7-дәріс. ҚР Қылмыстық құқығының негіздері. Тақырып №7: ҚР Қылмыстық ҚҰҚЫҒының негіздері дәрістің мақсаты


Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары



бет4/5
Дата03.11.2022
өлшемі28,25 Kb.
#47204
1   2   3   4   5
2.2. Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары.
Заңда ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлiктерiнiң жалпы тiзiмi берiлген. Бұған ерлi-зайыптылардың табыстары (жалақысы, зейнет ақысы, материалдық көмек, кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары, т.б.), осы табыстардың негiзiнде жиналған мүлiктер (ортақ мүлiк, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың әрқайсысының мүлкi) және т.б. жатады. Жалпы тәртiп бойынша ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуы олардың қайсысы қандай затты иемденуiне, ол заттың қандай мақсатқа арналғанына және кiмнiң атына жазылғанына байланысты емес. Ерлi-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына қаншалықты үлес қосқаны да әсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармақ) ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiкке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған, немесе басқа да тиесiлi дәлелдi себептермен жеке кiрсi болмаған жұбайға да тиесiлi екендiгiн арнайы ескертедi.
Бiрге тұрған кезде жинаған ортақ мүлiктен басқа, ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi жеке мүлкi болады және оған өздерi дара билiк етедi. Мұндай жеке дара мүлiктерге ерi мен әйелiнiң некеге тұрғанға дейiнгi немесе ерлi-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке мiндеттемелерi бойынша алған заттары, ерi мен әйелiнiң сый ретiнде алған, немесе мұрагерлiк жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киiм, аяқ киiм, т.б.) ерлi-зайыптылардың некеге тұру кезiнде ортақ қаржысына сатып алынған болса да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, басқасының бәрi жатады. Мысалы, әйелiнiң құндыз мантосы, ерiнiң алтын сағаты, т.б. ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып саналады. Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылар өзара келiсiм бойынша иелiк ете алады. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлiкке байланысты өз бетiнше келiсiм жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуi бойынша басқа жұбайдың келiсiмiн алуы қажет. Ортақ мүлiкке байланысты нотариалды рәсiмдеудi талап ететiн мәмiле жасау үшiн (мәселен, тұрғын үйдi сату кезiнде) екiншi жұбайдың жазбаша келiсiмi қажет. Ерлi-зайыптылардың әрқайсысы некенi тоқтатқан сәтте де, сондай-ақ некеде тұрған кезiнде де жалпы ортақ мүлiктi бөлiсудi талап етуге құқылы. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлiске салғанда, олардың үлестерi тең болуы тиiс. Жоғарыда көрсетiлгендей, отбасының жалпы табысына ерлi-зайыптылардың әрқайсысының қосқан үлесiнiң көлемi жалпы ереже бойынша ескерiлмейдi. Сонымен бiрге жекелеген жағдайларда сотқа кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн немесе ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң мүдделерiн ескере отырып ерлi-зайыптылардың үлестерiнiң теңдiгi негiзiн ескермеу құқығы берiлген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет