А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет62/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   159
 
 
 


90 
Өзіндік шығаруға арналған есептер 
Есеп 3.9.  Дрозофила шыбынының рецессивті гені s, дененің қысқалығын 
шығарады, ол ген Х-хромосомада орналасқан. Доминантты ген S дененің 
қалыпты дамуын бақылайды.  
Гетерозиготалы, денесі қалыпты дамыған ұрғашы дарақ, сондай денесі 
қалыпты дамыған аталықпен будандастырылды. Осыдан 48 шыбындар 
алынды. 
1. 
Ұрғашы дарақ қанша типті гаметалар түзеді?
2. 
Аталық дарақ қанша типті гаметалар түзеді?
3. 
Осы будандастырудан алынған ұрғашылардың қаншасының денесі 
қалыпты дамыған? 
4. 
Қанша шыбындар гомозиготалы? 
5. 
Қанша аталықтардың денесі қысқа?
Есеп 3.10. Екіүйшікті гүлді өсімдік меландриумның жыныспен тіркесе 
тұқым қуалауы дрозофила шыбынындай. Жапырақтың енсіздігін шығарушы
рецессивті ген Х-жыныс хромосомасында орналасқан. Жалпақ жапырақтылық 
доминантты белгі.
Гетерозиготалы жалпақ жапырақты өсімдікт, енсіз жапырақтымен 
будандастырылып, осыдан 220 будан алынды.
1. 
Қанша өсімдіктердің жапырақтары жалпақ?
2. 
Қанша аналық өсідіктердің жапырақтары жалпақ?
3. 
Қанша аталық өсімдіктердің жапырақтары енсіз?
4. 
Қанша аталық өсімдіктердің жапырақтары жалпақ? 
Есеп 3.11. Мысықтардың түсін шығарушы В және b жұп гендері 
жыныспен тіркесе тұқым қуалайды. В гені мысықтың қызғылт түсін, b гені 
қара түсін, ал гетерозиготты Вb ала түсті шығарады. 
Қара аталық мысықты ала түсті аналықпен будандастырды. Барлығы 12 
дана, соның 6 ұрғашылар.
1. 
Алынғандардың қаншасының түстері қызғылт?
2. 
Алынған ұрғашы мысықтардың қаншасының түстері қызғылт?
3. 
Алынғандардың қаншасының түстері ала? 
4. 
Алынғандардың қаншасының түстері қара? 
5. 
Алынған аталықтардың қаншасының түстері қара? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет