А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы


Уақытша қолданылатын «қысымдалынған»



Pdf көрінісі
бет115/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159
2.2.Уақытша қолданылатын «қысымдалынған» 
препараттарды дайындау
 
Жұмыстың мақсаты: Микроскоппен қарап қажетті нысананы көруге 
болатын, тездетіліп жасалатын препарттарды дайындау әдістемесін 
студенттерге игерту. «Қысымдалынған» препараттарды дайындау, микротом 
арқылы кесінділерді жасау және оларды өңдеу сыяқты күрделі жұмыстарды 
талап етпейді. 
Қысымдалынған 
препараттар 
арқылы 
митозды, 
каротиптерді, 
хромосомалық ауытқуларды өсімдіктің өсіндісінен, сабағының құрылысынан 
анықтауға болады.
Қысымдалынған препараттарды дайындау үшін Карнуа фиксаторын 
пайдаланады: сірке спирті (6 бөлік 100% спирт + 3 бөлік хлороформ + 1 бөлік 
мұз сірке қышқылы). Препараттарды бойауға келесілерді қолданады: 
ацетокармин, ацетоарсеин, ацетолакмоид, метилен көкшілін. 
Көбінде препарттарды бойауға ацетокарминді қолданып, оны былайша 
дайындайды: 1г карминді 45 мл
мұзсірке қышқылында және 55 мл 
дистилденген суда ерітеді. Ерітуді мұздатқышы бар су моншасында 30-60 мин 
жүргізеді. Кармин ертіндісі салқындаған соң, оны қақпағы жақсы жабылатын 
шыныда сақтайды. 
Қысымдалынған  препараттарды дайындау кезектестіктері: 
1. Сірке алкогольінде фиксациялау. 
2. 70%-дық спиртте сірке қышқылының иісі толығымен кеткенше жуу.
3. Дайын материалды 70%-дық спиртте сақтау.
4. Материалды сумен жуу.
5. Материалды 3-5 мин бойауға салып, спиртовкамен қайнағанға 
дейін қыздырады. 


174 
6. Боялған объектіні микроскоптың заттық шынысына салып, 45%-дық 
сірке қышқылымен немесе хлоралгидрат ертіндісінің тамшысын құйып, 
жабынды шынымен жауып, артық ертіндіні фильтирлі қағазбен сорып алады. 
Жабылған шыныны жайлап басып қояды.
Дайын материалды парафинмен немесе лакпен жан-жақтарын жауып, ұзақ 
мерзімге сақтауға болатын етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет