A. Б. Абдуллина мифтік фольклор оқу құралы Ақтөбе, 2014 Пікір жазғандар



бет1/45
Дата12.10.2022
өлшемі1,03 Mb.
#42556
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
A. Б. Абдуллина мифтік фольклор о у ралы А т бе, 2014 Пікір жа



A.Б. АБДУЛЛИНА


МИФТІК ФОЛЬКЛОР


Оқу құралы


Ақтөбе, 2014
Пікір жазғандар:


А.Ш. Пангереев,
филология ғылымдарының докторы, профессор
А.Т. Ақжолова,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Абдуллина А.Б. Мифтік фольклор. Оқу құралы. – Ақтөбе: Принт-А баспасы, 2014. – 193 бет
Бұл оқу құралында фольклордан туындаған қазақтың дүниетанымдық жүйесінде, халықтың ең алғашқы ойлау жүйесінің фольклорда, оның негізгі салаларында көрініс табуына бағытталған мифтік фольклор аясында образдар жүйесі, халықтық таным, мифологияның жіктелуі, мифтердің классификациясы, мифтік сюжеттер мен мотивтер секілді түсініктер қарастырылады.
Оқу құралы фольклортану, мифтік фольклор курстарынан дәріс жүргізетін оқытушыларға, гуманитарлық мамандықтар бойынша білім алып жатқан магистранттарға, студенттерге арналады.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Гуманитарлық зерттеулер институтының ғылыми-әдістемелік Кеңесінде бекітіліп, баспаға ұсынылған.




АЛҒЫСӨЗ

«Мифтік фольклор» пәні – фольклордан туындаған қазақтың дүниетанымдық жүйесіне, халықтың ең алғашқы ойлау жүйесінің фольклорда, оның негізгі салаларында көрініс табуына бағытталған. Ғылыми айналымға енді түсіп келе жатқанымен, бұл ғылым саласы тек фольклормен ғана байланысты емес, гносеология, этнография, ұлтық болмыс секілді ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Мифтік фольклордың басты нысаны фольклор болғандықтан, мифтік таным тұрмыс-салт жырлары, ертегі, аңыз, хикаят, әпсана-хикаят, эпос секілді жанрлардың аясында қарастырылады. Мифтік сана халықтық дәстүр, салтта ғана емес, сонымен бірге, дін, тіл, танымның тілдік модельге айналған түрі – символда да кездеседі. Мифтік фольклор саласының аясында образдар жүйесі, халықтық таным, мифологияның жіктелуі, мифтердің классификациясы, мифтік сюжеттер мен мотивтер секілді түсініктер қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет