А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы



бет91/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
Губернатор. Хош болыңыз. (Атаман кетеді. Губернатор адъютантына.) Ханды шақырып келші, қанша адаммен келемін десе өзі білсін. (Адъютант кетеді.) Сырым би, әрине, дұрыс айтады. Хандық – ел басқарудың дүние жүзіндегі ең артта қалған, кертартпа түрі. Әсіресе, дала хандығы! Қаласыз жерде мектеп қайдан салынсын. Мектеп түгілі мешіті жоқ қой! Ұлы фадишамыз мешіт-медресе салдыруға жиырма мың сом бергелі бес жыл өтті. Мектепсіз мәдениет қайдан болсын! Өзгені былай қойғанда, осы Сырым би сияқты асқан дарынды адамдар сол қараңғы күйінде өледі де кетеді ғой. Кейінгі ұрпаққа бір ойы да жетпей ұмытылуы мүмкін. Мысалы, халық кеңесі жайындағы ойлары. Бұл қазір озық елдерде ояна бастаған республика идеясының өз топырағында туып келе жатқан далаңқы түрі емес пе? Бұған сол далаңқы елді билеп отырған, сол елдің болашағына да жауапты саналатын ханы не айтар екен? (Қасында туыстары, сұлтандары, уәзір Мұса хан келеді. Губернатор тұра келіп қолдасып амандасады.) (202 б.) («Болашаққа аманат»)
Мұнда да автордың қазақ даласындағы хандық басқару жүйесіне қарсылығы, Сырым арқылы бүкіл қазақ ардақтыларының оқу-тоқусыз өмірден өтетіндігіне деген ащы өкініші кейіпкер тіліне сыналай енгізілгендігі байқалады. Кейіпкердің хандық – ел басқарудың дүние жүзіндегі ең артта қалған, кертартпа түрі ғой деген пікірінен эрудициясысы да анық байқалып тұр.
Қос үнді сөз образ жасаудың да бір ұтымды тәсілі болып табылады. Шығарманың құндылығы, жазушының идеясы образ арқылы ашылады. Осы орайда, қос үнді сөз кейде күлкінің амалы ретінде, кейіпкерге ерекше әсер еткен жағдайларды, құбылыстарды айрықша көрсету үшін, образдың ішкі бейнесін беруде жеңіл юмор, зәрсіз күлкі, нәзік қалжың ретінде де кездесіп отырады.
М. Әуезов жазу мәнері, образ ойнату шеберлігі ерекше суреткер. Көркем образ жасаудағы қос үнді сөз психологиялық тәсіл қызметін де көрсетеді.
Суреткер «Амангелді» пьесасында байдың қойшысы болып, кейін взвод командирі болған Мұңайтпас бейнесі арқылы жаңалыққа ұмтылғыш, аққөңіл, оған қоса өте намысқой, ұлттық санасы оянып келе жатқан жаңа ауыл қазағының типтік бейнесін жасайды. Көз алдыңызға ауыл қазағаның бейкүнә келбеті елестейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет