9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


Педагогика категорияларының бірі - дамыту мен қалыптастыру



бет22/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Педагогика категорияларының бірі - дамыту мен қалыптастыру. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік, батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Даму - болып жатқан өзгерістердің сипаты мен бағытын білдіретін үғым. Даму идеясы адамтану ғылымдар тарихының, соның ішінде педагогиканың ең басты идеяларының, педагогикалық категориялардың бірі. Даму идеясын тұңғыш ашқан ежелгі грек философы Гераклит болды. Дамудың негізгі қайнар көзін, сипатын және бағытын ашатын диалектика заңдары болып табылады. Даму дегеніміз - қарама қарсылықтардың, жаңа мен ескінің күресі. Даму процесі алуан түрлі қоршаған жағдайға байланысты эволюциялық жолмен жүреді. Даму күрделі жан-жақты процесс. Даму - қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғарыға қарай жүретін процесс, сол арқылы біртіндеп сандық өзгерістер жиналып сапалық өзгерістерге ауысады. Қазіргі замандағы психологтер мен педагогтердің жинақтаған тәжірибелері бойынша оқытуды тиімді ұйымдастырудың әсерінен баланың зейіні, қабылдауы, есі, ойлауы, сөйлеуі (сөзі), ақыл-ой операциясы, эмоциясы, еркі, қызығушылығы, жалпы және арнаулы қабілеті дамиды. Соның нәтижесінде олардың оқу қызметі, ой еңбегі де артады. Оқыту процесі арқылы тек білім алып қоймайды, олардың дағдысы, іскерлігі қалыптасады, дүниетанымы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық, дене және басқа да сезім қасиеттері өзгерістерге түседі. Оқыту процесінде тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері, олардың бейімділігі, қызығушылығы, қабілеті ескеріледі, бұл балалардың дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Әр жастағы баланың даму өзгешеліктеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің тиімді жолдарын таба білу оқу материалын дамудың құралы ете білу - педагогтің басты міндеті. Ол үшін баланың таным процестерін, қабілеттерін дұрыс бағалау, оқу-тәрбие процесінде кездескен қиыншылықтарды жеңе білуде көмек көрсету, жоғары талап қоя білу, ақыл-ой, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оның болашақ бейнесін алдынала болжай алу, баланың инициативасы мен белсенділігін ылғи да қолдап отыру тек педагогтік мамандыққа тән қабілеттер және оның айбынды құзыреттерінің бірі. Адамның жасына сәйкес даму заңдылықтары бар. Жас дамуы адамның үздіксіз өзгерістерге түсуіне әсер етеді.

Дамудың бір кезеңінен келесі кезеңіне өту динамикасы кейде қиын, кейде баяу, кейде кенет, кейде біртіндеп өтуі мүмкін. Мысалы, адамның өсуі мен жетілуін Швед этнографы Э.Эриксон 8 кезеңге бөлінеді: бөбек - туғаннан 1 жасқа дейін, сәбилік - 1 -3 жас; мектепке дейін - 3-7 жас, жас өспірім -7-12 жас, кәмелеттік 13-18, жігіттік, жастық шақ - 30, орта жас 40-50, ақсақалдық - 60-70, қартаңдық - 80-100 жас. Бұл кезеңдердегі даму динамикалары әртүрлі келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет