91. Геккельдің биогенетикалық заңы. Ұрық жапырақшалары. Эктодерма. Мезодерма. Эндодерма



бет20/74
Дата22.06.2023
өлшемі218,5 Kb.
#102968
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74
Прокариоттар геномы — ішек бактериясында-Е.соІі, жақсы зерттелген. Бактерия хромосомасы 3,2х106 н.ж. тұратын сақиналы ұзын ДНҚ. Бактерия гендері сызықты орналасқан. ДНҚ репликациясы ТЕТА репликация типімен оrі - нүктесінен
басталады. Хромосома-инициация сайтымен бірге өздігінен репликацияланатын молекула-репликон болып табылады. Бактерия геномында 2500-дей гендер болады.
Гендер белсенділігі (экпрессиясы) оперон типі сияқты реттелінеді, себебі бактериялар гендерді оперондық құрылымға ие. Ішек бактериясында (Е.соІі) бактерия
хромосомасының репликонынан басқа да репликондар кездеседі, мысалы эписомалар және плазмидалар. Плазмида — бактерия хромосомасынан тәуелсіз
репликацияланатын сақиналы хромосомалық элемент, оның өлшемі шамамен бактерия хромосомасының 10-20 %-дай, 13 гені болады. Ең негізгі плазмидаларға бактериялардың антибиотиктер әсеріне төзімділігін қалыптастыратын төзімділікті тудырушы факторлар жатады, олар 10-15 көшірме күйінде кездеседі
Эукариоттар геномы— көлемі және құрылысы жағынан күрделі
болады, олар; нуклеотидтер—кодондар—гендер мен ген аралық
учаскелер—күрделі гендер—хромосома иіндері—хромосомалар—
гаплоидты хромосома саны сияқты бірте-бірте күрделенетін
құрылымдардан тұрады. Эукариоттар геномының көлемі өте үлкен
болады, себебі олардың нуклеотидтер бірізділігі (ДНҚ молекуласы)
тек қана қайталанбайтын учаскелер емес, сол сияқты орташа
қайталанатын және өте жиі қайталанатын учаскелерден тұрады.
Сол сияқты, геномның өте үлкен болуын гендердің экзон-интрондық
құрылысымен де түсіндіруге болады.
Эукариоттар геномы ядролық және ядродан тыс орналасқан ДНҚ
молекулаларынан тұрады. Соңғысына цитоплазманың сақиналы
ДНҚ-сы: плазмидалар, эписомалар, митохондрия және пластидтер
ДНҚ-сы жатады. Ядролық ДНҚ хромосомасынан тыс орналасқан
гендер жиынтығын плазмондар деп атайды, олар цитоплазмалық
тұқым қуалаушылықты анықтайды. Ядролық ДНҚ-массасының бәрі
дерлік хромосомаларға таралған. Хромосомалар құрылысы
күрделі.
Эукариоттар геномына қозғалғыш генетикалық элементтер —
транспозондарда тән, олар гендер белсенділігін реттеуге
қатынасады, яғни бұрын пассив күйде болып келген гендерді
активтендіреді немесе керісінше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет