А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет112/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159
Есеп 9.4. 
ДНҚ молекуласының бір тізбегіндегі нуклеотидтік кезектестіктері 
былайша келген: 
5

Ц-А-Ц-Г-Т-Ц-Ц-Т-А-А-Ц-Ц-Т-Т-Т-Т-Г-А-Ц-Г-А-А-Ц-А-Ц-
Г-А-Т-Г-А-Т-Г-А-А-Ц-Т- … 
3
,

1. 
ДНҚ молекуласының комплементарлы тізбегін құрастырыңдар. 
Тізбектегінің қаншасы адениндік нуклеотидтер болады?
2. 
ДНҚ молекуласына байланысты а-РНҚ тізбегін құрастырыңдар.
Тізбектегінің қаншасы урацилдік нуклеотидтер болады?
3. 
Полипептид тізбегін салыңдар. Тізбекте қанша триптофан 
молекуласы болады?
4. 
Полипептидтік тізбекті құрастыруға қатысатын барлық т-РНК 
жазыңдар. Қанша типті т-РНҚ-лар осы процеске қатысады?
5. 
Ақуыздың құрамында қанша амин қышқылдары бар?
Есеп 9.5. 
ДНҚ молекуласының бір тізбегіндегі нуклеотидтік кезектестіктері 
былайша келген:
5

Т-А-Ц-Ц-Т-А-А-А-А-Г-Ц-А-Ц-Т-Т-А-Ц-А-Ц-Т-Т-Т-Т-Т-
Т-А-А-А-Ц-А-Т-А-Г-А-Ц-А-А-Т-Т- … 
3
,

1.ДНҚ молекуласының комплементарлы тізбегін құрастырыңдар. 
Тізбектегінің қаншасы тиминдік нуклеотидтер болады?
2. ДНҚ молекуласына байланысты а-РНҚ тізбегін құрастырыңдар.
Тізбектегінің қаншасы цитозиндік нуклеотидтер болады?
3. а-РНҚ тізбегіне байланысты полипептидтік тізбекті құрастырыңдар.
Осы тізбектең қаншасы цистеин амин қышқылы? 
9.4. Генді бөліп алу 
Жұмыстың мақсаты: Генді бөліп алудағы көп пайдаланылатын 
рестрикциялық ферментативтік әдісті игеру. 
Генді бөліп алу - өте күрделі жұмыстардың бірі. Ең көп қолданылатын 
әдіс ДНҚ молекуласынан рестрикциялық ферменттердің көмегімен кесіп алу. 
Рестрикциялық эндонуклеаза ферменттерінің екі ерекшелігінің маңыздылығы 
өте жоғары. Біріншісі - әрбір фермент өзіне тән қысқа нуклеотид тізбегін ДНҚ 


168 
молекуласынан таба алады, екіншісі - бактериялар түрлерінде әртүрлі 
рестрикциялық эндонуклеазалар кездеседі, олардың әрқайсысы өз нуклеотид 
кезектестіктерін танып, сол жерден кесуге қабілеттіктері болады. Қазіргі кездегі 
анықталынған, бірнеше мыңдаған рестриктазалар топтарын 3 типке бөледі: І;
ІІ; ІІІ. 
Генді бөліп алуда - рестриктазалардың ІІ типі молынан пайдаланылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет