55
Жер сілкінісі
Жер сілкінісі – Жердің беткейі бойынша таралған толқынды
тербелістер. Көбінесе олар жер қыртысындағы плиталардың қозғалуымен
байланысты. Жер сілкінуді бағалау үшін арнайы кестемен қолданады, олар I
ден XII баллға дейін бөлінеді.
Метаморфизм
Тау жыныстардың өзгеруіне əкелетін жер қойнауында өтетін барлық
үрдістердің жиынтығы
метаморфизм деп аталады. Метаморфизмнің басты
факторлары келесі: жоғары температура, қысым, ерітінділердің химиялық
белсенділігі мен құрамы. Температура +200°С дейін көтерілген кезде жəне
жоғарыда жатқан жыныстардың салмағымен шақырылған литостатикалық
қысыммен жан-жақты əсер еткен кезде тау жыныстарда метаморфты
өзгерулер басталады.
Метаморфизмнің түрлері:
Аумақтық метаморфизм – ең көп таралған түрі, жүздік, мыңдық километр
алаңдарды қамтиды.
Контактілі метаморфизм – интрузивті массивтерде дамиды, жыныстардың
əр қабаттарына енеді.
Динамометаморфизм – ірі бұзылымдармен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: