9 б сыныбының алгебра, геометрия пәнінен білім сапасы мен тәрбиелік деңгейін зерделеу бойынша анықтама Мақсаты: Білім сапасының төмен болуына байланысты себептерін анықтау.
9 б сыныбында 19 оқушы, оның 12 ер бала, 7 қыз бала оқиды. Сыныптың білім сапасы 42 пайызды, үлгерімі 98% құрап отыр. Себебі Ходова Алена сабаққа келмегендіктен бағаланбаған. Жалпы сыныптағы психологиялық ахуал жағымды. Оқушылар сабақтан жиі қалмайды. Бірақ алгебра, геометрия пәні бойынша үй тапсырмасы толық орындалмаған. Сабақта мұғалім тарапынан жасалған ескертулерге немқұрайлы қарайтын оқушылар көп кездеседі. Алгебра сабағына қатысқан кезде 2 оқушыда жұмыс дәптері болмады. Ұмытып кеткенін айтты. Дәптерлерінің сырттары қапталған. Городецкий Данил, Архиреев Виталий, Карапетьянец Никита және Юрьян Сардал, Хлебов Даниил атты оқушылар белсенділік танытып отырды. Қыздар тарапынан Власова Алла, Рыжковская Карина, Немцов, Кочнев деген оқушыларға бірнеше ескертулер жасалды. Мұғалім сабақта www.Bilimland.kz сайтынан тақырыпқа қатысты бейнетаспа көрсетті.
Геометрия пәні бойынша білім сапасы 42 пайызды құрайды. Бақылау жұмыс дәптерлері түгел. Оқушыларға геометрия пәніне қызығушылықпен қарайтыны байқалды. Тақтаға шығуға сұранып отырды.
Математика пәнінің мүғалімі: Шамиева Р.М.
5а, 5ә, 5б сыныбының математика пәнінен білім сапасы деңгейін зерделеу бойынша анықтама Мақсаты: Білім сапасының төмен болуына байланысты себептерін анықтау.
5а сыныбында 20 оқушы, оның 11 ер бала, 9 қыз бала оқиды. 5ә сыныбында 22 оқушы, оның 13 ер бала, 9 қыз бала оқиды. 5 б 15 оқушы, 6 ұл, 9 қыз. 5а сыныптың білім сапасы 58 пайызды, үлгерімі 100% құрап отыр. 5ә сыныптың білім сапасы 57 пайызды, үлгерімі 100% құрап отыр. 5б сыныптың білім сапасы 47 пайызды, үлгерімі 100% құрап отыр. Жалпы сыныптағы психологиялық ахуал жағымды. Оқушылар сабақтан жиі қалмайды. Бірақ математика пәні бойынша үй тапсырмасы толық орындалмаған. Сабақта мұғалім тарапынан жасалған ескертулерге немқұрайлы қарайтын оқушылар көп кездеседі. 5а сыныбына математика сабағына қатысқан кезде 2 оқушыда үй тапсырмасы болмады. Ұмытып кеткенін айтты. 5ә сыныбына математика сабағына қатысқан кезде 2 оқушыда жұмыс дәптері болмады. 5б сыныбына математика сабағына қатысқан кезде 2 оқушыда үй тапсырмасы болмады. Алдыңғы сабақта болмай, тақырыпты түсінбей қалғанын айтты. Дәптерлерінің сырттары қапталған. Барлық сыныптың оқушылары математика сабағында белсенділік танытып отырды. Бастауыштан орта буынға ауысқан сынып болғандықтан, бейімделу процесі байқалды. Мұғалім сабақта www.Bilimland.kz сайтынан тақырыпқа қатысты бейнетаспа көрсетті.
Оқушыларда математика пәніне қызығушылықпен қарайтыны байқалды. Тақтаға шығуға сұранып отырды.