9 лекция тақырыбы. Аналитикалық геометрияның пайда болуы және дамуы


Машина жасау және механика институты



бет11/12
Дата19.04.2023
өлшемі68,38 Kb.
#84477
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Машина жасау және механика институты. Институт 1991 жылы құрылған. Институт құрамында екі ғылыми- зерттеушілік бөлімі: механиктер(Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының академигі Ж.С.Ержанов басқарады) және машина жасау (Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының корр-мүшесі Ж.Ж. Байгунчеков басқарады). Институтта Қазақстан Респуликасының Ұлттық Академиясының академигі Ж.С.Ержанов пен У.А.Джолдасбеков тұжырымдалған және жоғары класстар монепуляциялық құраушылармен өте үлкен көлемді ғылыми жетістіктерге, жер және теория механизм механикада белсенді жұмыс атқарды, олар біздің елде ғана емес, шет елдерде де танымал.
Әл-Фараби атындағы КазНУ жанындағы механика және математика ғылыми- зерттеу институты. КазНУ жанындағы Әл-Фараби атындағы НИИ.ММ универсеттік ғылымға және білімге ғылыми-зерттеулерге көмектесу мақсатында 1994жылы қарашада механика- математика факультетінің базасында құрылды. Оқытушылар: ҚР.ҰА академигі Лукьянов, ҚР.ҰА корр-мүшесі Ш.А. Ершин, К.А. Касымов, Н.К. Блиев, Г.У. Уалиев, А.А .Женсыкбаев, М.О. Өтелбаев, ҚР біліміне еңбек сіңірген С.А. Айсагалиев, ҚР ұлттық сиылықтың лауреаты Б.Т. Жумагулов, ҚР.ИА академигі Ш.С. Смагулов(1999-2000жылы НИИ.ММ директоры), ҚР.ИА корр-мүшесі Н.Т. Данаев (НИИ.ММ директоры).
НИИ.ММ құрылымы 4 бөлімнен тұрады: 1) математика (5 лаборатория), 2)Информациялық технология және есептеу математикасы (4 лаборатория), 3) Теңдеулер теориясы және тиімділік әдісі (2 лаборатория), 4) Механика (2 лаборатория) және информациялық технология және дизайн студенттер лабораториясы.
Әдебиеттер: [5]; [16]; [26-31];[32-34]; [35-37].
15 лекция тақырыбы. Сабақтағы және сыныптан тыс сабақтардағы математика тарихы (Историзм принципі туралы. Математика оқыту процесінде историзм элементтерін қолдану).
Мектеп оқытушысының ғылымдар тарихын білуі
Ғылымдар тарихы үлкен тәрбиелік әсерге ие. Бұл тұжырым тәрбиенің барлық түрлеріне қатысты: еңбекті қажет етуге үйрету, берілген жұмысқа жауапты қарау, жоғары ұмтылыстарды дамыту, ғылыми қызығушылықты дамыту, яғни, тек білімге ие болып қана қоймай, оларды көбейту, арттыру.
Ірі оқымыстылардың өмірбаяндарымен, олардың жұмыстарының әдіс-тәсілдерімен таныстыру оқушылардың мінез-құлықтарының, олардың идеаларының қалыптасуына және үлкен ұмтылыстарының қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға математика тарихын үйрету үшін өздерінің барлық білімдерін тереңірек және толығырақ қолдануы қажет.
Ғылымдар тарихы жалпы тарихтың маңызды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік процестерге физикалық, биологиялық, геологиялық, химиялық ғылымдардағы ашылулар үлкен әсерін тигізетіндігі белгілі. Сонымен бірге, әлемнің сандық танымы, соның ішінде математиканың дамуы қоғам өмірінде ең айқын түрде көрінетіндігі айтылады. Мысалы, XVIII ғасырдағы математикалық талдаудың құрылуы және соған байланысты математиканың дамуы өз кезегінде, қоғамдық қатынастарға біршама өзгерістер енгізген бүкіл жаратылыстанудың және техниканың дамуына әкелді. Электронды есептеуіш машиналарын шығару, программалаудың пайда болуы біздің кезімізде, технологиялық процесстерді басқаруда, банк жұмыстарын ұйымдастыруда, медицинада нағыз революцияның стимулы болды. Атап айтқанда, қазіргі заманғы ЭЕМ қоғам өмірінің барлық жақтарын дамытуға әсер тигізді.
Келесі бір аспект, жалғыз аспект деуге болады – математика тарихын үйрену ойлаудың дамуына әсер етеді. Жаратылысты зерттеуші, математик және тарихшы Г.В. Лейбниц, ғалымдар тарихы ашулардың мәдениетіне үйретеді дегенді айтады.
Барлық өркениеттердің заманындағы адамдарға: «Ойлау қалай дамыды? Адамзат жаңа танымдарға қалай жетті? Қазіргі заманғы адамның шығармашылық мүмкіндіктерінен қалай өзгешеленеді?» деген сұрақтарды қою және оларды шешу аса қажет. Соңғы сұраққа осы уақытқа дейін (бұл сұрақ айқын және қызықты болса да) ғалымдар тарихында ешкім назар аудармаған болатын.
Алайда, қазір бұл сұрақтарды қою және шешу (қолға) мүлде дерлік қолға алынбаған. Мойындауға тура келетін бір жай, қазір біздің елімізде ғылымдар тарихы саласындағы білім беру деңгейі шашыраңқы. Бұрынғы Кеңес одағының үлкен білім беру кеңістігінде бірде-бір математика тарихы мен әдістемесі кафедрасы жоқ. Ал қазіргі кездің өзіне тек кейбір университеттер мен педагогикалық институттарда тарихтан жүйелі курстар оқытылады. Математика және механика тарихынан мамандар мүлдем жоқ. Тіпті еліміздің ескі университеттерінде математика тарихын оқыту сәйкес дайындығы жоқ адамдарға тапсырылған. Оқытушылар қолына алып, өзіндік зерттеулер жасап, оның жалпы проблемалармен қызықтыратындай жұмыстар жазбағандықтан бұл курс жастардың назарын аудара алмайды. Жақсы жері, жылдан жылға тарихи анекдоттар хабарланып, кейбір белгілі оқымыстылардың өмірбаяндар секілді мәліметтер беріліп отырады. Ал, тарих курсы математика тарихының жалпы тарихпен байланысы және оның әлеуметтік дамуының ерекшеліктерінен басқа фактілерді көп қажет етпейді.
Математика тарихының проблемаларының жүйемі айналысатын адамдардың ұйымын, тіпті жеке энтузиаст-оқымыстыларды қосып санағанда бір қолдың саусақтары жеткілікті. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінде математика және механика тарихы кабинетінде біріккен ғалымдар тарихшыларының ұйымы бар. (МГУ-ң негізін қалаушы ұлы Ломоносов ғалымдар тарихы және жалпы тарихқа үлкен көңіл бөлген). Ғалымдар тарихшылары журналдық және монографиялық әдебиеттермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген. Шет елдерге шығарылған математика тарихы туралы жаңа кітаптарды табу мүмкін емес. Тіпті еліміздің кітапханаларында XV-XVIII ғғ. ескі монографиялар жоқ. Бұлар тіпті ең керемет кітап қорлары В.И. Ленин атындағы, М.Е. Салтыков-Шедрин атындағы және Ғалымдар Академиясы кітапханаларында да жоқ. Сол сияқты шет елдермен айырбас жүргізетін кітапханалар қорларында да кездеспейді.
Қазір тіпті Мәскеу университетінде «10-15 жылдан кейін кім математика тарихы курсын оқытатын болады?» деген сұрақтар қоюда. Математиканың маман тарихшылары жылдан жылға қартайып келеді, ал олардың ізін басушылар мүлдем дерлік жоқ. Сондайда, математика тарихшымен математиканың толық оқып үйрене алмаған және жалпы мәдениетті қажет деңгейге жетпеген адамдар айналысатын сияқты. Бірақ, мұндай жағдайда да ғылымдар тарихышысына да жоғары, арнайы талаптар қойылады: математиканың өзін жақсы білу, мұрағаттарда жұмыс істей білу, шет (француз, ағылшын, латын, араб, грек) тілдерін білу, жалпы тарихпен терең таныс болу, оның ішінде мәдениет тарихымен таныс болу, зерттеу жұмыстарына қабілеті болуы.
Бізге дарынды математиктерді ғылымдар тарихының мәселеріне қызықтыру олардың алдынан қызықты ашылулар жасаудың әдістерін ойлап табу керек. Қабілетті жастарға математика тарихы бойынша аспирантураға түсуге мүмкіндік жасау қажет. Айта кететін бір жай, АҚШ, Австралия және т.б. елдерде біздің еліміздің математика тарихының қызығушылығы өте үлкен. Соңында, математика тарихының айналысқа және әлі де айналысып жүрген көптеген қазіргі заманғы математиктер: А.Н. Колмогоров, Ван Дер Варден, Ж. Дьедонне және т.б. екенін ұмытпағанымыз жөн. Н.Бурбаки Атынан жұмыс істеген бір топ француз математиктері математика тарихы бойынша үлкен еңбек ашты, яғни олар математиканың дамуына әсер ететін күшті түсіндіруге тырысты. Ж. Дьедонне – Бурбаки тобының мүшелерінің бірі – қазіргі заманғы математиканың дамуына арналған монография шығады. Қазіргі заманғы алгебра мен математикалық статистикадағы еңбектерімен танымал Ван дер Варден ежелгі заманғы математика тарихы облысында көптеген жұмыстар жүргізді және осы тақырыпта бірқатар кітаптар жазды. Осылардың барлығының мағынасы бір ғана: математика тарихына қызығушылық математиканың өзінің прогресіне тікелей байланысты.
Аспирантура арқылы математика тарихшыларын дайындау жолы ортақтандырылған. Бірақ, өкінішке орай, мұндай жол жоғарғы оқу орындарын оқушыларға сұраныстарын жылдам қанағаттандыра алмайды, екінші бір жол, яғни мәселені одан қарағанда тезірек шешетін жол, жоғарғы білімді оқушылардың квалификациясын жоғарылату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет