75. Гербарий ісінің қазіргі жағдайын тұжырымдаңыз. 76. Синтаксономияны тұжырымдаңыз Өсімдіктерді жіктеу



бет1/15
Дата17.04.2023
өлшемі97,78 Kb.
#83459
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
гербарий тест ответ


75.Гербарий ісінің қазіргі жағдайын тұжырымдаңыз.
76. Синтаксономияны тұжырымдаңыз
Өсімдіктерді жіктеу немесе Синтаксономия — шартты түрде туыстық белгілеріне сәйкес өсімдіктерді топтастырылып, жүйелеу әдістерді және синтаксономиялық иерархиясының субординациясын зеттейтін Геоботаника бөлімі.
Жер бетіндегі өсімдіктер алуан түрлі. Қазір жер бетінде 500 мыңдай, Қазақстанда 5600-дей өсімдік түрі бар. Оларды нақты білу үшін, біріне-бірі ұқсас өсімдіктерді топтарға бөліп қарастырады. Олар туыстық белгілеріне сәйкес топтастырылып, жүйеленген. Өсімдіктердің ұқсас түрлерін - туысқа, ұқсас туыстарды - тұқымдасқа, ұқсас тұқымдастарды - қатарға, ұқсас қатарларды - класқа, кластарды - бөлімге біріктіреді.Жүйелеу бойынша әрбір топқа жататын өсімдіктердің арғы тегі бар. Мысалы, бір бөлімге, бір класқа жататын өсімдіктер бір тектен дамыған. Түрлер, туыстар және басқа да топтар ұзақ жылдар бойы әртүрлі сыртқы ортаға бейімделудің, басқа өсімдіктермен бірігіп өсудің нәтижесінде бірте-бірте пайда болған.
Жүйенің ең кіші бірлігі - түр. Түр туралы ұғым олардың біріне-бірінің ұқсас болуына және өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан.
77.Эндемик өсімдіктерге мысал келтіріңіз
Эндемик (грек. endemos – жергілікті) – жер шарының шағын аймақтарына ғана таралған өсімдіктер мен жануарлар. Эндемик ұғымы түр, туыс, тұқымдас, т.б. жүйелік топтарды қамтиды. Эндемиктік түрлердің пайда болуы мен дамуына оқшаулану, климаттық, т.б. сыртқы орта жағдайлары және биотик. факторлар (қ. Фактор) әсер етеді. Мысалы, Әулие Елена аралында кездесетін өсімдік түрінің 85%-ы Кавказ тауының өсімдіктерінің 20%-ын құрайды.
Эндемик түрлер ежелгі замандардан сақталып келе жатқан (палеоэндемиктер) және соңғы геол. замандарда пайда болған (неоэндемиктер) деп бөлінеді. Палеоэндемиктерге: екіқалақты гинго ағашы (Шығыс Қытайда ғана кездесетін), мәңгі жасыл секвойя ағашы (Батыс Орегон мен Калифорния тауларында өсетін), латимирия балығы (Комор аралдарының маңында кездесетін) мен үйректұмсық (Тасмания аралында ғана таралған) жатады. Ал неоэндемиктерге: Қырымда кездесетін кейбір өсімдік пен жануар түрлері, Британ аралдарында таралған кейбір жануарлар жатады.
Қазақстанда өсімдіктердің 730-дан астам түрі Эндемикге жатады. Олардың 175 түрі далалық алқаптарда, ал 540 – 570 түрі таулы өңірлерде таралған. Тек Қазақстанның оңт-нде өсетін өсімдіктердің 165 – 170-тей түрі Эндемиктер болып саналады. Мысалы; Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Іле ұшқаты, Алатау бөденешөбі, Бетпақдала сылдыршөбі, Қарқаралы бөріқарақаты, Тарбағатай кемпіршөбі, т.б. Тек республика аумағында ғана кездесетін жануарлардың Эндемик түрлеріне – Түркістан шаяны, Балқаш алабұғасы, Жетісу бақатісі, Қарабалық, Іле жорға торғайы, Көкқұс, Арал қаязы, Шу сүйрік қанаты,Тарғақ, Жұпар, Қаратау арқары, Жалман, т.б. жатады. Эндемик түрлердің көпшілігі сирек кездесетіндіктен, әрі ғылыми тұрғыдан толық зерттелмегендіктен Қазақстанның “Қызыл кітабына” (1981, 1996, 2006) енгізілген. Мұндай Эндемик түрлер қатаң қорғауды қажет етеді.[1] Р. Сәтімбекұлы
Таулы экожүйелердің флорасын 3400 – 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның ішінде 540 – 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 – 170 эндемик түрлер бар. Олардың ішінде, шыршалы (шренктік шырша, сібірлік шырша); май қарағайлы, самырсынды (сібірлік самырсын, сібірлік майқарағай); қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрікті (кәдімгі өрік), қайыңды-теректі (түкті қайың, көк терек) – жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөріқарақаттың (зеректің), аршаның, қылшаның, бетегенің, сарыкүйік қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, ширнелік (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсімдіктер түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет