78. Қан және оның маңызы. Қан жасаушы органдарды атаңыз



бет9/13
Дата15.12.2022
өлшемі403,78 Kb.
#57592
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Оң қарынша (ventriculus dexter; сурет 176, Б) пирамида пішіндес, оның төменге қараған ұшы болады, жүректің алдыңғы бетінде, сол қарыншаның алды мен артында орналасады. Қарынша қабырғасы екі тесікке бөлінеді: артында — оң жүрекше-қарыншалық, ал алдында өкпе сабауы тесігі (ostium trunci pulmonaris). Қарыншаның шығыңқы құйғыштәрізді бөлігі осы жерде артериалді конус деп аталады. Алдыңғы, оң және сол жиегінде жартыайлы жапқыштан тұратын өкпе сабауының жапқышы (valva trunci pulmonaris) өкпе сабау тесігінің жоғарғысында орналасады. Әр жапқышқа бос жиегінде жартыайлы жапқыштары тығыз жабылуын қамтамасыз ететін түйіндер болады. Оң жақ қарыншаның қабырғасы тегіс, ал қалқан жерінде ішкі бетінде қалқалар (trabeculae carneae) мен конустәрізді емізікті бұлшықеттер (mm. papillares) көрінеді. Қарынша бұлшықеттері жиырылып, оң жүрекшеге қайта қан жібермеуі сіңірлі жіпшелер мен жиырылған емізікті бұлшықеттер арқылы іске асады.
Сол жүрекше (atrium sinistrum; сурет 176, 177) пішіні дұрыс емес текшетәрізді оң жақтан тегіс жүрекшеаралық қалқа арқылы бөлініп тұрады. Жүрекшенің алдыңғы қабырғасында алға қараған конустәрізді жалпақтану — сол жүрекше құлақшасы (auricula sinistra) орналасқан. Сол жақ жүрекше қабырғасы тегіс, себебі қырлы бұлшықеттер құлақша аймағында ғана орналасады. Жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінде өкпе веналарының 4 тесігі (ostia venarum pulmonarium) орналасқан. Өкпе веналарында қақпақтар болмайды. Жүрекше сол жақ қарыншамен сол жүрекше-қарыншалық сопақша тесігі (ostium atrioventricular sinistrum) арқылы байланысады. Тесікте алдыңғы (cuspis anterior) және артқы (cuspis posterior) үшбұрыштәрізді екі қақпақтардан тұратын митралді (valva atrioventricularis sinistra) немесе сол жақ жүрекше — қарынша қақпағы орналасқан.
Сол қарынша (ventriculus sinister; сурет 176, 177) негізгі жоғарыға қараған, пішіні конустәрізді. Ол оңжақ қарыншамен қарыншааралық қалқа (septum interventriculare) арқылы бөлінеді. Оның үлкен (төменгі) бөлігі бұлшықетті (pars muscularis), кіші бөлігі (жоғарғы) жарғақты (pars membranacea) болады. Оң жақ қарынша қабырғасынан сол қарынша қалыңдығы 2-3 есе тығыз (10-15 мм қарсы 5-8 мм-ге), себебі сол жақ қарынша жұмысы (үлкен қанайналым щеңбері) оң жақ қарынша жұмысына қарағанда (кіші қанайналым щеңбері) көп, бұлшықет қабаттарьша байланысты. Оның алдыңғы жоғарғы бөлігінде қолқа тесігі (ostium aortae), ал алды және оң жағында жүрекше-қарынша тесіктері орналасқан. Оң, сол және артқы жартылай қақпақтардан (valvulae semilunares) тұратын қолқа қақпақшасы (valva aortae) сол жақ қарынша кеудесінде орналасады. Әр қалқаның әр қақпағы мен қабырғасы арасында қолқа қойнауы (sinus aortae) орналасқан. Қалқа қақпақтары тығыздау, ал бос жиектерінде орналасқан түйіндер өкпелік сабауларға қарағанда ірілеу келеді. Олар жүрекше-қарынша (митральді) қақпақтарының кіреберісіне бекінген. Ірі сіңір жіпшелері бар 2 (алдыңғы, артқы) емізікті бұлшықеттер мен көкетті қалқалар қарыншаның ішкі бетінде, әсіресе, төбе бөлігінде орналасады.
Қақпақша – жүректің ішкі қабатынан құралған бөлік, күре тамыр және артериалды қан тамырлардан қанның бір бағытта ағуын қамтамасыз етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет