А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


VIII-ТАРАУ. СЕЛЕКЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет104/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159
VIII-ТАРАУСЕЛЕКЦИЯНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Селекцияның теориялық негізі болып генетика ілімі саналады. Дегенмен 
де селекцияның өсімдіктер және жануарлар дүниесінде өзінің зерттеу 
әдістемелері бар. Селекцияның әдістемлерін пайдаланып микроағзалардың, 
өсімдіктердің және жануарлардың жаңа белuілері мен қасиеттерін
тұқымдықтарын және сорттарын шығаруға болады. Қазіргі кезде 
ауылшаруашылығында және микробиологиялық өндірістерде қолданылатын 
ағзаларды, түрлерді будандастырулар мен сұрыптаулар арқылы алынған. 
Келешекте олардың тұқымдықтары мен сорттарын жақсарту, тек қана 
селекциялық әдістемлермен жүргізілуі мүмкін. 
8.1 Селекцияның әдістемелері 
Жұмыстың мақсаты: селекция негізгі бөлімдерін тұсіну және оны 
практикалық жағдайларда қолдана білу. 
«Селекция» деген сөздің өзін қазақ тіліне аударғанда сұрыптау деген 
мағына береді. Бірақ оның мәні тек сұрыптаумен шектелмейді. Селекцияның
міндеті - жануарлардың мол өнімді тұқымдарын, өсімдіктердің сондай 
сорттарын, микроорганиздердің штаммдарын шығару және үй жануарлары мен 
екпе өсімдіктер эволюциясының зандылықтарын зерттеу. 
Н. И. Вавиловтың айтуынша селекция мынандай негізгі бөлімдерден 
тұрады: 
1. Селекциялық 
жұмыстың 
объектілері 
болып 
есептелетін 
өсімдіктердің, 
жануарлардың 
және 
микроорганизмдердің 
тұқымдық, 
сорттық, түрлік құрамын зерттеу
2. Гибридизация және мутациялық процесс жағдайында пайда болатын 
тұқым қуалайтын өзгергіштіктің заңдылықтарына талдау жасау; 
3. Өсімдіктер мен жануарлардың және микроорганизмдердің белгілері мен 
қасиеттерінің дамуындағы сыртқы ортаның ролін зерттеу; 
4. Организмнің бойындағы пайдалы белгілер мен қасиеттердің бекіп 
дамуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін құру. 
Кәзіргі кезде селекцияцияның мынадай будандастыру түрлері бар: 
1. Таза тұқымдықтарды өзара будандастыру арқылы тұқымдықтың 
белгілері мен қасиеттерін жақсарту. Бұл әдістемде жоғары өнімділікті 
дараларды таңдап алған соң, олардың ұрпақтарын көбейтеді. Бастама аталықты 
және аналықты таңдайды, оларды өзара шағылыстырады. Оның мынадай
будандастырулары бар: инбридингтің түрлері (жақын, алшақ), линия 
аралықтық және т.с.с. шағылыстыруларды жүргізеді. 


154 
2. Әр түрлі тұқымдықтарды будандастыру арқылы, ұрпақтарын сұрыптай 
отырып жаңа тұқымдықты шығару. Мысалы, тауықтың жұмыртқалаушы, еттер 
беруші және ет- жұмыртқалаушы тұқымдықтары. 
3. Түр аралық будандастыру арқылы табиғатта кездеспейтін жаңа түрді 
шығару. Мысалы, Қазақстандағы арқарды меринос қоймен буданадстырудың 
нәтижесінде арқарамеринос қойының тұқымын шығару.
62 сурет. Селекцияның кейбір әдістемелерін пайдаланып шығарылған түрлер 
Жекелеген қасиеттер мен белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын ескере 
отырып, селекционер өзінің қалауы бойынша будандастыру арқылы оларды 
келесі ұрпақтарда бір-біріне сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай 
дәнінің сапасын оның сабанына, жүгері сабағының ұзындығын собығының 
мөлшеріне т.б. белгілеріне сәйкестендіруге болады. Құндыз, түлкі сияқты 
бағалы аң терілері түстерінің тұқым қуалайтындығы жақсы зерттелген. Кейбір 
гендерді комбинациялау арқылы бірнеше түрлі-түсті терілер алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет