75. Гербарий ісінің қазіргі жағдайын тұжырымдаңыз. 76. Синтаксономияны тұжырымдаңыз Өсімдіктерді жіктеу


Қорғалжың қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз



бет4/15
Дата17.04.2023
өлшемі97,78 Kb.
#83459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
83.Қорғалжың қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз.
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 1968 жылы 16 сәуірде құрылған аумағы бойынша Қазақстан Республикасының ең ірі қорықтарының бірі болып табылады. Қорық заңды тұлға мәртебесіне иеленіп табиғи процестердің, үлгілі және бірегей экологиялық жүйелердің, өсімдік және жануарлар дүниесінің биологиялық алуантүрлігі мен генетикалық қорының жаратылыс қалпы мен дамытуда сақтау және зерделеу бойынша қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған.
Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 443 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар. Қорықтың биоәралуандығы бірегей. Ол 443 өсімдіктер флора өкілдері мен Қазақ ұсақтөбе флорасының ширегі -60 тұқымдастықтан тұрады. Қорықтың аумағында Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктердің 60-тан астам сирек түрлері белгіленеді. Қазақстанның Қызыл Кітабына өсімдіктердің 5 түрі енгізілген: Шренк қызғалдағы,солғын қызғалдақ,жанаргүл,сарғылт құндызшөп, солғын құндызшөп. Селекциялық қордың резервтік материалы ретінде Шренк қызғалдағының үлкен маңызы бар. Бұл түр гүлінің ірі мөлшерлері және аса әралуан – ақ және сарыдан ашық –қызыл және қою ши қызылға дейін ашық бояуымен ажырайды. Дәл осы түр XVI ғасырда Голландияда шығарылған қызғалдақтың алғашқы мәдени сұрыптарының негізін салушы болып табылады.
84.Марқакөл қорығының флорасына тоқталып топтастырыңыз
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы — Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).
Өсімдіктер әлемі, сирек және аса бағалы түрлер
Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы Оңтүстік Алтай таулы және орманды- шалғынды дала аймағының орманды- шалғынды дала орташа және биік таулы геоботаникалық ауданының шегінде жатыр. Қазақстанның оңтүстік далалары, Орта Азияның жартылай шөлейттері және Оңтүстік Сібірдің тайга ормандарының шекералас болуы, таулы жер бедері, әртүрлі климаттық жағдайлар қорықтың өсімдіктер әлемінің өзінше ерекше және бай болуына әсерін тигізді. Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар. Шөптесін өсімдіктер ішінде көпжылдық өсімдіктер басым болып келеді. Қорықтың өсімдіктер әлемінен 14 экологиялық топты атауға болады. Мезофит тобы көп, өсімдіктердің жақсы білінетін биік таулы белдемі психрофиттердің санының көп болуына себебін тигізеді. Өсімдіктер әлемініңде гидрофиттер мен гигрофиттердің болуы ірі су қоймасының ашылуымен байланысты. Петрофиттер жартастың жалаңаштануымен, а ксерофиты және мезофиты- оңтүстік далалы беткейлермен ұштастырылады.
Қорықта таралу аумағы қорықпен ғана шектелген өсімдіктердің жергілікті түрі жоқ. Бірақ мұнда алтай рауғашы , алтай уқорғасыны, қызғылт семізот- алтынтамыр, қазоты сияқты алтайлық жергілікті түрлер өседі. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі байқалады: 1. Шалғынды дала 2. Таулы- тайгалы 3. Субальпілік 4. Биік таулы 5. Егіндік
Шалғынды дала белдемі- теңіз деңгейінен 1450-1600 метр биіктікте, жиматарғақ, түлкіқұйрық, шалғындық атқонақ, құрғақ айрауық және басқа астық тұқымдас әртүрлі шөптері бар көлдің жағалау жолағымен ұштасады. Шөп жамылғыларында жіңішке жапырақты күреңот, Лобель тамырдәрісі, көкшіл сұр қоянбұршақ, тілік балдырған, кәдімгі маралоты және басқа өсімдіктер кездеседі. Шөптің биіктігі 0,5- 1 метр. Қалың бұталарды татар үшқаты, орташа тобылғы, тікенекті итмұрын құрайды. Оңтүстік беткейлерде кәдімгі бетеге, шалғындық атқонақ, дала қоңырбасы, будан бөзкілем, коптамырлы сарғалдақ және басқа өсімдіктердің бетегелі- шалғынды топтары таралған. Таулы беткейлерде тошала, сібір бөріқарақаты, жуалар- қыржуа, желілік және қызғалдақ тәрізді, алтай рауғашы өседі. Көктемде оңтүстік беткейлерде дала шұғылығы, алтай шырышы, ашық құндызшөп және ала күлтелі қызғалдақ гүлдейді.Таулы- тайгалы белдемде- теңіз деңгейінен 1450- 1900 метр биіктікте балқарағайлы орман көбірек. Негізгі орман құрайтын түр- сібір балқарағайы. Қорықта балқарағайлы орманның 19 түрі бар. Олар қорық аумағының 20%-н алып жатыр және орманды аймақтың 61 %-н құрайды. Балқарағайлардың орташа жасы 160 жыл, ағаштың орташа биіктігі 20-30 метр. Ағаш құрамын құрауға қотыр қайың, бірен- саран сібір самырсыны қатысады. Орман маңында татар бөріжидегі, Мейер қарақаты, кәдімгі таңқурай, орташа тобылғы, тікенекті итмұрынның қалың бұталары өседі. Шөп жамылғыларында жиматарғақ, жіңішке жапырақты күреңот, кәдімгі сәлдегүл және басқалар бар. Ылғалды жерлерде Лобель тамырдәрісі өседі. Қалың шөптің биіктігі 1-1,5 метр, қалың шөп жамылғысы 80- 90%- ды құрайды. Солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде балқарағай, қотыр қайың, көктерек пен сібір шетені араласа орналасқан сібір самырсынынан тұратын күңгірт қылқанды орман кең тараған. Таза самырсын ормандары азғантай жерді- бар- жоғы 1%- ды алып жатыр және тік солтүстік беткейлердің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ағаштардың негізгі құрамын сібір самырсыны құрайды, ал сібір шетені, қотыр қайың толықтырады. Ағаштардың биіктігі 20-25 метрге жетеді, орташа жасы 90-100 жыл. Ағаштың ұшарбастарының жанасу көрсеткіші 0.8-0.9. Орман маңайындағы бұталар нашар дамыған және оны алтай үшқаты және мейер қарақаты құрайды. Сирек және аласа шөп жамылғысы (жабылуы 15-20%) қияқөлең, ақ гүлді қазтамақ, ботагөз, көк сұр қоянбұршақтан тұрады. Жасыл мүктер қалың жамылғы құрайды. Орманның жоғарғы шекараларында (1900 метрден жоғары) тасты беткейлерде сібір самырсыны жатаған болады. Марқакөл көліне құятын өзендердің алабында және оның жағалауында таулы- алапты шыршалы ормандар кең тараған. Негізгі орман құрайтын ағаш сібір шыршасы және оған сібір майқарағайы, сібір самырсыны, қотыр қайың қосылады. Ағаштардың биіктігі 20-30 метр. Мұнда әрдайым қаракөлеңке, дымқыл және тыныш. Топырақты күрең- жасыл мүктер, қияқөлең, қыналар, қырықбуындар мен сушырмауықтар жауып жатады. Құлаған ағаштар (жел құлатқан, дауыл құлатқан) ағаштар көп. Орманның маңы онша өспеген, қара және Мейер қарақаты, алтай ұшқаты кездеседі. Ағаштардың бұталарынан түтеленген сабалақ сұр қыналар салбырап тұрады. Бұл ормандардан әдемі солтүстік орхидеяларын: жапырақсыз орашық, үш сыздық маржантамыр, Фукс және балтық сүйсіндерін көруге болады. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағы арқылы самырсын қарағайының оңтүстік таралу шекарасы өтеді. Сондықтан ол бұл жерде сирек.Субальпілік белдем- теңіз деңгейінен 1900- 2000 метр биіктікте, биік шөпті альпі шалғындарымен танымал. Шөптің қалыңдығы 50 см- ден 100 см- ге дейін, топырақты жабуы 70- 80%. Осы жерге тән өсімдіктер: ірі жапырақты сарғалдақ, оңтүстік сібір тиынтағы, ақ гүлді қазтамақ, Флоров шұбаршөбі, жалпақжапырақты шұбаршөп, әртүрлі жапырақты тікенқурай, сафлор тәрізді рапонтикум және басқалар.Биік таулы белдем- теңіз деңгейінен 2000- 3000 метр биіктікте, бұл белдеуге альпі шалғындығы мен тау тундрасы аймағы кіреді. Аласа шөпті альпі шалғындығы өте әдемі. Астық тұқымдастар мен ашық көгілдір теңбіл қияқөлеңдердің арасынан шөмішгүл, ірі гүлді жыланбас және ірі жапырақты шерменгүл, ашық қызыл сары алтай күнгелдісі, сары сарғалдақ, алтай шегіргүлі мен ашық бұтақты көкнәр, оңтүстік сібір тиынтағы және қандыгүл көзге түседі. Бұлардың бәрі 10 см- ден 20 см- ге дейін ғана болатын аласа шөптер.Тауға қарай биіктей түскен сайын өсімдіктер де климаттың қатал жағдайына сай бейімделе өседі. Олар жерге төселіп жабыса түсіп жастықша тәрізді әртүрлі форма құрайдыБиік таулы тундра- альпі шалғындығынан жоғары басталады. Қорықта арасында алтай шегіргүлі, алтай сарғалдағы және басқалары бар мүгі, қынасы басым мүкті- қыналы тундра, дөңгелек жапырақты қайың мен ергежейлі талдары (0,5 метрден 1,0 метр биіктікке дейін) бар бұталы (аласа қайыңды) тундра, арша теңбілдері бар шөптесін тундраның әртүрлі құрылымдары кең тараған. Су айырықтарда таулы тундра тараған. Өсімдіктер жаппай жамылғы құрамайды, шығыр тасты және тасты учаскелердің арасында теңбіл- теңбіл болып орналасады. Мұнда төрт тұқымды семізот, сібір тасжарғаны, әсем кесте жусан, сібір тасшүйгіні өседі.Егіндік белдемі- 3000 метрден жоғары, Күршім жотасын алып жатыр. Жоғары өсімдіктер жоқ. Тастар мен жартастардан аздаған қыналарды байқауға болады.Марқакөл табиғи қорығындағы суда өсетін өсімдіктерді айтсақ, Марқакөл көліндегі суда өсетін жоғары өсімдіктердің 30- дан аса түрін атауға болады. Жағалау белдеуін қамыс тәріздес субидайық, қарақошқыл айрауық, торсылдақ қияқ, мұрын қияқ, батбақ зиягүлі, бірдей түлкіқұйрық және басқалары құрайды. Таяз суда өзен қырықбуыны, батбақ келтебасы, жалпақ жапырақты қоға, улы утамыр, кіші балықот өседі. Тереңірек жүзгіш жебежапырақ, үш құлақты балықот, масақты егеушөп аймағы басталады. 0,5- 1,0 метр тереңдікте қос мекенді самалдық кең тараған. 1-1,5 метр тереңдіктен қамтыма сабақты, жүзгіш, жылтыр шалаңдардың, шоқ болбырдың таралу аймақтары жақсы байқалады. Көл айдынының барлық жерінде батырылған мүйізжапырақ кең тараған. Қорықта азықтық, дәрілік, тағамдық, балшырындық, техникалық, эфир майлы өсімдіктер түрлерінің көбі өседі.Мұнда әртүрлі дәрежедегі Қызыл кітаптарға енгізілген өсімдіктерден қар дәуаяғы, сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум (марал тамыры), дала шұғылығы, қызғылт семізот (алтынтамыр), алтай рауғашы, әртүрлі жапырақты қызғалдақ, сабақсыз бипан, жапырақсыз орашық қорғалады. Қорықта Алтай жергілікті түрлерінен жіңішке жуа, алтай рауғашы, ашық құндызшөп, ғажап тегеурінгүл, алтай уқорғасыны, алтай сарғалдағы және ірі жапырақты сарғалдақ, суық семізот, сабақсыз бипан және қазоты өседі.Қорық аумағында көптеген бағалы түрлер: марал тамыры, алтынтамыр, тиынтақ, дала шұғылығы, кәдімгі сәлдегүл немесе кәдімгі шұғылық, жұқа жапырақты бадан, алтын шоқсары, кәдімгі киікоты, шілтер жапырақты шайқурай, қара жидек, итбүлдірген (қызылжидек), итмұрын және басқа да өсімдік түрлері өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет