хромосомалық және геномдық.
Гендік мутацияның – төрт түрі бар.
- гиперморфты - өзінің бақылауымен синтезделетін заттар мөлшерінің
артуынан ген қызметінің күшеюі;
- гипоморфты
– жабайы типті аллелі арқылы бақыланатын
биохимиялық өнімнің азаюы арқасында ген қызметінің әлсіреуі;
- неоморфты - жабайы типті геннің бақылауымен синтезделетін өнімнің
өзгеше заттардың түзілуінен мутантты аллельдің көрінуі;
- антиморфты - жабайы типті аллельдің қызметіне қарама-қарсы
жұмыстануы.
103
46 сурет. Түрлердегі мутациялардың көрінісі мен айырмашылықтары
ДНҚ құрамынан түсіп қалуына немесе үстеме келіп қосылуына
байланысты болатын мутацияларды нүктелік деп атайды. Оның екі түрі бар.
1.
Транзиция – бір пуриннің екіншісімен немесе бір пиримидиннің
басқа біреуімен ауыстырылуы: А↔ Г, Т↔ Ц
2.
Трансверсия - пуринді пиримидинге немесе керісінше алмастыру
А↔ Т, А↔ Ц, Г↔ Т
Хромсомалық (аберрация) мутация – екі түрі бар: хромосома ішіндік
және аралық.
Хромосома ішіндік (47 сурет):
- дефишенсия- хромосома ұштарының жетіспеушілігі;
- делеция – хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсіп қалуы;
- дупликация – хромосома бөлігінің 180
0
–қа бұрылуы.
Хромосома аралық - хромосоманың бір бөлігінің басқа бір оған
гомологты емес хромосомамен ауысып кетуі (транслокация).
Транспозиция – генетикалық материалдың шағын бір бөлігінде
орналасқан гендер шоғырының өзгерісін айтады.
Геномдық мутация – жасушадағы хромосомалар санының өзгеруіне
байланысты ағза белгілері мен қасиеттерінде пайда болатын өзгерісті айтады.
104
47 сурет. Хромосома ішілік мутацияларының түрлерінің көріністері
48 сурет. Мутацияны тудырушы мутагендердің түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |