7-ші зертханалық жұмыс Перманганометриялық титрлеу



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі23,44 Kb.
#138362
1   2   3   4
Темірді анықтау

Ерітіндіде темір (II)-мен қатар темір(III) жүрсе, не анықтайтын ерітіндіде тек темір(III) жүрсе, онда үш зарядталған темірді екі зарядталған темірге дейін тотықсыздандырады. Тотықсыздандырғыш ретінде тұз қышқылды ортада хлорлы қалайы ерітіндісі қолданылады:


2FeCl3 + Н2SnCl4 → 2FeCl2+ Н2SnCl6


Өлшем колбасында дайындалған ерітіндінің пипеткамен белгілі аликвотты мөлшерін алып, титрлейтін колбаға құяды, оған 10 мл сұйытылған тұз қышқылын қосады, ерітіндіні қайнай бастағанша қыздырады. Сары түске боялған ыстық ерітіндіге тамшылап, ұдайы араластырып отырып SnCl2 ерітіндісін түссізденгенше қосады. Темір (III) толық тотықсыздануын қамтамасыз ету үшін SnCl2 1-2 тамшысын қосады. Ерітіндіні суытып және оны 100мл суық сумен сұйылтып, үстіне 5мл HgCl2 ерітіндісін қосып, жақсы араластырып 2 минутқа қалдырады. Нәтижесінде ерітіндіде ақ жібекке ұқсас Hg2Cl2 лайы пайда болады. Егер тұнба көп мөлшерде, әсіресе сұр болып түссе, не тұнба пайда болмаса тотықсыздандыруды қайтадан қайталайды. Тотықсызданған ерітіндіні суық 100мл сумен сұйылтып 25-30мл Рейнгардта-Циммерман қоспасын қосады. Содан кейін ерітіндіні ұдай араластыра отырып, бюреткаға құйылған перманганатпен тамшылап 30 сек аралығында тұрақты қызғылт бояу алғанша титрлейді.


Есептеу:
mFe = N КМnО4 ∙ VКМnО4 ∙ ЭFe ∙ Vө.к. /1000∙ Vаl

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет