Кіріспе
17
ғамдық-саяси өмірдегі рөлі олардың әлеуметтік, қоғамдық, саяси
қызметтері туралы тұжырымдарды аталған кезендегі қазақ-орыс
қатынастары, Қазақтанның Ресейге қосылуы мен отарлау саяса-
тына қарсы ұлт-азаттық күрестер, қазақ қоғамының әлеуметтік-
экономикалық дамуы туралы жазылған еңбектерден кездестіруге
болады. Осы жылдары тек жекелеген ғылыми мақала көлемінде
жазылған М. Бижановтың XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы
әлеуметтік категориялардың орыс зерттеушілерінің еңбектерінде
зерттелуін талдаған еңбегі де маңызды болып табылады. Бұл ең-
бегінде зерттеуші батыр элеуметтік категория емес, ол ең алдымен
құрметті атақ деген тұжырымын ұсынады48 Көріп отырғанымыз-
дай, кеңестік зерттеушілер батырларды жеке әлеуметтік институт
ретінде ғана емес, тіпті жеке әлеуметтік категория ретінде де қарас-
тырмаған. Мұндай жағдайдың басты себебін анықтау үшін кеңес-
тік тарихнамада қалыптасқан әлеуметтік ұйымның жұмыс істеуін
жэне оның көшпелі ортадағы билігін танудағы көзқарастар мен
әдістемелердің тарихнамасын талдаудың да маңызы зор. Бұл жер-
де көшпелілер қоғамының мэселелеріне қатысты көзқарастардың
эволюциясына назар аудару орынды болады. Себебі, тарих ғылы-
мында соңғы кезеңдерге дейін көшпелі қоғамның саяси-элеуметтік
ұйымдасуындағы батырлардың жеке әлеуметтік институт ретінде
қарастырылмауының себептерін талдауға мүмкіндік береді.
Көшпелілердің элеуметтік құрылымы жайлы пікірталастар-
да өз заманының белгісі бар. Орыс авторларының төңкеріске де-
йінгі көшпелілер жайлы еңбектері мал өсіруші халық өмірінің
эр түрлі қырларын эмпирикалық тұрғыдан баяндауға арналған.
Олардың қоғамдық құрылымының мэселесі үстірт қаралып, «ру-
тайпалық» немесе «рулық» деп тайпалық қоғамдық ұйымдасуы
аталды. Дегенмен «рулық» деген атауға көп жағдайға көшпенді-
лердің жалпы қоғамдық құрылымы ие болған. Осы мәселелерді
орыс этнографы Н.А. Аристов біршама толық түйіндеді49 Ғы-
Достарыңызбен бөлісу: