А. Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айырықша тиянақталған тұжырымды "Әдебиет танытқыш" еңбегі туралы Издание



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі316,81 Kb.
#121564
1   2   3   4
«
Әдебиет
 
танытқыш»
 
атты еңбегінде 
 
шешендік
 
сөздердің
 
қыры
 
мен
 
сыры
 
туралы
: «
Шешен сөз қара сөз шығармалардан бөлек сөз 
емес, онда да пайымдама болады. Шешендік пайымдаманың бөлектеу жері 
мынау ғана. Пайымдамада шешен негізгі пікірін баяндап, түрлі дәлелдермен 
түсіндіріп қана қоймайды, ол тыңдаушыны пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, 
балқыту, иман келтіргізу секілді әрекетке бастайды. Шешен сөзде 
айтушының мақсаты – ойды баяндап,сипаттап анық түсіндіру. Оны істеу 
үшін шешендер жай пайымдаушыларға
 
айтқан сөзі
ақылға қону жағымен 
қатар оның жанына, қанына әсер ететіндей болуы керек, сөз арбау секілді 
адамның ойын да, бойын да балқытып ерекше әсер етуі керек
.
Сондықтан 
шешен сөздің «Қыздырма», яғни «Қоздырма» деген айрықша бөлімі болады
.
Оның қызметі адамның жүрегін билеп

жүйесін босату, қанан қыздыру, 
намысын келтіру, арқасын қоздыру.
Шешен сөздің бұл бөлімі пікірді 
дәлелдеп, сипаттап, мән істеп болғаннан кейін келеді

Өйткені пікірді 
баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы қанағаттанғаннан кейін 
жүрек жағына әсер етіп,бойын балқыту жеңіл болады.
Осы айтылған мақсаттарға қарай шешен сөздің тілі уытты, лепті, 
әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,еріеті алып кететін 
күшті, көрікті, сәнді, мәнді тіл болады. Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: а) 
бастамасы, ә) ұсынбасы, б) мазмұндамасы, в) қыздырмасы, г) қорытпасы 
(2.405.). 
Бұл пікірден шешендік сөз қалай болса солай айтылмайтын, белгілі бір
әлеуметтік, философиялық, логикалық, психологиялық заңдылықтарға 
бағынып айтылатын сөз екенін көреміз

Жалпы осы кезге дейін шешендік сөздерді жанр жағынан жіктегенде негізгі 
ауызға алынатыны шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Бұл бір 
қарағанда дұрыс болғанымен жанрдың ішкі қыр-сырын толық ашып бере 
алмайды. Сондықтан да шешендік сөздерді бірнеше түрге бөле отырып, 
оның әрқайсысын бірнеше салаға жіктеуде А. Байтұрсыновтың салып кеткен 
жолын басшылыққа ала отырып бүгің шешендік сөздерді: 1. Шешендік 
арнаулар
:
а) бата ә) әзіл-оспақ б) сыни сөз в) естірту г) көңіл айту д) жұбату 
ж) сәлем сөз 2.Шешендік толғаулар: а) нақылдар ә) мақал-мәтелдер б) 
жұмбақтар в) мысалдар г) жауаптасу ғ) қанатты сөздер 3.Шешендік даулар: 


а) ер құны дауы ә) жер дауы б) жесір дауы в) мал дауы г) ар-намыс дауы ғ) 
халықтың намыс дауы 4. Шешендік суырып салмалық: а) айтыс ә) суырып 
салмалық б) бірқақпайлар в)аңыз бен қалжың-оспақ. [5.67]

деп ғалымдар 


тұжырым жасаса ол да А. Байтұрсыновтың терең ойы, тапқыр пікірлерімен 
ұштасып жатыр. 
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық 
істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін 
айтқанадамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ” газетіне (1923 
жыл, 30қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала 
жазып, онда былай дейді: "А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. 
Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты 
атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын 
жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқығанмырзалар шен іздеп жүргенде 
қорлыққа шыдап, құлдық қакөніп, ұйқыбасқан қалың қазақтың ұлт намысын 
жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді -, деп 
жазуы А. Байтұрсыновқа өз кезінде берілген үлкен баға. 
Шешендік сөздер ертегі, аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, 
сұрыпталып, бөлініп шығып әдеби тіліміздің қалыптасуына жағдай
туғызды. 
Шешендік сөздер әдеби тілдің сөздік қоры екенін А. Байтұрсынов өз 
кезеңінде – ақ анық айтты. Оның нақты мысалы ғалым айтып отырған 
шешендік сөздердің сөздік құрам, сөйлем құрылысы жағынан қазіргі әдеби 
тіл нормаларынан ешқандай алшақтығы жоқ екенін көреміз
.
Демек шешендік 
сөздер басқа жанрлар секілді әдеби тілдің ұйытқысы болған. Шешендік 
сөздің сөйлеу құрылысын, сөйлеу ережесін бойға сіңіру әдеби тілімізді 
байытады, ой- өрісімізді кеңейтеді 
А. Байтұрсыновтың әдебиет теориясына 
байланысты ойларын алға апарушы академик З. Қабдолов өзінің «Әдебиет 
теориясы негіздері»
еңбегінде ғалым ойларын тереңдете былай дейді:
«Әдеби тіл – жай тіл емес, көркем тіл, демек сұлу сөз. Ал осы 
көркем,сөз 
сұлулығы дегенді қалай түсіну керек? 
» (
1
.220), - äåï æàç
ғ
àí åäi.
Бұл
А. Байтұрсынов сынды ғұлама ғалымның қазақ шешндік өнеріне тектен тек 
қызыға қарамағандығын, шешендік сөздің артында халық байлығы, халық 
тілі,мәдениеті, пәлсафасы бар екенін көрсетеді
Әдебиеттер: 
1. Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы,
Мектеп, 1970 ж. - 379 бет. 
2. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, Жазушы, 1991 ж. - 372 бет. 
3. Қазақтың би-шешендері. Жазушы, 2001 ж. - 572 бет. 
4. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. Алматы, Рауан,
1990 ж. - 240 бет. 
5.
Шешендік сөздер . Алматы, Қазақ университеті
,
2003 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет