9 б сыныбының алгебра, геометрия пәнінен білім сапасы мен тәрбиелік деңгейін зерделеу бойынша анықтама


Хаттама №1 №43 орта мектеп 7 «А» сынып



бет2/3
Дата06.12.2022
өлшемі36,62 Kb.
#55370
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
9 б, 5 а,ә,б математик анықтама, хаттама

Хаттама №1

43 орта мектеп 7 «А» сынып


ата-аналар жиналысы


Қатысқандар – 10
Қатыспағандар-2

Күн тәртібінде:

  1. Жаңартылған бағдарлама мен критериалды бағалау жүйесі

Тыңдалды: №1 ата-аналар жиналысының орындалуы жөнінде
Сөйледі: Мектеп директоры Б.Калиева

  1. Пән мұғалімдері оқушыларының білімін нақты бағаласын

  2. 7 сынып оқушыларының нақты білім сапасын анықтау мақсатында негізгі пәндерден жиынтық/ тоқсандық бақылаулар алынсын.

Орындалуда

  1. 7 сынып оқушыларының білім сапасын анықтау жұмыстарын жалғастырсын

Сөйледі: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Б.Калиева өз сөзінде 2017-2018 оқу жылындағы 2,5,7 -сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшкен болатын. Себебі, жаһандық өзгерістер мен әлемдік трендтер мектептегі білім беру мазмұнының жылдам қарқынды жаңаруын талап етеді. 2018-2019 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына 3,6,8- сыныптар көшті. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2018-2019 оқу жылында жаңа бағалау жүйесімен бағаланады. 7-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады. Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау білім алушылардың дағдыларының даму дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретінін айтып өтті.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсетуден басталуы керек. Білім алушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Оқу барысында балаға қолдау көрсету және көмектесу керектігі айтылады. Баланың оқу нәтижесін қадағалау және оқу нәтижесін олармен талқылап отыру керек екендігі айтылады.
Жоғарыдағы мәселе талдана келе , ұсыныс естіледі. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі:
1.оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін
(бөлім бойынша жиынтық бағалау);
2.тоқсан аяғында (тоқсандық жиынтық бағалау).
Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады.
Ата-аналар жиналысында критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізілді. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Осы арқылы әрбір ата-ана баланың жұмыстарын қалай бағаланатынын түсінді. Мұндай жағдайда, ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі, жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады.
Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады. Бөлім сайын алынатын жиынтық бағалау, тоқсандық бағалаудан соң ата-аналарға рубрикалар жүргізіліп отырады. Рубрика арқылы баланың қай тапсырманы орындай алатынын, қай тапсырмада қиналатынын біле алады.
Оқушы бағасын ата-ана күнделікті электрондық журнал арқылы көре алады. Жиынтық бағалау, тоқсандық бағалаулар спецификация негізіне сүйеніп нәтижесі қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет