А. Х. Темірбеков атындағы «Педагогика және психология» кафедрасы


-тақырып. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары



бет16/25
Дата23.05.2023
өлшемі68,73 Kb.
#96278
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
10-тақырып. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары.
Оқу жұмысын ұйымдастыру формалары туралы ұғым. Оқу жұмысын ұйымдастыру формасының тарихи даму кезеңдері. Я.А.Коменскийдің сыныптық-сабақ жүйесінің маңыздылығы. К.Д.Ушинскийдің сыныптық-сабақ жайлы, Р.Г.Лембергтің дидактикалық мұраларындағы сабақ мазмұны мен құрылымы, психологиясы жөніндегі мәселелер және М.И.Махмтовтың қазіргі сабақ туралы көзқарастары.
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қазіргі формалары, оларға сипаттама: сыныптық-сабақ, қосымша сабақ, үй жұмысы, саяхат, практикум, семинарлар мен сынақ жұмыстары және факультативтер.
Сыныптық-сабақ жүйесі - қазіргі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабақтың түрлері. Сабақтың дидактикалық міндеттері, құрылымы. Сабақта оқушылардың танымдық әрекетін белсендірудің психологиялық негіздері. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына сабақтың типі мен құрылымының тәуелділігі. Сабақта оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудағы дербес, топтық, фронтальды (ұжымдық) формалары. Ұжымдық танымдық іс-әрекет теориясы. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабақта оқушылардың белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуін жетілдіру. Ынтымақтастық қарым-қатынас күйін тудыру.
Оқыту жұмысын жетілдіруде дәстүрлі және бейдәстүр сабақтардың үйлесімділігі. Оқушылардың таным әрекетінде олардың шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыру.
Мұғалімнің сабаққа әзірленуі. Тақырыптық және жеке сабақ бойынша жоспар жасау, сабақты талдауы. Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары. Сабақтың бейдәстүр түрлері, олардың ерекшелігі мен сабақ нәтижесін арттыруда маңыздылығы.
Негізгі ұғымдар: оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, сыныптық-сабақ жүйесі, сабақтың типтері, құрылымы, технологиясы, сабақ жоспары, сабаққа қойылатын дидактикалық талап, қазіргі сабақ, бейдәстүр сабақ, танымдық әрекет, оқу әрекетін ұйымдастыру формасы, өз бетінше жұмыс істеу, ынтымақтастық қарым-қатынас, сабақтың жаңашылдары.
Семинар сабағының жоспары.
1.Оқыту жұмысын ұйымдастыру туралы ұғым. Оқыту әдістерімен олардың арақатынасы.
2.Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы, оған қойылатын дидактикалық тапсырмалар.
3.Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа да формалары, оларға сипаттама.
4.Сабақтың түрлері, дидактикалық міндеттері және құрылымы.
5.Сабақта оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудағы ұжымдық, жеке және топтық формалары.
6.Сабақта оқушылардың үй тапсырмасын ұйымдастырудың маңыздылығы және оның тәсілдері.
7.Мұғалімнің сабаққа дайындалуы, сабақтар жүйесін жоспарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет