9-дəріс. Классикалық ғылымның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі141,17 Kb.
#35025
  1   2   3
Байланысты:
9лекция



9-дəріс. Классикалық ғылымның қалыптасуы
Философияның онтологиялық проблемасы əр заман мен əрбір кезең 
бойынша өзіндік ұстанымын өзгертіп отырды. Мəселен, антика дəуіріндегі 
қалыптасқан космологиялық сипаттағы тұғырнамалар, орта ғасырда 
теологиялық мəнге ие болып, қайта өрлеу дəуірінде универсумдық-
континуумдық мағына арқылы дамыған болса, жаңа замандағы дискреттік 
онтологияның қайтадан өрлеуімен жалғасын тапқан болатын. Сондықтан 
қайта өрлеу дəуірінен кейінгі жаңа заман пантеизмді өрбіте отырып, 
рационализмдік ұстанымды нығайтып, логоцентризмдік парадигманы 
жандандыра түскен еді.
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – Бэкон (Bacon) Фрэнсис 
(1561-1626 жж.) – британ философы, тəжірибелі ғылым əдіснамасының 
негізін қалаушы, жаңа заманғы философиялық ойдың бастаушысы ретінде 
белгілі жəне эмпиризм бағытын ұстанушы. Негізгі шығармалары: 
«Ғылымның беделі мен өсімі», «Жаңа Органон...», «Жаңа Атлантида» т.б.
Ол орта ғасыр схоластикасын сынай отырып, бұл əлемге айтыс пен 
тартыстан басқа ешнəрсе алып келмегендігін көрсетеді. Оның жеміссіздігінің 
басты себептері: жаратылыстану саласына айтарлықтай көңіл бөлмегендігі, 
философияны діннің қызметшісі деңгейіне дейін төмендеткендігі екендігін 
атап өтіп, ғылыми білімді насихаттауға айтарлықтай үлес қосты. 
Гносеологияда – танымның индуктивті əдісін қолдай отыра, ол дүниені 
тəжірибе арқылы ақиқатты тануды қолдауға қарай бағытталады. Заттар мен 
құбылыстар бір-біріне қатыссыз жеке дара өмір сүреді дей келе, тек 
силлогизмдерді қолдану арқылы дұрыс білімге жетуге, табиғат заңдарын 
тануға болмайды. Ақыл ұғымдары заттардан бөлінген, күмəнді, 
анықталмаған болып келеді. Силлогизм пікірден, пікір сөзден тұрады. Сөз 
заттардың символы мен белгісі.
Басты философиялық шығармасы –«Жаңа Органон немесе табиғатты 
түсіндірудегі ақиқат нұсқаулар» атты туындысында ол табиғатты зерттеудің 
дұрыс əдісін қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон табиғатты игеруде оның 
имманентті заңдарына бағына отырып, образының өңін айналдырмау 
қажеттігін ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергілерге, атап айтқанда, 
адасу түріндегі «елестерге» тап болып, олар ақиқатқа жақындай түсуге бөгет 
болады деп байыптаған болатын. 


Табиғатты тану айтыспен емес, тəжірибемен шешіледі. Оны тануда 
адам санасына тəн болып келетін түрлі елестер қателікке ұрындырады. Олар: 
1) тектік елестері. Бүкіл адамдарға тəн, адам ақылы мен сезімдерінің 
шектілігінен, өзінің табиғаты туралы түсініктерін заттарға араластырып 
жібереді. Олардан құтылу үшін сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен 
қоршаған орта заттарын салыстыру керек, сөйтіп, олардың дұрыстығын 
тексеру қажет; 2) үңгір елестері. Жеке адамдарға байланысты. Əрбір адамның 
өзінің ішкі үңгірі, субъективті ішкі əлемі бар. Олар туа біткен қасиеттерінен, 
тəрбиелеуден, білімнен, біреуге көзсіз сенген беделден пайда болады; 3) 
Базар елестері. Сөздерді дұрыс қолданбаудан, базардағыдай əр түрлі мағына 
беретін сөздердің бір жерде қолдануынан болатын қателіктер. Бұл жеміссіз 
таласқа əкеледі, əрі табиғаттан алыстатады; 4) Театр елестері. Əлем туралы 
жалған елестер мен сынсыз философия жүйелерінен пайда болады. Бұл 
театрдағы жасанды əлем сияқты көрініс қалыптастырады деп тұжырымдаған. 
Таным адамның табиғатқа үстемдігін күшейтеді. Оларға бағыну 
(табиғатқа) арқылы оны бағындырады, яғни, оның заңдылықтарын меңгеру 
арқылы бағындыру дəрежесі – меңгеру, заңдарды білу, білім деңгейіне 
байланысты. Философия мен ғылымның қаншалықты дəрежеде практикалық 
маңызы бар, соншалықты дəрежеде қоршаған ортадағы нəтижелерге жетуді 
қамтамасыз етеді. Білімнің ақиқат болу өлшемі – тəжірибе деген пайыды 
ойларын ұсынды. 
Таным адам санасы мен қоршаған ортаны бейнелеуден басқа түк те 
емес. Бұл үдерісте сезім алғашқы, содан кейін заттар арқылы тəжірибе іске 
асады. Мəселен, эмпирик – құмырсқа сияқты, жинаған мəліметтері
бойынша, рационалист – қоңыз, өрмекші тəрізді, өзінен өрнек тоқып 
шығарады, ал бал арасы – ортаңғы, бақшадан шикізат жинап, оны өздігінен 
өңдейді деген мысалар арқылы өз ойын дəйектеген Бэкон, онтологиялық 
пікірлерінде, ештеңеден (жоқтан) ешнəрсе де пайда болмайды, ешнəрсе 
жоғалмайды. Материя саны тұрақты азаймайды, көбеймейді, кеңістікте үнемі 
материяның бөлшектері орналасады. Бос кеңістік деген жоқ дей келе,
қозғалыстың 19 түрін көрсетті: қарсылық, инерция т.б. жəне абиғат алғашқы, 
сана екінші деп түсіндіріп, идеалистерді сынады. 
«Жаңа Антлантида» атты еңбегінде мінсіз мемлекет құрылымының 
қағидаларын ұсынады жəне ол үлкен нəтижелерге қол жеткізіп, бұл бағдар 
өндіріске қолданатын ғылыми зерттеу орталықтары болу қажеттілігін 
жобалады. 


Декарт Рене (1569-1650 жж.) – француз физигі, физиологы, математигі 
жəне философы, рационализм бағытының көрнекті өкілі. Негізгі 
шығармалары: «Əдістер жөніндегі пікір», «Философия бастамасы», 
«Метафизикалық толғаныстар» т.б. Ол механика, космогония салаларында 
біршама жетістіктерге жетті. Философияны екі саладан тұрады деп 
түсіндірді: материалистік физика (табиғат туралы), идеалистік метафизика 
(философиялық жеке өз жүйесі).
Таным теориясы мəселелеріне баса назар аударып, білімнің көзі мен 
оның ақиқаттылығының өлшемі ол сыртқы дүниеде емес, адамның ақылмен 
іздеуінде деп байыптап, танымның көзі – интеллектуальды интуиция 
екендігін дəйектейді. Бұл сезім мүшелерінің көрсеткіштері мен логикалық 
дəлелдерге сүйенбейді, əрі ақиқатқа тез жете алады деп интуицияның 
артықшылықтарына сүйенді. Интеллектуальді интуиция – материалды 
шындықтан таза ақылмен бөлінген нəрсе, ол жалпыға бірдей: ойлайды, өмір 
сүреді, таниды, мəселен, үшбұрыш үш сызықтан тұратындығын аңғарады т.б 
шындықтарды біледі. Бэконның таным теориясындағы индукцияға қарсы 
бірден-бір таным дедукция деп білді. Ол жалпыдан жекеге қарай жүретін 
логикалық тұжырым бола отырып, жеке ақиқатқа сəйкес келетін жалпы 
ұғымдардың интеллектуальді интуициясынан туындайды дей келе, 
нтуицияда ой қозғалысы жоқ, оған алғашқы, тікілей нақты жалпы қағидалар 
беріледі; дедукцияда ой қозғалысының процесі жүзеге асады. Интуициядан 
берілгендердің мазмұнын ашу дедукцияға жүктеледі деп пайымдайды.
Декарт білімдердің ақиқаттығына күдіктеніп, танымның басты екі 
мақсатын көрсетті: 1) қағидалардың, метафизиканың шығу көзін табу; 2) 
фантастикалық елестерден қашу, жалған ұғымдардан құтылу, схоластикадан 
арылу. Ғылым жолын осылай тазалау керек деп ой түйді. 
Идеялар адамдарға туа бітеді, ол идеяларға сезімдік тəжірибенің еш 
қатысы жоқ. Таным əдісінде материалдық нəрселерді қажетсінбейді, тек ақыл 
шешуші болып келеді, ал ойлау материядан тəуелсіз, ұғым интеллектуалды 
интуицияның жемісі деген тұжырымдарын ережелер түрінде былайша 
ұсынады: «І. Ереже: Ғылыммен айналасатындарының мақсатында мынандай 
ақыл бағыттары болу керек; кез келген кездескен заттар жөнінде шын ақиқат, 
мықты пікірлер алып шығу керек; ІІ Ереже. Мынандай заттармен ғана 
айналысуы керек: біздің ақылымыз сенімді, күдіксіз танымдарды бере алатын 
қабілетке ие болатындармен ғана; IV Ереже. Əдіс – ақиқатты іздеу үшін 
қажетті; VI Ереже. Барлық заттарды да, оларды басқалардан бөлінген зат 
ретінде, бірақ салыстыру керек, біреуі арқылы біреуін тану үшін, абсолютті 


немесе салыстырмалы деуге болады; VII Ереже. Білім үшін бəрі керек: біздің 
мəселемізге қатысты, жүйелі, үздіксіз ой қозғалысы жəне жеткілікті, əдісті
дедукция; IX Ереже. Өткір ақылымызды мəнсіз, қарапайым заттарға, ондағы 
ақиқатқа есепті, тиянақты, анық көз жеткізбейінше, ұзақ уақыт 
бағыттауымыз керек... Ақыл интуициясын қалай пайдалану қажет, көру 
бойынша: бір уақытта көп объектілерді көргенде, интуиция оларды жеке 
анық тани алмайды, ол ойдың бір актісімен көңіл аударғанда көп объектіге, 
бұлыңғыр ақыл болар еді. Ал шебер жеке заттардың өте ұсақ бөлшектерін, 
олардың айырмашылықтарын бірден тани алады... Х Ереже. Ақыл зерделі 
болу үшін, оны заттарды зерттеуге, шынықтыруға бағыттау қажет, бəрін де 
əдістер арқылы игеру керек, тіпті ең елеусіздерін де» т.б.
Қозғалыстың бəріне тек механикалық сипат беруші ретінде тірі 
организмдердің өмірлік əрекеттерін механикалық машина қозғалысына 
теңеді. Басқа организмдерде туа біткен идеялар болмайды. Қозғалысты, 
əлемді құдай жаратқан, бірақ заттарды, құбылыстарды өзіндік даму үстінде 
қарастыру керек дей отыра, əлемнің жаратылуы теориясында алғашқы үш 
элементті ажыратты: от тəрізді (Күн, жұлдыз); су сияқты (аспан); жер тəрізді 
(жер, басқа планеталар т.б.)
Жаңа замандағы көрнекті ойшылдардың бірі – ЛейбницГотфрид 
Вильгельм (1646-1716 жж.) неміс философы, математик, физик, тарихшы, 
заңгер, тілші. Негізгі философиялық шығармалары: «Метафизика туралы 
ойтолғамдар» (1685), «Табиғаттың жаңа жүйесі» (1695), «Теодицея» (1710), 
«Монадология» т.б. Лейбниц рационалдылыққа бағдарланған 17 ғасырдағы 
философияны аяқтаушы ретінде бағаланып, айрықша, синтетикалық 
философияны ұсынады. Математика саласында – дифференциалды есептеуді; 
физика саласында – энергияның сақталу заңын ашып, геологиялық, 
биологиялық, тарихи зерттеулер жүргізді. Метафизиканың теология мен 
математикаға 
қарағанда 
дербестігін 
тұжырымдап, 
философтардың 
тұжырымдарынан «негізделгендік» пен «ғылымилықты» талап етеді. Оның 
негізгі бағыттары: механикалық материализм, рационалистік əдіс, құдай мен 
субстанция туралы ілімге келіп тоғысады. Лейбницте материя субстанция 
емес, ол қарпайым жəне ұзаққа созылып жатыр, субстания – бөлінбейтін, 
руханилық жəне бүкіл əлемді құрайтын, шексіз, ұмтылушылыққа ие болатын, 
бірақ бір-бірімен əрекеттеспейтін, алдын-ала жарасымдылыққа негізделген
«монадолар» болып табылады. Ал білімнің айқындығы, қайшылықсыздығы 
ақиқаттың шынайы өлшемі, бұны тексеру үшін логиканың заңдары 
жеткілікті жəне айғақтың ақиқатын тексеру үшін «жеткілікті негіздеме» заңы 
болуы керектігін ұсынды да, логиканы дамыта отырып, матемематикалық 


логиканың қалыптауына ықпал етті. Сөйтіп, ойлауды формальдандыратын 
əмбебап тіл жасауды қолдады.
Жаратылыстанудың философиялық мəселелері өзекті бола бастағаннан 
кейін мынадай екі сəтте бастан өткерді: 16-17 ғасырлардағы жаратылстану 
ғылымдарыың пайда бола бастауы мен 19 ғасырдың екінші жартысындағы 
ғылыми төңкеріс кезінде. Себебеі, ол өзінің өркендеу сəтінде философия мен 
діни канондардан ажырау керек болатын жəне өзінің ерекшелігін негіздеуге 
тиіс еді. Əлемді тану көне философтардың немесе діни мəтіндердің үлгілері 
бойынша емес, байқау, тəжірибе, эксперимент пен математикаға сүйенуі 
қажет болды. Табиғатты мəтіндермен емес, басқа да тəсілдермен игеру 
қажеттігі түйсінілді. Алғашқылардың бірі болып, табиғаттыф математикасыз 
түсіну мүмкін емес екендігін Галиллей ұсынған болатын. 
Жаратылыстанудың теология мен философиядан айырмашылығы: 
-
Эмпирикалық негізделу, теориялар мен ұғымдарды тəжірибелік түрде 
тексеру, олардыв айғақтармен терістеу немесе бекіту;
-
Практикалық пайдалылыққа бағдарланып, оқиғалардың жүру бағытын 
болжау, адамның қажеттіліктерін қанағаттадыру мақсатында табиғи 
құбылыстарды меңгеру ;
-
Обьективтілікке сүйену, таным субьектісінен обьектіні ажырату, адам 
санасынан тыс заттардың шынайы қатынасын ашу; 
-
Телеологиялық қатынастардан гөрі каузальдік байланыстарды ашу;
-
Ғылыми білімнің сынауға ашық болуы т.б. 
17-19 ғасырларда ғылымилықтың өлшемі физика болған болатын, 19 
ғасырлардан бастап, əлеуметік-гуманитарлық танымға (рух жөніндегі ғылым) 
аяқ басты. 
Неміс философы В. Дильтей табиғат жөніндегі ғылым мен рух 
жөніндегі ғылымның айырмашылығы оның зерттейтін пəніне байланысты 
дейді: Рух жөніндегі ғылым механикадағы сияқты оның элементтерін талдау 
жолымен білуге болмайтын өмір түсінігі жатыр. Сондықтан рух жөніндегі 
ғылымда оның тұтастығын танитын интуиция басты тəсіл болып табылады. 
Ал табиғат жөніндегі ғылымда жалпыдағы жекені көрсету болып табылатын 
түсіндіру жатыр. 
Баден мектебінің өкілдері Вильгельм Виндельбанд пен Генрих Риккерт 
жаратылыстану ғылмдары мен гуманиатарлық ғылымдар арасындағы 
айырмашылық зерттеу пəндерінде емес, олардың тəсілдерінде деп түсіндірді.
Жаратылыстану жеке құбылыстарды түсіндіру үшін жалпы ұғымдар мен 
заңдарды бекітуге ұмтылады. Бұндай əдістерді номотетикалық деп атады, 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет