу үшін қолданылады. Екі магниттік бағдаршаны бір-біріне жақындатып, әртекті магнит полюстері бір-біріне тартылатынын біртектес полюстері тебілетінін анықтауға болады. Осы заңдылық кез-келген магниттер үшін дұрыс. Екі магниттік компастың айырмашылығы неде
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сұрақ 4:
Магниттердің қолдану аясы өте кең. Олар тек қана компастарда емес, электро, радио-техникада, роботтық техникада және т.б. қолданылады. Сіздер магниттерді электр қозғалтқыштардан, дыбыс зорайтқыштардан, телефондарда, амперметрлерде, вольтметрлерде және басқа құралдар ішінен таба аласыздар.
Медицинада магниттер қолданыла ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет