Байланысты: 6 -зертханалық сабақ Бірөлшемді жиымдар
int[] e = new int[4] {61,2,5,-9 }; // өлшемін және мәнін беру Жиым элементтерінің нөмірлері 0-ден басталады. Сондықтан төмендегі мысалдағы алғашқы элементті пайдалану кезінде ол arr_name[0] болып көрсетіледі, ал соңғы элемент arr_name[9] болады, өйткені жиымда 10 элемент бары көрсетілген. Енді жиымдарды қалай мәндермен толтыру керек екендігін қарастырайық, оның екі тәсілі бар. Алғашқы тәсілі – циклде жиымның барлық элементтерін тізбектей отырып, оларға мән беру (пернетақтадан енгізу арқылы немесе белгілі бір формула арқылы есептеу жолымен мән меншіктеу):
int n = 10; int[] arr_name = new int[n]; for (int i = 0; i < n; i++) { Console.Write(" arr_name[ {0} ] = ", i); arr_name[i] = int.Parse(Console.ReadLine()); }
Екінші тәсіл – жиым элементтерінің мәндерін оны сипаттау кезінде бірден сан түрінде көрсетіп кету:
int [] arr_name = new int[] {1, 2, 3, 4, 5}; // немесе басқаша былай int [] arr_name = {1, 2, 3, 4, 5};
Жиымдардың Length деген қасиеті бар, ол қолданыстағы (мәндері анықталған немесе анықталуы тиіс) жиымның жалпы элементтері санын анықтайды. Мысалы, жиымның ең үлкен (максимал) элементін табу үшін келесі циклді қолдана аламыз:
max = arr_name[0]; k = 1; while( k < arr_name.Length) { if( arr_name[k] > max ) max = arr_name[k]; k++; } Енді жиымдармен жұмыс істеу кезінде жиі кездесетін әрекеттерді орындау есептерін қарастырайық. Мұндағы жиымдардың n элементі бар болсын делік.
Элементтер қосындысын табу:
s=0; for(i=0;i s+=a[i]; // s айнымалысында қосындыны жинақтау