бейберекетсіздік пен абсолютті болмауды, белсенділік пен бейтараптылықты,
əлемнің материалы мен қатысушы жақты т.б. білдіретін көпмəнді
Бейболмыстық-болмыстық сипатты маңызды жақ ретінде тұжырымдалады.
Оның ең айқын процесс ретіндегі көрінісі – космогенездегі «хаостан
болмысқа ұмтылу тенденциясының» моделіндегі алғашқылық. Дегенмен,
мифохаостың бұл қызметі де хронологиялық əрбір дəуір мен əрбір халықтық
дүниетанымның архаикалық ойлау стильдерінің спецификасына байланысты
құрылады.
Яғни, мифохаостың бұндай прологикалық-мистикалық сюжеттерінен
теориялық
тұжырымдама
туындамағанмен,
əдіснамалық
жобалар
туатындығы сөзсіз. Сондықтан мифтегі хаостың жалпы концептуалдық
деңгейіндегі Бейболмыстық сипаттың көрінісіне тоқталар болсақ:
-
Ең түпкі
бастаудың бастауы түрінде болмыссыздыққа алып келетін
Хаосты түрлендірудің фантасмагориясын байыптауымызға болады;
-
Хаос – таза Бейболмыстық емес, Бейболмыстың əлденелік, яғни,
қазіргі ғылыми жаратылыстану түсініктері бойынша жүйесіздік
қызметін атқарады;
-
Хаос таза абсолютті бостық түрін иелену үшін – айқынсыздық,
белгісіздік, анықталмайтындық, жаратушылық, бастапқылық т.б.
қасиеттерді жамай отыра, материалдық та, рухани да болмыс болып
табылматын сакральдылық пен ұлылықты құрайды;
-
Космогенездің асқақтығы мен трансцендентальдылығын ұлғайту
үшін қажетті субьект, əрі тылсымдық парадигмасын орнату үшін
қажетті жақ, түпкі болмыстың туындауының субстраты болмыс пен
əлдене болмас үшін қажетті мəн, құдайлар мен құдай типтес
жаратушылар үшін қажетті «материал»;
-
Бейболмыстың космогезенездегі ең алғашқы туындаған моделі,
Достарыңызбен бөлісу: