110
алдына келесі проблеманы қойып, бақылаған құбылысты
түсіндіруді сұрайды. Мырыш пластинасына түсетін жарықтың
ағынын
арттырып, мұғалім бақыланып отырған құбылыстың
жарықтың интинсивтілігіне тәуелсіздігін көрсетеді. Зертеудің
үшінші кезеңінде оқушылар өздері білетін жарықтың толқындық
теориясына сүйеніп, бақылаған құбылысты түсіндіре алмайтын-
дығына көздері жетеді. Сөйтіп проблемалық жағдаят пайда
болады. Яғни, бақылаған құбылыстың нәтижесінде алынған жаңа
білім мен бұрынғы білімнің арасында қарама-қайшылық пайда
болады. Пайда болған жағдаятты қолданып, мұғалім фотоэффект
құбылысы мен оның заңдарын береді.
Сонымен оқытудың
эвристикалық әдісін қолданып, мұғалім жаңа оқу материалын
түсіндіріп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларды ізденуге
мәжбір етіп, олардың шығармашылық қабілеттерін қалыптас-
тырып, дамытуға әсер етеді.
Сонымен эвристикалық әдістің белгілері:
- оқушыларға білім «дайын» күйінде
берілмейді, олар оны
дербес табу керек.
- мұғалім оқушыларды әртүрлі құралдармен жаңа білімді
іздеуге, меңгеруге жұмылдырады.
- оқушылар мұғалімнің басқаруымен дербес ойлайды, пайда
болатын танымдық міндеттерді шешеді,
проблемалық жағдаят-
тарды құрады және шешеді, талдайды, салыстырады, жалпы-
лайды, қорытындылайды. Нәтижесінде оларда саналы берік білім
қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: