We locked the door to keep thieves out, орыс тілінде бұл сөйлемнің
аудармасы қызық болып көрінеді: чтобы воры не проникли в дом.
Ағылшын адамы қандай да бір істің өзі үшін мүмкін емес екендігін келесі
түрде жеткізеді: I am the last man to do it. Орыс тілінде қандай да бір істі жасай
алатын, қандай да бір адамды ақырғы адам деп айтуға мүмкін емес. Осы
сөйлемді басқаша аударуымыз керек. мысалы: Уж я, во всяком случае, этого
не сделаю.
Аударма эквивалентті болу үшін, біз арнайы айтылу жағдайларына
сүйенеміз (тілек білдіргенде, көңіл айтқанда, әр түрлі тілдік формулаларында)
Мысалы:
1) Телефон шалғанда, біреуді шақыру өтінішіне орыстар: Кто его
спрашивает? - дейді, ал ағылшындар: Who shall I say is calling? дейді
2) Есік қалай ашылатындығын ағылшындар Pull немесе Push сөздерімен
белгілейді, ал орысша осы сөздер келесі түрде белгіленеді
3) Қазақша: «Жаңа ғана боялған жерді» орыстар:- «Только что
окрашенное место» дейді ал ағылшынша осы сөйлем Wet paint. – болады.
Кейбір кездерде, аудармада арнайы ауыстырылымдар арқылы негізгі
мәтіннің ойын сақтап, жүзеге асады. Мысалы, американ авторлардың
кітаптарынан алынған сөйлемдердің ауыстырылымдар көмегімен аудармаға
ұшырды:
Stop, I have а gun! (R. Bradbury). - Стой, я буду стрелять.
Reduction on taking а quantity. (J. Galsworthy). - Оптовым покупателям
скидка.
Peter's face muscles tightened. (A. Honey). - Питер стиснул зубы.
He left the ship on Tuesday. (J.K. Jerome). - Он сошел на берег во вторник.
Аударманың дұрыстығы қандай да бір елдің мәдениетін білуіне де
байланысты. Мысалы: баспен шайқау әр елде бір мағынаны білдірмеді. Кейбір
елдерде бұл қимыл дұрыс екенін білдірсе, басқа халықтарда осы қимыл қате
екенін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |