9-дәріс. Дене тәрбиесі процесінде үйрету, тәрбиелеу, дамыту


Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі



бет28/32
Дата18.04.2022
өлшемі81,24 Kb.
#31325
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектепке дейінгі ұйым, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан «пірлерінің» ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру – тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы.

Аталған принципті іске асырудың төменде келтірілген ережелері тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды ескеруге көмектеседі:

1)Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. ықпалында қалыптасады. Осы сан қилы ықпалдар арасында біршама маңызды рөл топ (сынып) ұжымы мен тəрбиеші тұлғасына тиісті болатынын еске ұстай отырып, басқа да тəрбиелік əсер көздері болатынын ұмытпаған жөн. Топтағы балалар (сыныптағы оқушылар) мен тəрбиешіден болатын талаптардың бір-біріне қайшы келмей бір бағытта болғаны аса қажет.

2)Тұлға қалыптастырудағы бас жетекші–отбасы. Өз баласының даралық ерекшеліктерін тереңнен сезіну, оның тəрбиесінде қайталанбас жол таба білу мен сол тəрбиеге мейір, жүрек жылуын қосу тек ата-аналарға ғана берілген шеберлік. Бұл тұрғыдан оларды ешқандай тəрбиеші-педагог не оның істері ауыстыра алмайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», -деп атам қазақ бекерге айтпаған. Осыдан, талап–отбасымен қажет байланысты қолдап, қуаттау, бекіте түсу, қай тəрбиелік мəселе болса да, оны ата-аналармен бірлесе шешу.

3)Тұрмыста осы тəрбиеге байланысты кейде табиғи тəрбиелеуші - жанұя ресми тəрбиеші - педагог талаптарын ұнатпай қалатын да жағдайлар кезігіп қалады. Көп жағдайда ата-аналар өз балаларын шектен тыс еркелетіп, олардың жанаярлыққа түсуіне себеп болады да педагогтардың сол бала тəрбиесіндегі барша жетістіктерін демде желге ұшырады. Мұндай келісімсіздіктерді жоюда бала тəрбиесін оңды жолға қоялық дегендердің бəрі ортақтастық табуға ынталы болғаны жөн.

4)Кейде тəрбиеші ұжым, қоғамдық ұйымдар пікірлерімен келіспей, өз əріптестерін сынға алатын жағдайлар да болып қалады. Бұл балалар көзқарастары мен нанымдарына əсер етпей қоймайды. Сондықтан бала тəрбиесі мекемелерінің мүшелері өзара келісімде, бірлікте қызмет жүргізгені жөн.

5)Тəрбие жұмысында бұрыннан орныққан ұнамды қасиет сапаларды ескерген абзал. Педагогикалық ықпалдар мен талаптар біртіндеп күрделеніп отыруы керек. Бірлікті талаптардың орындалуы жолында отбасы мен ата-аналарға тікелей кеңесші - тəрбиеші-педагог.

6)Тəрбиелік ықпалдары үйелестіру тəсілі – тəрбиеге қатысты адамдардың, қызмет түрлері мен əлеуметтік мекемелердің басын қосып күш біріктіру. Тəрбиеші қоғамдық мекемелер, əлеуметтік қауымдастықтар жəне отбасымен байланыс түзуде шаршап-шалдығу білдірмегені жөн.

Сонымен, тəрбие принциптері – тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдасуына қойылатын негізгі талаптарды анықтаушы жалпы бастау тұжырымдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет