56
Шөгінді жыныстардың дислокациясы
Алғашқы көлденең жатқан жыныстардың кез келген бұзушылығы
дислокация деп аталады. Дислокация
пликативті мен
дизъюнктивті
түрлерге бөлінеді.
Пликативті
дислокация
(қатпарлы
бұзылыс).
Қабаттардың
тұтастығын бұзбай өтетің дислокациялар. Осылардың ішінде келесі
құрылымдарды ажыратады: моноклинальдар, флексулар, қатпарлар.
Моноклинальдар бір бағытта еңістелген түрінде тау жыныстардың қабаттары.
12 сурет. Қатпарлардың түрлері: а) антиклинді б) синклинді
Флексура – жатқан қабаттардың баспалдақ тəрізді иілімдер.
Қатпар –
тұтастылығы бұзылуысыз тау жыныстардың қабаттарының толқын тəрізді
иілуі. Қатпар екі түрге бөлінеді – антиклинді жəне синклинді (12 сурет).
Антиклинді қатпарлар деп дөңес қатпарларды айтады, олардың ядросында
көне тау жыныстар орналасқан, ал қанаттарында жас тау жыныстар.
Синклинді қатпарлар деп ойысты қатпарларды айтады, олардың ядросында
жас тау жыныстар орналасады, ал қанаттарында көне тау жыныстар
орналасады.
Қатпардың құрылысында келесі элементтерді ажыратады: қанаттары,
топсасы (шаринир), құлпы, бұрышы, осьтік жазықтығы, осьі, ядросы.
Қатпарлар енімен, амплитудасымен жəне ұзындығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: