70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі



бет10/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
70-90

79. ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Әдебиетті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер.
Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсетіндігі.
Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, лекция, пікірлесу, т.б.
Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация.
Олардың оқушының әдеби қабілетін дамытудағы орны.
Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі ролі.
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары. Скаткин, Лернер, Кудряшов, т.б. ғалымдар ұсынган оқыту әдістерінің 5 түрлі жүйесі. Оқыту әдістері мен тәсілдердің көптүрлілігі. Әдістердің шәкірттердің ой белсенділігін арттырудағы қызметі. Проблемалап оқыту (М.И.Махмутов т.б.), саралап оқыту (И.Э.Унт т.б.), дамыта оқыту (Ю.Б.Элконин). Саралап оқыту окушының туа біткен ақыл-ой кабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделгені.
Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына, оны шығармашылықпен қолдана білуіне қойылатын талаптар. Оқыту технологиясының құрылымы: мақсаты, мазмұны, әдістері мен тәсілдері, нәтижесі, оқыту технологиясы мен әдістеменің мақсаты бір, оқытудың тиімді жолдарын қарастыруы, инновация оқу білім беру жүйесіндегі жаңа үлгідегі әдіс әрекеттер екендігі. Әдебиетті оқытудың шыгармашылық оқу, эвристикалық, зертеу, репродуктивтік әдістері.
Шығармашылық оқу әдісі. Бүл әдістің әдебиеттің сөз өнері әрі ғылыми ретіндегі табиғатын тереңдей түсінуге қолайлылығы. Бүл әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы. Шыгармашылық оқу әдісінің мұгалімнің мәнерлеп оқуы, көркемсөз оқушы шеберлердің көркем шығармадан үзінділер оқуы, мұгалімнің көркем мәтінді оқи отырып түсінік беруі, мүғалім мен шәкірттердің оқылған шығарма туралы өз әсерлерін бөлісуі, әрі қарай бағыт-бағдар беру мақсатындағы пікірлесу, т.б. тәсілдер арқылы жүзеге асырылатыны.
Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің қазіргі педагогика ғылымы мен мектепте оқытуды эвристикалық пікірлесу арқылы ұйымдастырудың түрі екендігі. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толыктыратыны. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. Әдеби шыгарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылыктар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны.
Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер:
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Окушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жуйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зертеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолданыла бермейтіні. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жұмысын жүргізуге лайықтылығы. Зерттеу әдісінің жас шәкірттерді ғылымға бейімдеудегі рөлі.
Репродуктивтік (жаңгырмалы) әдіс. Бұл әдістің мұгалімінің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің лекциясынан, оқулыктан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жактың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйрететіні. Репродуктивтік (жаңғырмалы) әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет