82. ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ. ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (толықтыру керек, нақты әдебиет пәнінің мұғалімі бойынша)
Оқыту үрдісінде мұғалім – белсенді іс-әрекет иесі. Мұғалім – сабақ үстінде шешуші тұлға. Ол көп оқитын, көп білетін, ізденгіш еңбекшіл адам. Абай Құнанбаев: «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға», — дейді. Оқыту байыптылыққа, ақылға салып аңғара қарауды тілейді. Мұғалімге Ақсақ-Темірдің қаталдығы, ананың мейірімі, дәрігердің дәлдігі қажет. Мұғалімнің іс-әрекеттері:
оқыту теориясына жетіктігіне;
оқыту әдісінің жүйесін меңгеруіне;
мұғалім мен шәкірттің ынтымақты жұмысына байланысты.
Оқыту теориясы:
іс-әрекет жөніндегі жалпы теория;
оқытудың шарттары;
мұғалімнің әдісті жеткізу шеберлігі;
әдістер теориясын жетік білу.
Мұғалімнің іс-әрекеті әдебиетті оқыту жүйесі мынандай кезеңдерден, құрамдас буындардан тұрады:
оқыту жүйесіне мақсат қою;
оқыту барысын жоспарлау;
тақырыпты меңгерту шарттары (мақсат қою мен жоспардың жүзеге асуы);
сабақты меңгеру барысын тексеру.
Оқу материалын меңгертудің, ұзақ уақыт есте қалдыртудың жеті (әдістік) шарты бар:
ұйыту (оқушының зейінін, ықыласын сабаққа аудару үшін төте жол іздеу, яғни оңай жолын табу);
көркем шығарманы түсіндіріп, талдап оқыту;
интеллектуалдық біліктерін арттыру, ақыл-ойын тәрбиелеу, берілетін білімнің өмірде қажет екенін сезіндіру;