Бақылау сұрақтар:
1. Тектоникалық қозғалыстардың негізгі түрлерін атаныз.
2.Жыныстардың қандай дислокациялары болады?
3. Қатпардың қандай негізгі түрлерін білесіз?
4. Қандай үзілмелі бұзылыстардың түрлерін білесіз?
5. Шөгінді жыныстардың қандай дислокацияларын білесіз?
59
1.9. Геологиялық зерттеулердің түрлері мен əдістері
Көпшілік геологиялық зерттеулердің түрлердің ішінде, ең маңызды
зерттеулердің əдісі геологиялық түсірілім. Геологиялық зерттеулер жер
беткейінің карталарын құрастыруы бойынша жұмыстардың кешені.
Гелогиялық карталар топографиялық немесе географиялық негіздерінде
құрастырылады. Тау жыныстардың құрамын, жасын, жатыс элементтерін,
тектоникалық бұзылыстарды шартты белгілер
арқылы
көрсетеді.
Геологиялық түсірілімді жүргізуі үшін екі тəсіл бар: жер үстіндегі жəне
ауадан, осы кезде əртүрлі техникалық құралдарды қолданады.
Геофизикалық əдістер тау жыныстардың физикалық қасиеттерін
зерттеуінде қарастырылады. Гравибарлау – жер бетіндегі тартылыс күштерін
зерттеуге негізделген, тау жыныстардың əртүрлі тығыздығына баланысты
аномалиялары болып келеді. Мұнайды, газды, тұзды, көмірді, темірді, мыс
никельді жəне хром кендерін іздегенде қолданады.
Электробарлау – жыныстардың электр өткішгіштілік қасиеттері
арқылы жүргізіледі. Қолданылған электр қырманына (ток) байланысты
электробарлаудың келесі түрлерін ажыратады: тұрақты қырман əдісі (табиғи
даланы электр зондылау), қырманның төмен мен жоғары жиілік əдісі,
индикациялау əдісі, толқынды əдіс.
Магнитобарлау – тау жыныстар мен минералдардың магниттілік
қабылдау дəрежесін зерттеуіне негізделген. Бағыт жолдар бойынша магнитті
барлаудың нəтижелері қисықтар немесе изосызықтар түрінде көрсетіледі
жəне векторлардың түрлерінде де көрсетілуі мүмкін. Осы жұмыстар арқылы
магниттелген денелердің, ірі бұзылымдардың жату тереңдігі мен орналасуын,
өлшемдері мен пішіндерін анықтауға болады. Темірлі, марганецті, алтынды,
көмілген тұз күмбездерін іздеген кезде қолданады.
Сейсмобарлау – геологиялық шекаралар бойынша шағылысқан
сейсмикалық толқындарды тіркеуінде негізделген, осы шекаралар əртүрлі
серпімді қасиеттеріне ие тау жыныстардың беткелері болып келеді.
Жыныстардың тығыздығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жылдамдық
тез өтеді. Сейсмобарлау арқылы геологиялық денелердің пішіндері мен жату
тереңдігін анықтауға болады.
Радиометрия – жыныстрадың жəне минералдардың радиобелсенділік
өлшеуге негізделген.
Геохимиялық əдістер – газдарды, суларды, өсімдіктерді, борпылдақ
түзілімдерді, түпкі тау жыныстарды сынамалау арқылы геохимиялық
аномалияларды анықтауға негізделген. Геохимиялық əдісті химиялық
элементтердің шоғырлануы бойынша мəліметтерді алуда қолданады жəне
олардың миграциясын, пайда болу жолын анықтауға негізделген.
Ғарыштық əдістер ғарыштан Жердің беткейін фотосуретке түсіруде
қолданылады. Қосымша құралдармен əртүрлі сəулеленулерді тіркеу
жүргізіледі
(жылулық,
инфрақызыл,
аса
жоғары
жиілікті
радиосəулелендіруді жəне т.б). қара-ақ немесе түсті суреттерді оқу керек,
яғни бажайлау қажет. Ғарыштық əдістің бірнеше артықшылықтары бар:
60
жоғары нақтылық, уақытты, қаражаттарды, техника мен ресурстарды
үнемдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |