2.1. Қазак коғамының саяси жэне элеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
91
«Өңкей батыр жиыл деп,
Хан Абылай шақырды,
Бөліске олжа түссін деп,
Хан Абылай бұйырды...»267
Сонымен бірге қазақ батырлары түскен олжаны халыққа үлес-
тіріп берген. Оны біз «Қарадөң батыр» жырындағы мына жолдар-
дан анық байқаймыз:
«Қалмақтан көп мал алып
Еліне сонда келеді,
Үлестіріп батырың
Бэрін де елге береді.
Жарлысын байға теңеді»268,
ал «Ер Бегіс» жырында:
«Алыспай-ақ Сүйеніш,
Аты мен сауытын
Олжа қылып алыпты269
- деп соғыс кезінде жэне жорықтан кейін олжа ретінде қару-жа-
рақ пен малды тарату жайын баяндайды. Келесі быр жыр үзінді-
сінде қолға түскен тұтқындарды бөлу барысы сипатталады:
«Еліне жетіп келгесін
Ата-ананың жұртына
Қызылбас ұлдары бөлінді
Көп олжа болып көрінді»270.
Қазақ халқының батырлар дәстүрінде соғыстан кейін олжа
бөлісу барысында жорыққа қатысқан адам өзіне тиесілі үлесін
қолбасшыға немесе жасы үлкенге «тарту» ретінде ұсына алған.
Мысалы, Олжабай Нұралыүлының «Сабалақ» тарихи поэмасын-
да былай жырланады:
Достарыңызбен бөлісу: