7- Зертханалық жұмыс. Тақырыбы: Бір өлшемді жиымдарды өңдеу Жұмыстың мақсаты: Бір өлшемді жиымдарды енгізу шығаруды, жиымдарға циклдерді қолдану арқылы түрлі есептерді шешуді, жиымдарды сұрыптауды үйрену.
Тапсырма: Берілген айнымалыларды енгізу арқылы берілген тапсырманың нәтижесін есептеп экранға шығарыңыз.
Есеп беру: Программа мәтіні мен нәтижесі.
Зертханалық сабаққа нұсқаулық: Жиым (массив) — бір типтегі шамалардың шектелген жиыны. Жиым элементтері бір атпен белгіленеді де, тек индекстерімен (реттік нөмірлері) ажыратылады. Жиым сілтемелі типтерге жатады, сондықтан оларды құру жиым элементтеріне орын бөлуден басталады. Жиым элементтері мәндік және сілтемелік типтерден тұрады да, былай жарияланады, мысалы:
int[] w = new int[10]; // жиымда 10 бүтін сан бар string[] z = new string[100]; // жиымда 100 тіркес бар Бір өлшемді жиымдар программаларда жиі қолданылады. Мысалы, мынадай тізбек
0 1 1 2 3 5 8 13 21
Фибоначчи тізбегінің 9 элементін құрайды (алғашқы екі санды таңдап алып, келесі санды алдыңғы екеуін қосу жолымен алады). Ал мынау өзіне және бірге бөлінетін жай сандар тізбегінің алғашқы 7 элементі:
1 3 5 7 11 13 17 Бір өлшемді жиымдарды қолдану үшін, оларды алдын ала сипаттап алу керек, төменде жиымды сипаттап жариялаудың жазылу нұсқалары берілген:
типі[] аты; типі[] аты = new тип [ өлшемі ]; типі[] аты = { инициалдау_тізімі }; типі[] аты = new типі [] {инициалдау_тізімі}; типі[] аты = new типі [өлшемі] {инициалдау_тізімі}; Бұларға бір-бір мысал:
int[]a; // әзірше элементтері жоқ int[] b = new int[4]; // элементтері 0-ге тең int[] с = { 61,2,5,-9 }; // new жазбаса да болады int[] d = new int[]{61,2,5,-9}; // өлшемі есептеледі