А. И. Исаева Қазақ халқындағЫ


 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - М.: Изд-во АН



Pdf көрінісі
бет86/219
Дата18.11.2023
өлшемі7,97 Mb.
#124470
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   219
264 Иванов М.С. Племена Фарса. Кашкайские, хамсе, кухгилуйе, мамсани. - М.: Изд-во АН
СССР, 1 9 6 1 .- С . 195.


90
2-ТАРАУ. XVIII - XIX ғасырдың алғашқы жартысындагы казак коғамында ...
лік дәстүрдің бір жұрнағы ретінде қазақ қоғамындағы әлеумет- 
тік-экономикалық қарым-қатынастардың құрамдас бір бөлшегі 
болып табылады.
Олжаның мэн-мазмұны тарихи-әдеби шығармаларда кеңінен 
ашылған. Мэселен, соғыстан түскен олжа туралы Ақтамберді 
жыраудың төмендегі жыр жолдары айқын мәлімет береді:
«Майданда дабыл қақтырып,
Ерлердің жолын аштырып,
Атасы басқа қалмақты,
Жұртынан шауып бастырып,
Түйедегі паршасын,
Әлпештеген ханшасын,
Ат артына мінгізіп,
Тегін бір олжа алар ма екенбіз»265.
Бұл жерде жырау эрі қолбасшы Ақтамбердінің қалмақтар та- 
рапынан көрсетілген зорлық-зомбылыққа ашуы шегіне жетіп, 
қазақ батырларының бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару 
арқылы жауға тойтарыс беріп, олжаға жету күнін аңсағандығы 
көрініп тұр. Бір жағынан Ақтамберді жыраудың «олжасын» ка­
зак халқының еркіндегі ұғымымен де сабақтастыра қарастыруға 
болатындай.
Келесі жыр жолдарының да мазмұны қарастырылып отырған 
мәселемен сабақтасып жатыр:
«Мен Қоянақ баласы...
Барымтада олжа алған,
Кезегін жауға өткізген,
Торғауыт бузып жол салған 
Қарт Қожақ дейтін батырмын»266
Ал Бұқар жыраудың толғауында Абылай ханның батырларды 
жиып соғыстан түскен олжаны бөліске салғаны берілген:
265 Алдаспан. - Алматы: 
Жазушы, 1971. 
112 6.
266 Ер Тарғын: Батырлык эпос / Қара сөзбен жырлаған М. Мағауин. - Алматы: Жа пшы
1 9 8 5 . - 18 6.


2.1. Қазак коғамының саяси жэне элеуметтік жүйесіндегі батыршылық ...
91
«Өңкей батыр жиыл деп,
Хан Абылай шақырды,
Бөліске олжа түссін деп,
Хан Абылай бұйырды...»267
Сонымен бірге қазақ батырлары түскен олжаны халыққа үлес- 
тіріп берген. Оны біз «Қарадөң батыр» жырындағы мына жолдар- 
дан анық байқаймыз:
«Қалмақтан көп мал алып 
Еліне сонда келеді,
Үлестіріп батырың 
Бэрін де елге береді.
Жарлысын байға теңеді»268,
ал «Ер Бегіс» жырында:
«Алыспай-ақ Сүйеніш,
Аты мен сауытын 
Олжа қылып алыпты269
- деп соғыс кезінде жэне жорықтан кейін олжа ретінде қару-жа- 
рақ пен малды тарату жайын баяндайды. Келесі быр жыр үзінді- 
сінде қолға түскен тұтқындарды бөлу барысы сипатталады:
«Еліне жетіп келгесін 
Ата-ананың жұртына 
Қызылбас ұлдары бөлінді 
Көп олжа болып көрінді»270.
Қазақ халқының батырлар дәстүрінде соғыстан кейін олжа 
бөлісу барысында жорыққа қатысқан адам өзіне тиесілі үлесін 
қолбасшыға немесе жасы үлкенге «тарту» ретінде ұсына алған. 
Мысалы, Олжабай Нұралыүлының «Сабалақ» тарихи поэмасын- 
да былай жырланады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет