9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы



бет9/12
Дата19.04.2023
өлшемі68,38 Kb.
#84477
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кирик Новгорец. Ертеде славян халқының күнтізбесі болған. Ол туралы біз аз білеміз. Қазіргі заманғы жыл санауды 1700 ж 1-қаңтардан бастап Петр Великий енгізді, ал ескі юлиандық стильді жаңа григорландықпен 1918 жылдың 14-ақпанынан бастап енгізді. Барлық ауысып отыратын мерекелер пасханың келуімен байланысты.
Пасханың болу күнін есептеу айтарлықтай қиын математикалық есепті береді. Пасха ескі ережелер бойынша көктемгі толық айдан кейінгі бірінші жексенбіде тойлану керек, және 18 сәуірден кеш болмауы керек.
Математикалық көзқараспен қарағанда пасханың күнін есептеу сызықтың шексіз теңдеулерді бүтін сандармен шешу арқылы жүзеге асырылады.
Хронология және күнтізбе сұрақтарына Кириктің “Учение им же ведати человеку числа всех лет”, басқаша айтқанда “Наставление как человеку познать счисление лет” шығармаларына арналған. Кирик орыстың бірінші математигі.
Бізде Кирик туралы мағұлматтар өте аз. Ол 1110 жылы туған, ал 1136 жылы ол өзінің “Учениесін” жазғанда Новгородтық Антоньев шіркеуінде диакон болған. Кирик сондай-ақ алғашқы Новгородтық жыл санауды құрастыруға қатысқан.
Кириктің жыл санауындағы шығармалы 27 пунктен тұрады. Басында жылы берілген, онда “дүниенің пайда болуынан бастап” 6644 жыл деп жазылған. Осыдан кейін, ол моменттен осы кезге дейін 79728 ай немесе 346673 апта, бұл жерде жылында 52 апта және бір бүтін төрттен бір күн, екі 2426721 күн немесе 29120652 күндер сондай-ақ түнгі сағаттар бар екені шығады. 29 миллионды Кирик 290 несведе деп атаған.
6644 жылы пасха 22- наурызға дәл келді, демек мүмкіндігінше өте ерте болды. Кирик бұл өте сирек болады және 248 жылда бір қайталанады дейді.


Әдебиеттер: [8-10]; [18,20,23]; [26-31]; [32-34]; [35-37].
14 лекция тақырыбы. Қазақстандағы математика
15-ғасырдың 2-жартысынан бастап Орта Азия мен Қазақстанда бірсыпыра себептердің салдарынан мәдениет пен ғылымның, дамуы мейлінше төмендеп, ғылыми зерттеулер тоқтап қалды. Рухани мектептер мен медреселерде практикалық арифметика және геометрия бойынша ғана қарапайым мұғалімдер берілді. Математика қазақ жерінде тек Қазан төңкерісінен кейін жаңа қарқынмен дами бастады. 20-ғасырдың 20-30-жылдарында жаңа типтегі жалпы білім беретін мектептерде математика арнайы оқытылды.
Бірнеше жоғары оқу орындарында [ҚазПИ (қазіргі ҚазҰПУ), ҚазМУ (қазіргі ҚазҰУ), ҚазПТИ (қазіргі ҚазҰТУ)] 20-ғасырдың 30 –40 жылдары алғашқы қазақ математиктері кандидаттық диссертациялар қорғады. Мысалы: И.Ақбергенов, Б.М.Оразбаев, О.А.Жәутіков, т.б. ғылыми кадрлар дайындауда 1945 жылдан КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің математика және миханика секторы (1965 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының математика және миханика институты) маңызды рөл атқарды. Математика саласында басты бағыт дифференциалдық теңдеулер мен орнықтылық теориясы болды.
Көрнекті Ресей математигі және механигі А.М. Ляпунов (1857- 1918) жасаған орнықтылық теориясы Қазақстан математиктерінің зерттеу пәніне айналды. Бұған 1940 жылдардан бастап көрнекті математик К.П. Персидский басшылық етті. Ол Ляпуновтың тура әдісі бойынша бірсыпыра теорияларды дәлелдеді (мысалы орнықтылық туралы Ляпуновтың 1-теоремасын айналдыру). Ә.Беделбаев реттеу теориясының есептері үшін орнықтылық облысы шекарасындағы сызықтық емес реттелетін жүйелердің тәртібі туралы мәселені зерттеді. Ляпуновтың тура әдісіне байланысты жетістіктер бойынша Н.Г. Четаевтың теоремысын жалпылау жөніндегі Жәутіковтің жұмыстарын атауға болады. Кризистік жағдайлар жөнінде М.Ятаев маңызды жетістіктерге жетті. Орнықтылық теориясы саласанда Б.Майғарин, Х.Ибрашев, С.Горшин, Т.Досымов, Р.Багаутдинов, Я.Гольцер, С.Молдабаев, И.Байсақалов, т.б. еңбектерін атауға болады.
Математика саласында Қазақстанда тағы бір кең тараған бағыт – дифференциялдық теңдеулердің шектік жүйесі зерттеушілер Персидский, Жәутіков, В.Х. Харасахал, т.б. Қазақстанда диференциалдық теңдеулердің периодты және периодты дерлік шешімдерінің теориясы дамытылды. (Харасахал және Д. Үмбетжанов) бас туындысы кіші параметрлі болып келген диференциалдық теңдеулер саласында (Қ. Қасымов), сфералық гармоника теориясы және оны тасымалдау мен сәуле шығару есептерін шешуге қолдануда (Ө. Сұлтанғазин) елеулі нәтежелерге қол жеткізді. Қазақстан математиктерінің үлкен бір тобы дербес туындылы теңдеулер мен математикалық физиканың әр түрлі есептерін белсенді түрде зерттеді (Е. Ким, М. Өтелбаев, Т. Қалменов, С. Харин, т.б.). Дербес туындылы теңдеулер үшін шекаралық есептерді зерттеу әдістері функционалдық анализбен тығыз байланыста дамытылды (Т. Аманов, Қ. Наурызбаев, Р. Ойнаров, Н. Темірғалиев, т.б.). Функционалдық анализ саласы (Н. Білиев) және оның әдістерін қолдану мәселесі зерттелді (Т. Нұрекенов). Бектаев Қ. математикалық лингвистика саласында бірсыпыра күрделі жұмыстар жүргізіп келеді. Математиканың тарихын Ф. Крамер, А. Көбесов т.б. зерттеді. Көбесов еңбектерінде әл-Фарабидің математиканы және математикалық жаратылыстануды дамытудағы рөлін анықталды. Математиканы оқыту әдісін зерттеуде, математикалық методикасы бойынша мамандар даярлауда, жоғары оқу орындары және орта мектептерге арналған қазақ тіліндегі оқулықтарды және оқу құралдарын шығаруда М. Исқақов, Ш. Омашев, М. Өмірбаев, Ш. Еркеғұлов, С. Аяпбергенов, М. Сәтбаев, Б. Жаңбырбаев, Х. Ибрашев, А. Закарин т.б. үлкен еңбек сіңірді. Қазақстанда математика ғылымы еліміздің әр түрлі ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста дамып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет